Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? Ресей отары 10 сынып»
10-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: 18 ғасырдағы Ресейдің Шығыстағы саясаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан мен Ресейдің тарихи байланысы және Қазақстанның Ресейге қосылуы жайында оқушыларға мағлұмат беру, Ресей империясының Қазақ елін отарлау саясаты жайында түсіндіру.
Дамытушылық: Қазақстанның Ресейге қосылуына, Ресей империясының Қазақстанды отарлау саясатына тарихи тұрғыда баға беру және тарихи маңызын, жақсы жағы мен кемшіліктерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: достыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: әңгіме, баяндау.
Пән аралық байланыс: география, орыс тілі
Сабақтық көрнекілігі: Қазақстан және Ресейдің саяси картасы, Абылай, Әбілқайыр хандардың суреті.
Сабақтың барысы:
III. Жаңа сабақ.
Тақырып тақтаға жазылады.
Сабақтың жоспар:
1. Қазақстанның Ресейге қосылу барысы.
2. Әбілкайыр хан.
Сабақты түсіндірмес бұрын оқушыларға мынадай сұрақтар қоямын
а) Қазіргі Қазақстан мен Ресей арасында қандай байланыс бар?
ә) Ресей елі туралы не білесіңдер?
Бұл сұрақтар арқылы оқушыларды жаңа тақырыпка дайындаймын. Аталған екі сұрақка өз ойларын айта алады. Қазақстан мен Ресей арасындағы қазіргі байланыстың түп-тамыры тереңде жатқанын айтып жаңа тақырыпты түсіндіремін.
Төмендегідей сұрақтарға тоқталамын.
1. Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын мойындауының себептері.
2. Ресей бодандығын мойындау барысы.
3. Ресей империясының қазақ жерін біртіндеп отарлай бастауы.
Осы сұрақтар бойынша оқушыларға он минуттай уақыт түсінік беремін.
XVIII ғасырдың басында қазақ елінің жағдайы күрт қиындай түседі. Шығыстағы Жоңғар мемлекеті тарапынан үлкен қауіп төнді. Қазақтың шұрайлы жерін тартып алып, халқын бағынышты етуді көздеген жоңғар қоңтайшылары мен феодалдары қазақ жерін жиі шабуылдап ауыр зардап әкелді.
Осыдан кейін Ресей империясының Қазақ жерін отарлауына жол ашылады. Ең алдымен Ресей өкіметі қазақ жеріне қаптатып әскери бекіністерді тұрғыза бастайды. Мұндай бекіністер Жайық, Ертіс, Есіл езендерінің бойына көптеп салынады.
Осы жерде мысал келтіре кетуге болады.
Бекіністер:Орынбор, Семей1718, Өскемен1720, Кереку, Жәміш,1735 Железин, Бұқтырма, Қызылжар, Орск т.б.
Қазақтар көптеген шұрайлы жерлерінен айырылады. Ертіс, Жайық өзендерінің оң жағалауына қазақтардың мал жаюына тыйым салынады.
Картадан аталған өзендерді, бекіністерді көрсету керек.
Тевкелев елшілігі 1731 ж 5-Қазанда Ырғыз бойындағы Майтөбеге келеді
Ресейдің отарлау шаралары
Тевкелев елшілігінен соң Ресей үкіметі Қазақстанды отарлау шараларын жедел ұйымдастыра бастады .Патша үкіметі Қазақстанды «Орта Азияға шығатын кілт пен қақпа деп санады»
Оқушыларды екі топқа бөліл шағын пікірсакыс өткізу.
«А» тобы — Қазақстанның Ресейге қосылуының жағымды жағын,
«Б» тобы - Қазақстанның Ресейге қосылуының кері әсерін әңгімелейді.
Қорытынды кезең.
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар бар карточқалар таратамын.
Ондағы сұрақтар:
1. Әбілқайыр хан неліктен Ресей бодандығын мойындады?
2. Ресей империясының Қазақстанды өз бодандығына тезірек қабылдауының басты себебі неде?
3. Ресей империясы қазақ жеріне әскери бекіністерді не мақсатта салды?
4. Әбілқайыр ханның қазақ тарихындағы орны қандай? Сұрақтарға жауап алынғаннан кейін тақырыпты қысқаша қорытындылаймын.