kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ілияс Жанс?гіров ?ле?деріндегі "Б?лт" ?ле?ін талдау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ілияс  Жанс?гіров   поэзиясында?ы  "Б?лт"  ?ле?ін  талдау  

                                                        «Ілияс Жанс?гіров - ?аза? ?дебиетіні?

                                                         к?гіндегі  аз ?ана жары? ж?лдыздарды?

                                                        бірі».                                     ?.Т?жібаев.

 ?аза?ты?   Абайдан  кейінгі   заманда?ы  аса  дарынды   даарынды  а?ын   Ілияс  Жанс?гіровті, ?детте,  ?зі  шал?ар  шабыт,  керемет   ??штарлы?пен   к?сіле  жырла?ан   А?ан  серіні?   ??лагеріне  ??састырды.  Айтты-  айтпады,   екеуіні?    д?лд?лігінде  ?ана  емес,  та?дыр- талайында,  ?ай?ылы  ?лімдерінде  де   ??састы?   бар.  Б?йгені?  алдын  бермейтін  ?ас  ж?йріктерге  ?ана  т?н намыскерлікпен   жанын   сала  зымырап  бара  жат?ан   К?кт?й?ынды  омыраулап,  ке?  тыныспен  ж?йіткіп  келе  жат?ан   ??ла пыра?   межелі  жер  -   Жыланды  сай?а   е?кейісте,   ?стіндегі  баланы?   тізгінін  босатып,  та?ымын    с?л  ?ымтып  ?алу  м??  екен,   ж?лдыздай  а?а    ж?нелді.   Сол  с?тте    ?алтарыстан  тап  берген      ?ара?шы  кер  ??ланы   ма?дайдан  айбалтамен  періп  ?теді  де,  ?айран  т?лпар  ?ара  жер  ?а?  айырыл?андай  г?рс  етіп   ??лап  ?ала  береді.  Кемеліне  келіп,  а?ынды?  б?йгесінде  арындап  ал?а  шы??ан  ша?ында  Ілияс  та  тоталитарлы?  ж?йені?  ??рбаны  болып,  м?рттай  ?шты.     ?йтсе де ?мбебеп  дарын   айналас  10 жылда  проза  мен драматургияда, ?сіресе  поэзияда   ?дебиетімізді?    алтын  ?орына    жататын   айтулы  туындылар  беріп,  артына  аса  мол  к?ркем   м?ра ?алдырды.

Егер «Жетісуда су суреті» б?лімінде арнайы жырланба?анмен, осы бес ?зенге кіріспе б?лімде аты атал?ан К?ркілдек, Лепсіні ?осса?, Жетісуды? ?зені т?гелденеді. Біра? К?ркілдек деген ?зенді біз осы?ан дейін естіп те к?рмеппіз. Ал, Лепсіні неге жырламай кеткені а?ынны? ?зіне ?ана м?лім жай. Б?лкім, онымен танысып ?лгіре алма?ан шы?ар. Сонда а?ын К?ркілдекті бекер атады деп тапса?, жетінші болып а?ынны? ту?ан ?зені А?су ?осылады.

«Жетісуда су суреті» б?лімінде кеткен екінші мін — бізді?ше, а?ынны? осы Лепсі мен А?су ?зендерін жырламауы. Шынында да Бас?ан бас?а, Жетісу?а Аяг?з, Б?йен, Тентектерді? ?осылуын да даулы деп білейік, ал А?суды? ?осылмауы калай? ?лде а?ын оны «А?ынды мені? А?суым» деп ертеректе жеке жырла?асын ?оспады ма екен. И?, шынды? осылай болуы да м?мкін.

И?, Жетісу - Ілияс а?ын жырласа жырла?андай, жанат, манат ?лке:

Шал?иды шал?ын к?лді? ?амысындай,

Ат??да? — Тасары?ты? тарысындай.

?ш ?ырлы, сырлы, с?лу айыл?ия?,

Кіндігі ?ыр?ыз ?рме ?амшысындай.

Селте?деп сепсе ?урай сыр?а ?адап,

Саржа?ал с?лемдесед танысындай.

Жуалар шай?а?да?ан ол бір кербез,

Шалма орап м?сылманны? абызындай,

??с та?дай самал со?са сыбырласад,

?зілді ?йел ажын-абысындай.

Солармен судырласып ойнайды жел,

Д?рмекті? к?кпар тарт?ан шабысындай.

М?ндай жа?ат жерді?: шал?ыны — шал?ы?ан ?амыстай, ат??ла?ы — жай?ал?ан тарыдай, айыл?ия?ы — ?ыр?ыз-?рме ?амшыдай, ?урайы сыр?алы, жуасы кербез, ??стандайы самалмен сыбырлас?ан ?ажап жерді? Адам ата — Хауа ана жарал?алы жасап келе жат?ан тарихында ?з т?рінен жеті ж?ртты ?ана емес, жетпіс ж?ртты аттандыр?ан ??тты ?оныс екендігі айдай аны? а?и?ат. М?ндай жерді ?анша жырласа да ?семдігі таусылуы м?мкін емес.

А?иы? а?ын   ата?ты   ?ле?ді   былай   ая?тапты:

Суретін с?з баяндап жеткізе алмас,

Жеріні? Жетісуды? б?рі сондай!

?демі ая?тау. Б?л рас. Біра?, г?п - Жетісуды? суретін Ілияс Жанс?гіровтей ??діретті а?ынны? ??діретті жырлай ал?анды?ында. Енді к?ш-?уаты ?бден толып, ?лылы??а, азамат алыпты??а да к?теріле баста?ан а?ын ту?ан жерді ?лы ж?рекпен с?йіп, ?алымша біліп, шал?ар шабытпен ?мірмен ?зектестіріп, ?алт?ысыз ?нерге айналдырып жырла?анды?тан да жер жанаты Жетісуды? тамаша тамылжы?ан таби?аты: ??ір — ?мірі, ?мір — ??ірі а? ?а?аз бетіне м?лдіреп т?на ?ал?ан

   Мен  а?ын  атамызды?  "Б?лт"  ?ле?ін  талдадым. Б?лты?  адам  ?міріне,  таби?ат?а  ма?ызы  зор  екенін білеміз.

  Б?л ?ле?де  4 шума?, 16 тарма?, 7 буынды, 2 буна?,  шалыс  ?й?ас (а,б,а,б).у

Т?н-гі // жай-мен  ж-уы-нып,(а)

К?-гіл-дір//  к?к  к?-лім-дер,(б)

Ш?-гіп//  шо?- шо?  т?-ман,  б?лт,(а)

Шо-?ы  с?-йіп,//  ді-рі л -дер,(б)

 - деп  а?ын  к?ркемдеуіш  с?здер мен  бейнелеуіш  с?здерді  ?июластыра  шебер  ?олдан?ан.  Мысалы,   б?лтты?  к?к  аспанды  жылытып, н?зік  сезімге  б?летсе,  биік- биік  тауларды   басып,  ?апта?аны жайлы  айтады.Осы  ?ле?ні?  ?шінші  шума?ы:

?аба?ы  м?з,  суы?  шал

?олын  алып, ?ас  ?а?а.

Желде,  ??зда  несі бар,

?ал?ыды  тас  жастана,-  деген   шума?та  а?ын  таби?атта?ы    ??былыстарды  адам   іс - ?рекетімен    байланыстыра   отырып  керемет  с?збен  сурет  салды.   

Б?л  ?ле?де  а?ын  к?біне  эпитет  пен кейіптеуді  к?бірек  ?олдан?ан. Мысалы:

К?к  м?нарлы  белбеуін

Алып  тау  бел  буына;

С?лем  беріп  б?лт  керуен,

Талда  тау?а  жы?ыла,- деп  б?лтты?  тау?а  с?лем  беріп,  талды?  тау?а  басын иіп  жы?ылып жат?анын   шебер суреттеген.

  Сондай - а?  Б?лт - б?бек,  тау -ана, -деген  тарма?та  б?лтты  б?бек  деп  ауыстырып  т?рса,  тауды  анасы  ретінде ауыстыра  отырып  ?олдан?ан.  ?ле?ні?   мазм?ны   же?іл,   тілімізге  жаты?.

?ле?ні?   та?ырыбы                                       Таби?атта?ы  ??былысты  суреттеу

?ле?ні?  авторы                                          Ілияс  Жанс?гіров

Жанр  т?рі                                                  ?ле?

?ле?ні?  идеясы                          Таби?ат пен  адамны?  іс - ?рекетін  бейнелі

                                                       с?здермен  ?лгі ету.

?ле?ні?  шума?  саны                   4

?ле?ні?  тарма?  саны        1/4,2/4, 3/4, 4/4

?ле?ні?  буна?  саны            2

?ле?ні?  буын саны            7

?й?ас  т?рі:  шалыс  ?й?ас

?дебиет  теориясы:  шо? - шо?  ?айталама  ?ос с?з,  бейнелеу  с?здер.

Кейіптеу:  а?ын  б?лтты  адам кейпінде   суреттеген.

Мысалы: 

?аба?ы   м?з,  суы?  шал

?олын  алып, ?ас  ?а?а.

Желде,  ??зда  несі бар,

?ал?ыды  тас  жастана   десе, бірде К?гілдір к?к  к?лімдер, шо?ы  с?йіп  дірілдер, бел  буына,  с?лем    беріп  б?лт  керуен, талда  тау?а  жы?ыла.

Метафора:Б?лт  -б?бек,  тау - ана.

Эпитет:К?гілдір  к?к, к?к  м?нарлы,  алып тау,

Аллитерация:

?аба?ы  м?з,  суы?  шал

?олын  алып, ?ас  ?а?а.

Ш?гіп  шо?- шо?  т?ман,  б?лт,

Шо?ы  с?йіп, дірілдер

     А?ынны?  кез- келген  шума?тарын  алса? да  бір  к?деге  жарайтын   ?н  м?тінін   лайы?   екендігін  екіні?  бірі,  егізді?  сы?ары  мойындайды.  Таби?атпен  етене,  ел- ж?ртымен  жа?ын,   дос - жарандарымен   емен -жар?ын  а?ын    к??іліні?  аппа?   ?ардай   кіршіксіздігі  ?зіне  тартып  бауырына  басады.

     «Ілияс Жанс?гіровті ?аза? ?дебиетіні? ша? ж??пас ж?йрігі, жыр ??лагері, поэзиямызды? бар саласына ?лес ?осып, поэма жанрын ?ол жетпес биікке к?теріп, к?ні б?гінге дейін ?лгі шашып, д?ст?р жаса?ан ?айраткерлігін ?р?ашан бірінші орын?а ?ой?ан абзал. Ілияс Жанс?гіров е? алдымен ?аза? поэзиясында?ы ?лы тауларды? бірі, жыр ??лагері».

(Т.К?кішев)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ілияс Жанс?гіров ?ле?деріндегі "Б?лт" ?ле?ін талдау»

Ілияс Жансүгіров поэзиясындағы "Бұлт" өлеңін талдау

  «Ілияс Жансүгіров - қазақ әдебиетінің

көгіндегі  аз ғана жарық жұлдыздардың

бірі».                                    

Ә.Тәжібаев.




Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақын Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырды. Айтты- айтпады , екеуінің дүлдүлігінде ғана емес, тағдыр- талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйіткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер - Жыланды сайға еңкейісте , үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалу мұң екен, жұлдыздай аға жөнелді. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебеп дарын айналас 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебеп дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ілияс әдебиетке халық фолъклоры дәстүрінен , аз оқумен және біршама кештеу 20 жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы , Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып , үздік туындыларын орыс тілінен қазақ тіліне аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы - ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін мәңгі жас поэзия.

Ілиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс қасиеті оның шығармаларының алтын арқауы.

Ілиястың ақындығына қуат, нәр берген халық әдебиетімен бірге Абай поэзиясы болды. Ілиястың тілі - кім көрінген сөйлей білетін жалпы шешен тіл емес, сегіз қырлы жебедей, төрт құбылысы сай, аса бейнелі, қуатты тіл.

Жаңа өмір салтанаты керек басты құралдың бірі - білім санаған ақын, бұл тақырыпқа арнаған "Жастар", "Саналы жастарға", "Оқимын" өлеңдерінде:

Жас мұраты,білім, тәлім - талабы,

Таудай болсын оңалуға алабы

Жас қанжары- жүректегі жігері,

Өнер, оқу - жастық қару жарағы,- деген сарындағы ағартушылық, өсиеттік идеялар айтады.

 Ілияс Жансүгіров – ақын, драматург, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды. 1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің - «Мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым» деуі тегін емес. Табиғаттың ғажайып сәттерін көзбен көргендей әсер аласың. Оған бір мысал ретінде «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін оқып көрсеңіздер көз жеткізе аласыздар.

Ағынды менің Ақсуым,

Ақырып әлі ағасың,

Ақиланған ашумен,

Ақтарды асқар сабасын.

Тас тарпуын, шапшуын,

Қарасаң қайран қаласың,

Жалғыз жазғы бір кеште,

Жағаладым жағасын.

Тұнжыраған торғын түн,

Төндім сұлу суына.

Таңырқап тау-тас тамсанып,

Жымиды жұлдыз мұңыма.

Сүмиген сүңгі сұрша тал,

Шомылды таудың суына.

Таймандаған тайпақ ай,

Желегі ме, туы ма?

Шүйке шарбы бұлтты

Қалқалай қалды қылмия.

Аспанды, ай алтын құшағы,

Қусыра қайың құшады.

Қарамай қайың, қалайша

Қаужиған құшсын бұтаны?

Қайың мен сәуле сүйіссін,

Сүймегенді нысабы:

Итмұрыны меңіреп,

Қудырлап қоңыз ұшады.

Бауырлаған ағынның,

Сумаңдап суы сылдырайд;

Қудиған қоңыр құрақтың

Саусағы суда судырайд;

Суға төнген бір шыбық

Дірілдейд, суда сырылдайд;

Оған қонған бір шымшық

Шиқ-шиқ етед, шырылдайд...

Өлеңді тұнып тұрған табиғат көрінісі дерсің. Ақын әрбір көріністі назардан тыс қалдырмаған. Бұл да Ілиястың бір шеберлігінің көрінісі. Туған жері Ақсудың асау табиғатын таныта білген туындысы. Сондықтан да «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін ақын шығармаларындағы шоқтығы биік туынды ретінде бағалауға болады.

Ілияс лириканың бар саласында қалам тербеген дарын.  Оның қазақ поэзиясын өркендетуге ерен үлес қосқан саласы - пейзаждық лирика. Табиғатқа арналған өлеңдерінде сөзбен сурет салуға барынша шебер екенін көреміз. «Жазға салым», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Жаз», «Қыс», «Мезгіл суреттері», «Жел», «Жетісу суреттері», т.б. өлеңдері осының айғағы. 1925 жылы қазақ поэзиясына ұлы жаңалық әкелген «Жетісу суреттері» өлеңін оқығаннан кейін М.Әуезовтің - «мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым»

Әркімнің туған жері - пейіш. Кіндік қаны тамған топырақтың, жұпарына аунап өскен өлкенің сондай киесі бар ма, кім білсін, әйтеуір көз сүйсіндірер көркі жоқ, ирелеңдеген өзені, шөл қандырар бұлақ дегеннің не екенін көрмеген иен құмның арасында туғандар да туған жерін мақтап жатады. Мақтасын - ай, мақтасын! Ол да бір анасы ғой. Ендеше кез-келген ақын - жазушыларымыз өзінің алғашқы өлеңдерін туған жеріне, Отанына арнайды.Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" атты жинағында табиғатқа байланысты 40 шақты өлеңдері бар. Мысалы "Жетісу суреттері", "Біздің күз", "Жауын","Гималай", "Алатау", "Ағынды менің Ақсуым","Қара теңіз", т.б.

Ақын өлеңдері өзен, бұлақ асқар таулардан басталады. Тау аспанмен астасады. Етекке құлап, жазыққа түскен өзеннің арнасы кеңейіп, арыны артады. Сарқыраған үні айналаны жаңғыртып, түнде гүрілі анық естіледі. Сол сарын адам сезімін шексіз, бөгетсіз құбылыстың әуенін сіңіреді. Сол әуен арқылы адамдар айналасымен, туған жерімен , табиғатпен етене сырласады. Сарқыраған өзен дауысы адамдардың сезімін асқарларға көтереді. Көкте қалқып жүрген бұлтпен араластырады. Мысалы:

Қою қара бұлт аспан

Қалың бұлттың аласы жоқ.

Құяды жауын жел шашқан,

Күндіз- түні толасы жоқ,- деп ақын шабыты, өлеңі мен жырының тасқыны, азаматтық дауыстың сарыны. Азаматтық, табиғат, махаббат. сүйіспеншілік лирикалары сұрапыл шабыттың терең арнасында алабұртады. Ой толғанысы тау- тау толқын, шоқ-шоқ ақша бұлт секілді.

«Жетісу суреттері» — «Жалпы сын», «Тау суреті», «Жетісуда су суреті», «Жетісу жәндігі», «Жер түгі» тәрізді бес бөліммен, 333 жолдан тұратын көлемді туынды.

«Жетісу суреттері» советтік сән-салтанатты өміріміздің нұрлы шындығына, еңбеккер халқымыздың жасампаз еңбегіне орай түлеп отырған өлкенің кешегі-бүгінгі бейнесіне мейлінше сәйкес өлең. Өз көзін айтпағанда, бүгінгі география, биология ғылымдарымыздың өскен өресімен деңгейлес өлең.

Ақын алдымен Жетісудың жалпы кескін-келбетімен таныстырады.

Жетісу, кеудең — асқар, аяғың — көл,

Қоның — құм, мықынында — бар сексеуіл.

Тау жайлап, қоңыр күзеп, құмды қыстап,

Ол бір маң мал өсірген өлкедегі ел.

Көктемде құмнан әсем жер болсын ба,

Жайқалып жауқазыны, раң гүлдер.

Бойдағы бозбаладай асыр салса,

Қозысы құйрықтанып дөңгеленер...

Ақын ә дегеннен-ақ кібіртіксіз көсіле жөнелген. Кіріспедегі осы сегіз-ақ жол өлеңнің өзі - тұнып тұрған тың, тосын бейнелер, айқын айшық-образдар қоймасы. Ақынның Жетісу өңірін жырлауды миллиардтаған жылдар бойы жасап келе жатқан құдай ана — Табиғаттың ең ғажап, сұлу туындысы — шалқасынан түсіп жатқан адам бейнесіне балап бастауының өзін керемет келісім-кесте деп білсек орынды: «Жетісу, кеудең— асқар, аяғың — көл». Жағырапиялық жаратылысқа да дәл: кеудесі — Аспан (Тянь-Шань) таулары, аяғы — Балқаш көлі. Қоңы — құм болса, мықыны — сексеуілді. Осы құмда мыңғырып мал өсуде. Жауқазынын қараңыз. Әдеттегі жауқазыныңыз жапырайған жұқа, әлсіз өсімдік-гүл емес пе? Ақын оны жайқалтып жібереді. Раңын көріңіз. Ұйысқан, нәзік раңды гүлдетіп жіберген. Бойдақ қой — бозбаладай асыр салса, қозысы пісіп, дөңгеленіп шыға келеді. Жадыңа еріксіз өткен ғасырлардағы жойқын жыраулар жыры оралады; «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған....» Сонда I.Жансүгіров бабаларына еліктеп, қиялына жосықсыз ерік берген бе? Романтикаға салынған ба? Жоқ. Кәдімгі реализм. Бүгінгі Жетісу өңіріндегі жаңа өмір шындығы. Ақын сол шындықты тек орман образ - сылқым сұлулық тілімен беріп отыр.

Осылай ағыл-тегіл ақтарылып басталған ақындық селі өлеңнің тұла бойында тасқындай үдеп, мың бұйраланып, арыстан жалдана жалғасып, неше түрлі бедер-бояу, қызылды-жасылды құлпырма образдарды табиғаттай жасантқан. Бұл айтқанымызға өлеңнің 333 жолы түгел дәлел десек жаңылыспаймыз. Мысал үшін Талғармен тұтасқан тау жотасын алайық:

Талғар тау тарғыл ала шоқы биік.

Асқақтайды емшегі, ерні көкке тиіп,

Арқырап асқарынан құлаған су —

Бауырын балбыратқан еліне иіп.

Малға жай, елге жайлау Үшқараштың

Сүбесін мекендеген суыр сүйіп,

Асы -астау, отырған ел - ерелі құрт,

Құрт жайып қодырайған Бақай биік.

Албыр бет Алматыда алма әдемі,

Алғандай ақтамақты ауызға үріп.


Жетісуға қандай өзендер жатады? Міне, осы бір шиесі көп, жауабы қиын сұрақ отыздағы орда бұзған ақын, ғалым ақын Ілиястың да басын қатырған сияқты. Біз осы күнге дейін осы сұраққа дәл, ғылыми бұлтартпас жауап берген ғалымды көрген жоқпыз. Баспасөзде ертелі-кейінгі кездерде жарық көрген мақалаларды оқығанда да әр қилы топтастыруларға куәмыз. Басқа-басқа, Жетісудың бас қалалары Алматы мен Талдықорған шаһарларында жеті суға арналып орнатылған ескерткіш-белгілердің өзінде недәуір айырмашылық бар. Мәселен, Басқан, Тентек, Бақанас өзендері бірінде қатарға қосылса, екіншісінде есепке кірмейді. Ендеше Ілияс ақынның «Жетісуда су суреті» бөлімінде бір емес, екі қате-кемшілік жіберуі кейде еренақындарда да кездесетін елеулі олқы-лыққа жатқанмен, одан I.Жансүгіровтің атақты өлеңі әлсіремейді, әрине. Сонда да ол не кемшіліктер дейтін болсақ: бірінші — ақын Жетісуға алты-ақ өзенді жатқызып, бес-ақ өзенді: Шу, Іле, Шелек, Көксу, Караталды ғана жырлайды. Бұған тікелей көз жеткізсек:

Арқырап асау Шелек орыпты тас,

Бурадай бұлқынады көк ала бас,

Ол баста күншығысқа шыға шауып,

Жалт беріп етек еңсей сапты құлаш..,—

деп Шелекті ескеріп,

Мөлтеңдеп мойнақты орай Қаратал да,

Көксуға қойындасад жарды жанып,

Қосылып екі ерке, екі сұлу

Балқаштап қалың құмға кетті лағып,—

деп Қараталды қамтыған I. Жансүгіровтің осы тарау әлқиссасында былай дейтіні бар:

Аттанған алты өзені Жетісудың,

Балқашқа бауырымдап еңкілдейді.

Сонда саусақты қанша бүксек те, танысатынымыз — бес-ақ өзен. Рас, «Жалпы сында» ақынның тағы былай дейтіні бар:

Жер таппан жерде жетер Жетісуым:

Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым.

Егер «Жетісуда су суреті» бөлімінде арнайы жырланбағанмен, осы бес өзенге кіріспе бөлімде аты аталған Күркілдек, Лепсіні қоссақ, Жетісудың өзені түгелденеді. Бірақ Күркілдек деген өзенді біз осыған дейін естіп те көрмеппіз. Ал, Лепсіні неге жырламай кеткені ақынның өзіне ғана мәлім жай. Бәлкім, онымен танысып үлгіре алмаған шығар. Сонда ақын Күркілдекті бекер атады деп тапсақ, жетінші болып ақынның туған өзені Ақсу қосылады.

«Жетісуда су суреті» бөлімінде кеткен екінші мін — біздіңше, ақынның осы Лепсі мен Ақсу өзендерін жырламауы. Шынында да Басқан басқа, Жетісуға Аягөз, Бүйен, Тентектердің қосылуын да даулы деп білейік, ал Ақсудың қосылмауы калай? Әлде ақын оны «Ағынды менің Ақсуым» деп ертеректе жеке жырлағасын қоспады ма екен. Иә, шындық осылай болуы да мүмкін.

Иә, Жетісу - Ілияс ақын жырласа жырлағандай, жанат, манат өлке:

Шалқиды шалғын көлдің қамысындай,

Атқұдақ — Тасарықтың тарысындай.

Үш қырлы, сырлы, сұлу айылқияқ,

Кіндігі қырғыз өрме қамшысындай.

Селтеңдеп сепсе қурай сырға қадап,

Саржағал сәлемдесед танысындай.

Жуалар шайқаңдаған ол бір кербез,

Шалма орап мұсылманның абызындай,

Құс таңдай самал соқса сыбырласад,

Әзілді әйел ажын-абысындай.

Солармен судырласып ойнайды жел,

Дүрмектің көкпар тартқан шабысындай...

Мұндай жаһат жердің: шалғыны — шалқыған қамыстай, атқұлағы — жайқалған тарыдай, айылқияғы — қырғыз-өрме қамшыдай, қурайы сырғалы, жуасы кербез, құстандайы самалмен сыбырласқан ғажап жердің Адам ата — Хауа ана жаралғалы жасап келе жатқан тарихында өз төрінен жеті жұртты ғана емес, жетпіс жұртты аттандырған құтты қоныс екендігі айдай анық ақиқат. Мұндай жерді қанша жырласа да әсемдігі таусылуы мүмкін емес.

Ақиық ақын атақты өлеңді былай аяқтапты:

Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,

Жерінің Жетісудың бәрі сондай!

Әдемі аяқтау. Бұл рас. Бірақ, гәп - Жетісудың суретін Ілияс Жансүгіровтей құдіретті ақынның құдіретті жырлай алғандығында. Енді күш-қуаты әбден толып, ұлылыққа, азамат алыптыққа да көтеріле бастаған ақын туған жерді ұлы жүрекпен сүйіп, ғалымша біліп, шалқар шабытпен өмірмен өзектестіріп, қалтқысыз өнерге айналдырып жырлағандықтан да жер жанаты Жетісудың тамаша тамылжыған табиғаты: өңір — өмірі, өмір — өңірі ақ қағаз бетіне мөлдіреп тұна қалған


Мен ақын атамыздың "Бұлт" өлеңін талдадым. Бұлтың адам өміріне, табиғатқа маңызы зор екенін білеміз.

Бұл өлеңде 4 шумақ, 16 тармақ, 7 буынды, 2 бунақ, шалыс ұйқас (а,б,а,б).у

Түн-гі // жай-мен ж-уы-нып,(а)

Кө-гіл-дір// көк кү-лім-дер,(б)

Шө-гіп// шоқ- шоқ тұ-ман, бұлт,(а)

Шо-қы сү-йіп,// ді-рі л -дер,(б)

- деп ақын көркемдеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерді қиюластыра шебер қолданған. Мысалы, бұлттың көк аспанды жылытып, нәзік сезімге бөлетсе, биік- биік тауларды басып, қаптағаны жайлы айтады.Осы өлеңнің үшінші шумағы:

Қабағы мұз, суық шал

Қолын алып, қас қаға.

Желде, құзда несі бар,

Қалғыды тас жастана,- деген шумақта ақын табиғаттағы құбылыстарды адам іс - әрекетімен байланыстыра отырып керемет сөзбен сурет салды.

Бұл өлеңде ақын көбіне эпитет пен кейіптеуді көбірек қолданған. Мысалы:

Көк мұнарлы белбеуін

Алып тау бел буына;

Сәлем беріп бұлт керуен,

Талда тауға жығыла,- деп бұлттың тауға сәлем беріп, талдың тауға басын иіп жығылып жатқанын шебер суреттеген.

Сондай - ақ Бұлт - бөбек, тау -ана, -деген тармақта бұлтты бөбек деп ауыстырып тұрса, тауды анасы ретінде ауыстыра отырып қолданған. Өлеңнің мазмұны жеңіл, тілімізге жатық.


Өлеңнің тақырыбы Табиғаттағы құбылысты суреттеу

Өлеңнің авторы Ілияс Жансүгіров

Жанр түрі өлең

Өлеңнің идеясы Табиғат пен адамның іс - әрекетін бейнелі

сөздермен үлгі ету.

Өлеңнің шумақ саны 4

Өлеңнің тармақ саны 1/4,2/4, 3/4, 4/4

Өлеңнің бунақ саны 2

Өлеңнің буын саны 7

Ұйқас түрі: шалыс ұйқас

Әдебиет теориясы: шоқ - шоқ қайталама қос сөз, бейнелеу сөздер.

Кейіптеу: ақын бұлтты адам кейпінде суреттеген.

Мысалы:

Қабағы мұз, суық шал

Қолын алып, қас қаға.

Желде, құзда несі бар,

Қалғыды тас жастана десе, бірде Көгілдір көк күлімдер, шоқы сүйіп дірілдер, бел буына, сәлем беріп бұлт керуен, талда тауға жығыла.

Метафора:Бұлт -бөбек, тау - ана.

Эпитет:Көгілдір көк, көк мұнарлы, алып тау,

Аллитерация:

Қабағы мұз, суық шал

Қолын алып, қас қаға.


Шөгіп шоқ- шоқ тұман, бұлт,

Шоқы сүйіп, дірілдер


Ақынның кез- келген шумақтарын алсаң да бір кәдеге жарайтын ән мәтінін лайық екендігін екінің бірі, егіздің сыңары мойындайды. Табиғатпен етене, ел- жұртымен жақын, дос - жарандарымен емен -жарқын ақын көңілінің аппақ қардай кіршіксіздігі өзіне тартып бауырына басады.

«Ілияс Жансүгіровті қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткерлігін әрқашан бірінші орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері».

(Т.Кәкішев)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ілияс Жанс?гіров ?ле?деріндегі "Б?лт" ?ле?ін талдау

Автор: Курымбаева Жанар Темирхановна

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315757


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства