kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тарих пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздіктің жариялануы алдында
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің

жариялануы алдындағы оқиғалар: КСРО-ның ыдырауы, саяси

ахуалы және бүкілхалықтық Президент сайлауы туралы

мағлұмат беру, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастыра

отырып, қоғам даму диалектикасына ой жүгірту, терең ойлау,

зерттеу, өз бетімен іздену қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Отаншылдық, демократизм идеяларына баулу, болашақ

Қазақстанды өркендететін өздері екенін сезіну.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың тәсілі: Сыныппен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық презентация, флипчарт

Сабақтың жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер, тақта, бор, оқулық

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Оқушылардың білімдерін тексеру.

«Тарихи тұлғаны танып біл»

Дінмұхамед Қонаев -

1960ж қаңтарда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумында партия ұйымының бірінші хатшысы болып сайланды. 1962ж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарып, 1964ж бастап Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды.

Олжас Сүлейменов –

Қазақ ақыны, 1975ж «Аз и Я» атты тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді.

Бауыржан Момышұлы –

Даңқты қолбасшы, жазушы

Нұрғиса Тілендиев –

Әнші, этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды.

«Дос-Мұқасан» тобы –

Әлемдік эстрада деңгейінде өнер көрсеткен қазақ әншілерінің тобы

Қайрат Рысқұлбеков –

Желтоқсанның құрбаны, намысшыл, жалынды ақын жас еді.

Мұхтар Шаханов –

(Суреттерге қысқаша тоқталып мәлімет айтады)

ІІІ. Сабақтың мақсатын қою.

Оқушылардың назарын бүгінгі сабақтың негізгі танымдық мақсатына аудару.

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Мағынаны тану» стратегиясы  

1 3 1 2 1 3 5 3 2

Т Ә У Е Л С І З Д І К

9 50 2 6 8 2 9 2 2

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.

Н.Ә.Назарбаев

Балалар, бұл сөздерден нені ұғуға болады? Жалпы тәуелсіздік туралы айтылғанын бәріміз түсінген сияқтымыз.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздіктің жариялануы алдында».

Бүгінгі сабақта алға қойған бірнеше мақсатымыз бар. Олар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы алдындағы оқиғалар: КСРО-ның ыдырауы, саяси ахуалы және бүкілхалықтық Президент сайлауы туралы мағлұмат беру, білімдерін кеңейту. Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастыра отырып, қоғам даму диалектикасына ой жүгірту, терең ойлау, зерттеу, өз бетімен іздену қабілетін дамыту. Отаншылдық, демократизм идеяларына баулу, болашақ Қазақстанды өркендететін өздері екенін сезіну.

1991 жылдың желтоқсаны ірі саяси оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы – КСРО-ның ыдырауы еді.

Видео «КСРО ыдырауы» туралы

Желтоқсанның 8-күні Минскіде бас қосқан Беларусь, Ресей, Украина басшылары КСРО-ны құру туралы шарттың өз күшін жойғанын, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының құрылғандығы туралы мәлімдеді.

1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері бас қосып, Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындарын айтып, ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді. Ол мемлекеттер:

  1. Армения

  2. Әзірбайжан

  3. Беларусь

  4. Грузия

  5. Қазақстан

  6. Қырғызстан

  7. Латвия

  8. Литва

  9. Молдава

  10. Өзбекстан

  11. Тәжікстан

  12. Түрікменстан

  13. Украина

  14. Эстония

  15. Ресей

1991ж желтоқсанына дейін бұрынғы КСРО-ның қарамағында болған республикалардың бәрі мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған болатын. Қазақстанның саясатшылары бұл үрдістердің баянды дамуының соңын тосты.

1991ж 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. Бұл да тәуелсіздікке барар жолдағы бір маңызды баспалдақ іспетті.

Республиканың егемендігін жариялауға байланысты енді президентті бүкіл халық болып сайлау қажеттігі туды. Осыған орай, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991ж 16 қазанда қаулы қабылдады. Бұл қаулы бойынша президенттікке кандидаттарды тіркеу қарашаның 10-ына дейін, ал сайлау желтоқсанның 1-і күні өтетін болып белгіленді.

Бұл кезде енді ғана құрыла бастаған президент сайлауына қатысуға дайын емес болатын. Нәтижеде республиканың президенттігіне жалғыз үміткер болып Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ұсынған Н.Назарбаев тіркелді.

Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88,23 пайызы дауыс беруге қатысып, олардың 98,78 пайызы Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасының халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті.

Н.Назарбаевтың Президент ретінде алға қойған міндеттері: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық-өндірушілік бағыты, соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі, өнеркәсіпті қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына ие болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б. Президент болып сайланғаннан кейін ол ұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қазақстан жағдайында бұл ең басты нысана еді.

Ү. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

1 Семантикалық карта

1991ж

13 желтоқсан

1991ж

1 желтоқсан

1991ж

10 желтоқсан

1991ж

16 қазанда

Республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды

+

Орта Азия республикалары мен Қазақстанның жетекшілері Ашхабадта бас қосты

+

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президент сайлауы туралы қаулы қабылдады.

+

Прзеидент сайлауы өтті

+

2 Тарихи сынақхат

1991ж желтоқсаны ірі. оқиғаларға толы болды. Олардың ең бастысы -. ыдырауы еді. Желтоқсанның 8-күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы. өз күшін жойғанын жариялады.Сонымен қатар, аталған үш мемлекеттің басшылары. құрылғандығы туралы мәлімдеді.

Кілт сөздері: КСРО, шарттың, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы, саяси,

3 «Ішіне, сыртына»

Төмендегі мемлекеттер ішінен КСРО құрамында болған мемлекеттерді ішіне, КСРО құрамында болмаған мемлекеттерді сыртына орналастырып, жазулары қажет.

Армения, АҚШ, Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Англия, Литва, Молдава, Жапония, Өзбекстан,

Тәжікстан, Малайзия, Түрікменстан, Украина, Эстония

ҮІ. Сабақтағы жаңа білімді бекіту.

«Сұраққа тіке жауап»

  1. Минскіде басқ осқан үш славян мемлекеттерін атап бер.

  2. Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы қай жылы құрылды?

  3. Республика атауының өзгеруінде қандай мән бар деп ойлайсыңдар?

  4. Президент сайлауында Н.Назарбаев қанша дауыс жинады?

  5. Н.Назарбаев еңбек жолын қайдан бастады?

  6. Президент Назарбаевтың алдына қойған міндеттерін ата.

ҮІІ. Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тарих пәнінен сабақ жоспары»

Ақан сері



Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор.

Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.

Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.

Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.

Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі — “Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.

90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.

Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.

Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан ШолақЖаяу МұсаЕстайИман ЖүсіпҚұлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы.

Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі — кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.[1]

Шығармалары

Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.ҚашаубаевЖ.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасынС.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды.

Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббаттолғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер»әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды.

Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақЖаяу МұсаЕстайИман ЖүсіпҚұлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған.

Музыка және әдебиеттегі үлесі

Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек ЕлебековМанарбек ЕржановЖәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған[2][3][4]




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Тарих пәнінен сабақ жоспары

Автор: Бекботаева Алия Балабековна

Дата: 12.05.2017

Номер свидетельства: 414658

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) ""Математика п?нінен саба? жоспары""
    ["seo_title"] => string(31) "matiematikapniniensabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "294665"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455701414"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(39) "ozin_ozi_tanu_p_ninien_sabak_zhospary_1"
    ["file_id"] => string(6) "395287"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487947619"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "тарих п?нінен саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(30) "tarikh-p-ninien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "146709"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419246514"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?аза? тілінен саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(30) "k-azak-tilinien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "166329"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422950264"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ана тілінен саба? жоспары.Та?ырыбы:"?лек" 4-сынып "
    ["seo_title"] => string(51) "ana-tilinien-sabak-zhospary-tak-yryby-uliek-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "175562"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424278411"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства