Тарих сабақтарында интерактивті және ақпараттық технологияларды қолдану
Тарих сабақтарында интерактивті және ақпараттық технологияларды қолдану
«Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман» – деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.Сондықтан да, заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел меңгеріп,кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында:қазіргі білім берудегі басты мәселе –білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап көрсетіледі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан – жақты ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Ұлы педагог Я.А. Каменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. Оқу процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашу.Сабақ – мұғалім мен оқушылар тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға өз көзқарастарын өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік береді.
Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді.Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны.Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу менбілім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50 – ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялыққоғам құруға кіріскеніне біршама
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тарих сабақтарында интерактивті және ақпараттық технологияларды қолдану»
Қазақстан Республикасы
Оңтүстік Қазақстан облысы
№57 жалпы орта мектеп
Тарих пәні мұғалімі: Садуова А.С.
2016-2017 оқу жылы
ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
«Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман» – деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ.Сондықтан да, заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел меңгеріп,кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында:қазіргі білім берудегі басты мәселе –білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап көрсетіледі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан – жақты ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Ұлы педагог Я.А. Каменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» – деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал шығармашыл мұғалімнің шәкірті де шығармашыл болуы керек. Оқу процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашу.Сабақ – мұғалім мен оқушылар тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға өз көзқарастарын өздері айқындап, белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік береді.
Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді.Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны.Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу менбілім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50 – ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялыққоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары,өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек.Ал азаматтарды оқытып,тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – білім ордалары – мектеп,колледж,ЖОО.Тарих сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет.Оқыту технологияларының құрылымдық элеметтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар,оқушы, оқытушы, нәтиже. Оқыту технологияларына тән белгілер: негізділігі(кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжырымдамасы болуы шарт); жүйелілігі(құрылымдық элементтердің біртұтастығы); басқарылмалығы( оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан – аяқ тексеруге болатындығы); тиімділігі( қысқа мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі). Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өзбетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Менің тарих мұғалімі ретінде алдыма қойған басты мақсатым: мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру,осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Қазіргі кездегі оқытушының басты мақсаты – білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.Тарихты оқыту – өзара байланыста және ұнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі үрдіс.Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Бұл ретте өзім тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын. Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.
Интерактивті әдіс – бұл: Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау
Өздерін – өздеріне бағалату
Іс – әрекет барысында білім алу
Оқушы өз ойын еркін айту үшін мұғалім мына тәсілдерді қолдануы тиімді. Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру; Ешқашан «жауабыңыз дұрыс емес» демеңіз, ондай жағдайда тек топпен «келісесіздер ме?» – деп сұрау керек.Зейінсіз, енжар оқушыны анықтау, олардың бойындағы ашылмай жатқан «ғажайыпты» ашу.
Бұл әдіс оқытушы мен студенттер тобы,шағын топ, жеке студент арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы хабарлама беруші – модератордың қызметін атқарады.Оқытушы студенттерге өз көзқарастарын өздері айқындап белгілі бір қорытындыға келуіне мүмкіндік беруі тиіс.
1.Диагностика сәті. – «Миға шабуыл» – жаңа сабақты өтілген тақырыптармен байланыстыру үшін бірнеше сұрақ беру арқылы оқытушы студенттердің білгендерін ортаға салдыртады.
2. Ізденіс тенденциясы сәті – Мұнда студенттер жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып «миға шабуыл» әдісі арқылы жинақтаған түсініктерін кеңейтіп өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс жасайды.
3. Тұсау кесер – әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып оқытушы әлі де жетіспей жатқан жағдайлардан ақпарат береді.
4. Сабақты қорыту – пікірсайыс, рольдік ойын, сөзжұмбақ шешу әдістеріарқылы бекітіледі.
Бұл әдісте оқытушы 5 – 7 минут уақыт алады, қалған уақыттың бәрінде студенттердің өздері ізденіп танымдарын арттыруға жағдай туады. Бұл әдіс бойынша студенттер өз білімін өздері бағалайды.Жаңа әдіс – тәсілдердің бірі – СТО технологиясы. Бұл технология элементтерін де сабақта жиі қолданып отырамын. Қазақстан тарихынан «Ұлт – азаттық көтерілістері» тақырыбының қорытынды кезеңінде Венн диаграммасын қолдандым.Бұл студенттердің білімін тереңдетіп қана қоймай, материалды жан – жақты меңгеруге, деректермен дәйектерді салыстыру, жүйелеу, талдау дағдыларын дамытуға негіз болды.
ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық ойлау – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген оқытушы өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, комуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған интерактивтік тақтаны пайдалана білетін болуы тиіс.Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады.Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқытушыларға баланы оқытуда уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Демонстрациялық материалдар дайындау, топпен кері байланыс жүргізу ұшін интерактивті тақтаның мүмкіндігі шексіз.Мен тарих сабақтарында мүмкіндігінше компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалануға тырысамын. Тақырыпқа байланысты суреттер, слайдтар, сызбалар, кестелер жасау, термин сөздерді жазу сабақ жүргізудің мазмұнын кеңейтіп, студенттердің түсінігін тереңдете түседі. Кейбір сабақтарда видеофильмдер де көрсетіп отырамын.Мысалы Қазақстан тарихы бойынша «1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы» атты тақырыпты өткен кезде, сол оқиға туралы видеофильм көрсетіліп, соңынан студенттер көргендері негізінде қысқаша эссе жазды.Сабақты қорыту кезеңінде сынақхаттар, сөзжұмбақтар, ойталқы сұрақтарды да компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүргіземін. Барлық бақылау жұмыстарының түрлерін және қорытынды тест жұмыстарын тек қана компьютер арқылы жүргіземін. Себебі бұл әдіс уақытты тиімді пайдалану үшін өте қолайлы.Оқу процесі кезінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану оң тәжірибе беріп отыр.Оқушылардың өзбетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Тек сабақ кезінде ғанаемес сабақтан тыс кезде де студенттергекомпьютермен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар беремін..Әр сабақта тапсырмаларды алдын ала беру арқылы студенттерге қосымша материалдарды табудың жолын көрсетіп отырамын. Жаңа сабақ барысында студенттердің әкелген, оқыған, меңгерген материалдары негізінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігі дамиды, пәнге деген қызығушылықтары артады, ақпаратпен жұмыс істеуді меңгереді.Нақты мәліметтер мен деректерге сүйеніп, материалды талдауға, сараптауға, дәлел келтіруге, ақпарат көздерімен ғылыми тұрғыдан жұмыс жүргізе білуге дағдыланады. Мысалы «Маңғыстаудағы адайлар көтерілісі», «Маңғыстау Ұлы отан соғысы жылдарында» тақырыптарына байланысты студенттерге ізденіс тапсырмаларын бердім. Студенттер қалалық, облыстық кітапханаларға, облыстық мұражайға барып өзбеттерінше көптеген мәліметтер жинап, соның негізінде баяндамалар, рефераттар жазды, буклеттер дайындады.Тапсырманы орындау арқылы олар компьютерді пайдаланды және шығармашылық, ізденіс қабілеттерін арттырды.Жалпы тарих пәні оқытушысы ретінде сабақтан тыс колледж студенттері арасында әртүрлі тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, зияткерлік ойындар, тарихи оқиғаларға байланысты кештер өткізіп отырамын.Бұл шараларды ұйымдастыруда мен студенттерге тек қана бағыт беріп отырамын, ондағы мақсатым студенттердің жан – жақты шығармашылық, терең ізденіс, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Және де барлық шараларды өткізген кезде ақпараттық технологиялар – интерактивті тақта, компьютер,видеокамера қолданылды.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, біздің міндетіміз – жеке тұлғаның өзіне,қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін – өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау.Сондықтан да әрбір оқытушы сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын талмай ізденуі қажет. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сол жастарды өз мамандығын жақсы меңгерген, теориялық біліммен тереңсусындаған, қазіргі қоғамның талабына сай, нарықтық экономиканың сұранысын қанағаттандыра білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға етіп шығару мына біздің қолымызда. Осы қиын да, қызықты ұстаздық мамандықта сіздерге шығармашылық жолында талмас қанат, үлкен шабыт тілеймін!
Пайдаланған әдебиеттер
1.Н.Ә.Назарбаев 2012 ж14 желтоқсан «Қазақстан – 2050 даму стратегиясы»
2.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
3. С.Т.Мұхамбетжанова,Ж.Ә.Жартынова «Интерактивті технологиямен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдері – Алматы,2008
4.А.Иманбаева «Оқу – тәрбие үрдісін ақпараттандыру » Қазақстан мектебі,№2,2005ж