Просмотр содержимого документа
«"Ғылыммен білімнің дамуы"»
«Қайнар-мектеп-гимназия» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
“Ғылым мен білімнің дамуы”
Пән мұғалімі:
Асықата 2016 жыл
Күтілетін нәтиже:
Білім
• Ислам дінінің пайда болуымен ғылым-білімге жол ашылғанын біледі; Шығыстың көрнекті ғалымдары шығармаларын араб тілінде жазғанын түсінеді;
Түсінік
• Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насырдың еңбектерінің түсіндірмесін береді;
Қолданыс
Ғылым мен білімнің дамуына үлес қосқан ғұламаларды танытады;
Анализ
• Әбу-Райхан әл-Бирунидің тарих, математика,география, астрономия, медицина салаларына жазған еңбектеріне жан-жақты талдау жасайды;
Синтез
• Қожа Ахмет Йасауидің даналық кітабы еңбегі адам баласын адал болуға тәрбиелеген тұстарын түсіндіреді; Ахмет Йасауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғанидың халықты имандылыққа шақырғаны туралы ой түйіндейді;
Баға
• Қазақстан жерін мекендеген түрік тілдес халықтар арасында ғылыми, әдеби шығармалар рухани мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан деп бағалайды;
1. Ғылымның дамуы
2. Орта ғасырлардағы ғұламалар
3. Ғұламалардың еңбектері
Тақырып
жоспары:
Жаңа сабақ
Сабақтың типі:
Оқыту әдісі:
Зерттеушілік талдау
Сұрақ жауап
Баяндау
Ізденіс
Ғылымның дамуы
X ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең түрде дами бастайды.Сайрам,Отырар, Түркістан, тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым-білімге кең жол ашылды.Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылады.Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби де шығармаларын араб тілінде жазды.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)
Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған данышпан, ұлы ойшыл энциклопедист ғалым. Отырар қаласында дүниеге келген.Әбу Насыр жастайынан зеректігімен, алғырлығымен көзге түскен. Алғашқы білімді Отырар қаласында алған. Бағдат, Мысыр, Шам қалаларында болып, ғылымен айналысқан.Ол философия, әлемтану, математика, физика, астрономия, ботаника, музыка т.б. ғылымдар саласынан 160-қа жуық трактаттар жазып, өшпес ғылыми мұра қалдырған. Еңбектері: «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Кемеңгерлік меруеті», «Бақытқа жету», «Ақындықтың мәні туралы» т.б. туындылар жазды.
Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050)
Энциклопедист-ғалым.Ол тарих, математика, география астрономия, медицина т.б. ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» еңбектері бар.Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан.Бируни дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галлилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен.