kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мәнгілік ел- ұлт идеясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәнгілік ел ұлт идеясы. Казкстанның тәуелсіздігі мен дамуы. тәуелсіздікткін 25 жыл.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мәнгілік ел- ұлт идеясы»





Тегі

Мукушев

Аты

Архат

Әкесінің аты

Асхатұлы

Ғылыми жетекшінің аты,жөні,тегі ғылыми дәрежесі

Кульмухаметова Гульнур Жунусовна

Лауазымы

Тарих және құқықтану пәндерінің мұғалімі

Ұйымы

«Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы» КММ

Пошталық индексі

071700

Мемлекет

Қазақстан

Қала,ауыл

ШҚО.Үржар уданы.Үржар ауылы

Көше,үй пәтер

Хасенова №46

Ұялы телефон

87752252260

Е-mail

[email protected]

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Баяндаманың аты

«Мәңгілік ел: бір ел,бір тағдыр»

Панельдік сессия №

5

Қатысу формасы


1Тікелей


2 Сырттай

сырттай

2 Онлайн режимінде қосыламын.
















«МӘҢГІЛІК ЕЛ:БІР ЕЛ,БІР ТАҒДЫР»

А.Мукушев«Б.Тұрлыханов атныдағы орта мектебі-бақшасы» КММ 11 сынып оқушысы.,Үржар ауданы Үржар ауылы. [email protected] Г.Кульмухаметова Тарих және құқықтану пәндерінің мұғалімі.

Мәгілік Ел ұлттық идеясы- өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бойынша жолдауынан үзінді алатын болсақ «Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», - деп аяқтаған елбасы сөзінің барлық қазақстандықтар дың ой –саналарынан орын алды деп есептеймін[1]

Белгілі тарихшы, 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың көтерілісі жайында диссертация жазған ғалым Елтоқ Ділмұхамедовтың қызы Эльза Ділмұхамедова Л.Н.Гумилевтен сұхбат алады. Лев Николаевич Гумилев «Қазақтың пассионар тұлғасы кім?» деген сұраққа: «Ол, әрине, хан Кенелерің» деп жауап беріпті. Эльза Елтоққызы «Қазақстанды алда не күтіп тұр?» деп сұрайды. Сонда ол: «Қазақстанда таяу уақытта мықты серпіліс, пассионарлық дүмпу болады» деген екен. Бұл жерде Л.Н.Гумилевтің этностардың өмір сүруі теориясы бойынша әрбір ұлт, әр халық 1200-1500 жылдай өмір сүреді. Осы кезеңде халықтың туып, өсіп-өркендеп, даму шыңына жететіні, содан соң біртіндеп құлдырап құрдымға кететіні дәлелденген. Осы эволюциялық үрдіске 1500-дей жыл кетеді екен. Ал Қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында құрылды. 14 ғасырдың орта шенінде қазақ халқы пайда болады. Соған қарағанда, халықтың даму жолының шырқау шегіне жақындап қалдық деп ойлаймын. Эльза Ділмұхамедова Гумилевке тағы да бір сұрағын қойып, «халықтың күшейіп бара жатқанын қалай білуге болады?» дейді. Сонда ғалым: «Оның белгісі сол жерде алқалы жиындар өтеді. Халық пассионарлық болып жатса, тарихын зерттейді. Пассионар тұлғалар көбейеді. Алдымен бір адам туады, ол өз ойларымен екінші адамның ойын қозғайды. Және адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді. Міне, пассионар халықтың белгісі осындай» деген екен.
Гумилевтың айтқан сөздері жаңа дәуірге қадам басып жатқан Қазақ елінің қазіргі жағдайымен тұспа-тұс келеді. Гумилевтың «алқалы жиындар өтеді» дегені түркі ұрпақтарының ынтымақтастық жолында атқарып жатқан шаралары болса, «тарихын зерттейді» дегені түркі академиясының құрылуы және де 2013 жылы 5 маусымдағы М.Тажиннің ұлттық тарихты зерделеу бағдарламасының жариялануы, сонан кейін, «бір адам туады» дегені Ұлт Көшбасшысының дүниеге келуі, сонымен қатар, «адам баласының ойына келмейтін биік мақсаттар қойып, елді жұмылдырып, соған қол жеткізеді» дегені Елбасының Қазақстан 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын аяқтап, дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын алға қоюы деуге болады.[2]

XVIII ғасырда Қазақ хандығының басын қосып, Айдаһардай Қытайдың аузына түсірмей, ақырған аюдың тырнағынан аман алып қалған Абылай ханның саясаты түркілік мәңгілік ел идеясын жандандырушы тұлғаның ерлігі. Шығыстағы ежелден дұшпанымыз қытайлар жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып, сол арқылы қазақ жерін де, жоңғарларды да өзіне қарату еді. Осы соғыста не қазақ, не жоңғар, болмаса екеуі де құруы керек екендігі алпауыт елдердің жаттанды саясаты еді. Бірақ қазақ елі аман қалды. Қазақтың бақытына орай Абылай хандай дара тұлға тарих сахнасына келді. Нәтижесінде бұл соғыста қазақ емес, жоңғар 1758 жылы тарих сахнасынан мүлдем жойылып кетті. Ел басына түскен үлкен қиыншылықтан Абылай хан бабамыз елді біріктіріп, жұмылдырып, соның арқасында қазақ елін аман сақтап қалды. Ендеше, Абылай хан елді біріктірген ұлы тұлға және «мәңгілік ел» идеясын жалғастырушы екендігін мақтанышпен айтуға болады. Ел басының «Мәңгілік ел» идеясы осындай тарих беттерінен жалғасын тауып жатыр. «Мәңгілік Ел» мұратына жету ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының көрінісі арқылы жүзеге асатындықтан да Ұлт көшбасшысының халықтың үш буынына үн қатуы кешегі тарих қойнауындағы бабалар үнін тағы да жаңғыртқандай әсер қалдырды[3]

Сонымен қатар, Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі барысында: «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек. Бұл идея қазақстандық бірегейлік бағытындағы ең маңызды құжатқа, екінші конституцияға айналуы қажет. Осыны ұғынуға тиіспіз» деді. Расында да, біріншіден, «Мәңгілік ел» идеясын зерттеп, зерделеуде, насихаттауда һәм оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл орайда көзі ашық, көкірегі ояу әрбір отандасымыз үлес қосқаны абзал.

Екіншіден ұлттық идеямызды бала бақшадағы тәрбиеленіп жатқан баладан оқушылар мен білімгерлерге жете жеткізу үшін жауапты үлкен жұмысты қажет етеді.Адамдардың өмір салтына сіңген құндылық пен сенім «Мәңгілік ел » орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз.

Үшіншіден, келешегі кемел «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстанның барлық аймақтарына жеткізу жұмыстың бір парасы ғана. Ол жаһандық ақпараттық, ғылыми кеңістіктен ойып тұрып орын алуы тиіс. Бұл орайдағы сүбелі жұмыстар отандық ғалымдар мен БАҚ өкілдерінің еншісінде.

Төртіншіден, қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан бас тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену.Біздің қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады. Ал оны мектеп бағдарламасына енгізіп, жас ұрпақтың санасы сіңірудің маңызы зор екені бесенеден белгілі.

Қорыта айтқанда, Президент алға қойған зият­керлік реформасы – бола­шақ­тың біртұтас ұлты – Қазақстанды одан әрі дамытудың ұлы негізі, қоғамды Мәңгілік Ел ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, әділдік, заң­ның басымдығы, отбасы және дәс­түрлер – бұл құндылықтар­дың бәрі мемлекетіміздің тұрақты­лы­ғы мен өсіп-өркендеуінің тұғыр­лы іргетасы екені сөзсіз. Қазақстан Республикасы «Мәңгілік ел » болуы үшін қоғамның санасында тәуелсіздік пен оған қалай жеткеніміз бен қанша ерлікпен қан- төгістердің бастан кешкендігін есте сақтап жүру кез –келген қазақ баласының міндеті деп есептеймін.

Қазақ деген елденбіз,
Ғажап деген жерденбіз.
Бодандықтан босанып,
Еркіндікке енгенбіз.
Сан азапты көргенбіз, 
Мың тіріліп өлгенбіз.
Атой салып дұшпанға,

Айқастарда женгенбіз. – демекші М.Әміреұлы.[4]

Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз, ең алдымен,өзімізге,бірлігіміз бен берекемізге бай- ланысты. Біз бәріміз бір атаның –қазақ халқының ұлымыз.Бәріміздің де туған жеріміз де біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа қол созып, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұра қылып ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруымыз.


Әдебиеттер тізімі.
1"Мәңгілік ел" - Халықаралық ғылыми-көпшілік журналы, Бижанов А.С., студент, ғылыми жетекші: А.Ғ. Ибраева т.ғ.д., профессор Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

2. Бас редактор: Ерлан Сыдықов. «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет.

3. З Қабылдиов Астана ақшам, Тегі асыл ел тарихын түгендейді, 10.02.2014ж.

4. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мәнгілік ел- ұлт идеясы

Автор: Воказе Жанат Жунусовна

Дата: 13.10.2017

Номер свидетельства: 432258

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) ""Мәңгілік ел" ұлт идеясы"
    ["seo_title"] => string(28) "m_n_ghilik_iel_u_lt_idieiasy"
    ["file_id"] => string(6) "407871"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491740382"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?лт руханияты-?рпа? аманаты.?зін-?зі тану саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(60) "u-lt-rukhaniiaty-u-rpak-amanaty-ozin-ozi-tanu-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "294013"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455591853"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептегі рухани – адамгершілік тәрбие мен білім негізі."
    ["seo_title"] => string(80) "m_n_ghilik_iel_u_lttyk_idieiasy_bastauysh_miektieptieghi_rukhani_adamghiershilik"
    ["file_id"] => string(6) "403403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1490524895"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ілияс  Жанс?гіров  ?ле?деріндегі  "Б?лт"  ?ле?ін  талдау"
    ["seo_title"] => string(60) "iliias-zhansughirov-olien-dierindieghi-bu-lt-olien-in-taldau"
    ["file_id"] => string(6) "315757"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459949212"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Ілияс  Жанс?гіров  ?ле?деріндегі  "Б?лт"  ?ле?ін  талдау"
    ["seo_title"] => string(62) "iliias-zhansughirov-olien-dierindieghi-bu-lt-olien-in-taldau-1"
    ["file_id"] => string(6) "315759"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1459949220"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства