Қола дәуірінің негізгі сипаты
10-сынып Қазақстан тарихы
Сабитова А.Б.
Сабақтың мақсаты:
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің жалпы сипаты, шаруашылықтың жаңа түрлерінің игерілуі;
- Қола дәуірінің адамзат өміріне әкелген өзгерістері;
- Оқушының бойында танымдық көзқарасты арттыру, отан тарихын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, презентация Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап пәнаралық байланыс: география
Сабақтың жоспары:
- Қола дәуірі туралы түсінік және оның ерекшелігі
- Андрон және Беғазы –Дәндібай мәдениеттерінің зерттелуі
- Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері
- Шаруашылығы, баспаналары
Тас дәуірін еске түсіру:
- Тас дәуіріндегі еңбек құралдары........жасалды.
- Тас дәуіріндегі адамның жануардан басты ерекшелігі...........жүрді, ............пайдаланды.
- Бас қуысындағы ......... Көлемі үлкен болды.
- Қазіргі адамнан ерекшелігі.........-бейнесінде және ..........
қабілетінде болды.
Алғашқы адам баспанасы...........болды.
Отты пайдаланудың басты жетістігі неде болды?
Қазіргі замандағы тас дәуірінде өмір сүріп жатқан тайпа. Бразилия
1. Қола дәуірі туралы жалпы түсінік
- Металл өңдеуді үйрене бастады;
- Тас дәуірінің заңды жалғасы;
- Адамзат өмір сүру барысында өз тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырды
- Тұрмыста тұңғыш пайдаланған металл-мыс болды.
- Алғашқы мыс құралдар тұтас мыс кесектерінен жасалды: ине, біздер, жебе ұштары
Қола табиғатта таза күйінде аз кездескен: балқыту пештерін пайдаланған
- Мыс кен өндірген жерлер: Қарқаралы, Жезқазған, Ақшатау таулары.
- Кен өндіру қонысы кенге жақын орналасты.
- Қола қазандықтар мен көріктер жиі кедеседі.
- Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И.Сәтбаев кен орындарын зерттеген: Жезқазғанда 1 млн. Тонна кен өндірілген, одан 100 мың тонна мыс қорытылған.
Қола дәуірінің Қазақстандағы уақыт межесі: б.з.б. 2800-б.з.б. 900 жылдар арасы. Нақтырақ айтсақ б.з.б. 2-1 мың жылдықтар аралығы.
Кен өндіру әдісі:
- Кенді опырып алу;
- Балтамен ұсақтау;
- Отқа өртеу;
- Пешке балқыту;
- Қалыпқа ағызу;
- Еңбек құралдарын жасау.
Қола дәуірінің зерттелуі:
Қазақстандағы қола дәуірінін зерттеуші ғалым, тарихшы және археолог Ә.Х.Марғұлан
- Қазба жұмыстарын жүргізу :
қарапайым күрек, қайла және тазалаушы құралдар
Беғазы-Дәндібай зираттары:
Қола дәуірінің жетістіктері:
- Мал бағудың жетілуі: көшпелі шаруашылық
- Қоныстар: Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендері бойында
- Егістіктерде: бидай, арпа, тары өсірген
- Жер тесемен жер өңдеген
- Сүзгіш ыдыстар пайдаланған
- Дән тартатын диірмен, тесе, мыс және қола орақтар табылған
- Саз балшықтан ыдыстар жасаған
Қола дәуіріндегі ыдыстар түрлері:
Баспаналары:
- Жертөле үйлер: сырты балшықпен сыланған:
- Шатырына сырғауыл пайдаланып, үстін шөп төсеп топырақпен жапқан;
- Ошақ орнатқан;
- Жер еденде шұңқырда сүп пен ет өнімдерін сақтаған;
- Қора-қопсылары қатарлана салынған: киіз үйге ұқсас.
Қоныс орындары:
Үйге тапсырма:
- & 5-6 тақырыпты баяндау
- Шығармашылық тапсырма: Кент қола қоныстары туралы материал іздестіру, баяндама жасау