Әбу Насыр Әл-Фараби ( أبو نصر محمد الفارابي арабшасы)Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби(870-950ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.
Еңбектері:
«Алмагеске түсініктеме»,
« Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері»,
«Астрология»,
«Китаб әл мусики әл кабир »
"Медицина каноны"
Абу Рейхан Мухаммед ибн Ахмед аль Бируни (4.10.973), кят, қазіргі Бируни - 13.12.1048, газни (газна), қазіргі Афганистан , орта азиат оқымысты-энциклопедші және ойшыл. тәжірибелік жаратылыстану білімнің негізін қалаушылардың бірі, ғылым мен діннің шекарасын ажыратуды қарастырды.
Ол 1048/50 жылы желтоқсан айының он біріне қараған күні Ғазни қаласында қайтыс болған.
Белгілі еңбектері:
«Үндістан» (1031),
«Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (1048),
«Масғуд каноны» , т.б. еңбектері ағылшын, неміс, орыс, парсы , т.б. тілдеріне аударылған
Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі « Диуану лұғат-ит-түрк » («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулеті нен. Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған.
«Диуани лұғат ат түрки» 1074 жылы жазылған. Бұл түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасы. «Диуани лұғат ат түрки» түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге, ол түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек.
Еңбектері
Махмұд Қащғари тіл білімі мен әдебиетке қатысты көлемді де, күрделі екі ғылыми еңбек жазған. Бірі – «Жавахирун – нахв фи луғотит турк» (Түркі тілдері синтаксисінің қағидалары) деп аталады. Өкінішке орай, М.Қашғаридың бұл еңбегі бізге жетпеген. Кітаптың тағдыры әзірше белгісіз күйінде қалып отыр.
1020 жылы қазіргі Қырғыстан Тоқмақ қаласында дүниеге келген.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді.
Баласағұн шығармасында білім мен ғылымның мәніне де зор көңіл аударылады.
Білік – түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз,Қанша сімір сарқылмайды, білсеңіз!Біліммен ер басын алып жүреді,Ал, білімсіз басын оққа тігеді.Білім алып, биіктей бер адам бол,Ел ішінде мал атанған надан мол
(Баласағұн Ж. Құтты білік)
Ахмед Иүгінеки , Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын , хакім , ойшыл . Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб , парсы тілін меңгерген білімді адам болған.
Белгілі еңбегі “Ақиқат сыйы”. Осы еңбегінен үзіңді:
Айтайын білім жайын, құнты бар бол, Ей, достым, білімдіге ынтазар бол. Ашылар білімменен бақыт жолы, Білім ал жолға түсіп бақыт толы. Білімді – алтын, нұры ашылатын, Білімсіз – қара бақыр шашылатын… Жүрсе де тым шіреніп, Білімсіз жан – тірі өлік.
Ахмет Йасауидің
туған жылы белгісіз, 1166 жылы өлген, XII ғасырдың өкілі. Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап, зерттеушілер оны 1093 жылы дүниеге келген деп жобалайды. Түркістан маңында туып, ер жеткен соң, Түркістан қаласында өзінің шығармашылық , діни қызметін бастаған. Түркістан қаласы VI—XV ғасырларда Йасы деген атпен белгілі болған. Сондықтан да Йасыдан шыққан Қожа Ахмет Йасауи деген қосымша атқа ие болған.
өзінің шынайы тіршілігі арқылы құлшылық ету, қызықшылдыққа, байлыққа құмар болмау сияқты қағидалар тән
оғыз-қыпшақ тілінде жазылған
«Диуани хикмет» — «Даналық кітабы».
Бұл еңбектің бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері, түпнұсқасы сақталмаған
Бұл көшірмелер Алматыда, Стамбұлда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде сақтаулы.
Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келіпті. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Әкім Ата деген атпен белгілі.
Еңбектері:
- Ғалымның «Ақырзаман», «Бибі Мәриям» кітаптары діни мектептерде оқулық ретінде пайдаланылған.
- Ал 74 шумақтан тұратын «Исмайыл» қиссасы Құрбан айт мерекесінің шығу тарихын баяндайды
- «Расул Миғражы» мен «Исмайыл» қиссасы Сүлеймен Бақырғанидікі екендігі көрсетілген
Сабақты бекіту: сәйкестікті тап:
Әбу Насыр Әл-Фараби
«Алмагеске түсініктеме»,
Сүлеймен
«Даналық кітабы».
Ахмет Йасауи
«Үндістан»
«Диуани лұғат ат түрки» Бируни
Үйге тапсырма: 1. Коперникке дейін 600 жыл бұрын жер дөңгелек деген қай ғалым?
2. Ғалымдар мен еңбектерге байланысты сөзжұмбақ құру (10 сұрақтан тұратын)