kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстанның жартастарға салынған суреттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ешкіөлмес деген жерде  жартастарға суреттер табылды.Суреттер ежелгі адамның дүниетанымы туралы мәлімет береді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның жартастарға салынған суреттері»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі


Мектеп: Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магзумова А.С.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың дүниетанымын қалай бейнелейді – 2 сағат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлығы: 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру

Көпшілігі: 5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным – сенімдерін сипаттау

Кейбірі: ежелгі дәуірдегі өнердің даму ерекшелігін сипаттайды;

археологиялық ескерткіштерді салыстыру арқылы, алғашқы адамдардың діни наным-сенімдерін ажыратады;

Бағалау критерийлері



  • тасқа салынған суреттегі бейнелерді ажыратады;

  • суреттегі бейнелердің мазмұнын анықтайды;

  • петроглифтерді салыстырады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды.

Дағдылар:

түсіну,білімін қолдану, талдау

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология: анимизм, тотемизм, фетишизм, магия, өнер, петроглифтер, гравюра, тері өңдеу, пиктография, археология. Оқытудың тілдік мақсаты: Тасқа салынған суреттердегі бейнелер бойынша шағын әңгіме құрастырады (жазылым дағдысы) – «Себебін тап» тапсырмасы. Алғашқы адамдардың өнер ерекшеліктері туралы интерактивті түсіндірмені тыңдайды (тыңдалым дағдысы);

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері.... Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Келесі себептер/факторлар....

Ең басты жетістіктер ...

Құндылықтарды

дарыту

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыстар

Өнер пәнімен байланыса отырып, тасқа салынған суреттердегі ерекшеліктерді, суреттердегі графикалық өзгерістерді талдайды. Петроглифтердің географиялық орналасуын анықтайды. Ежелгі дәуірдегі алғашқы адамдардың діни наным-сенімдерін әлем тарихындағы өзгерістерін ажырата отырып, Испания, Африкадан табылған петроглифтермен салыстырады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация арқылы оқушылардың шығармашылық түрде жұмыстануына мүмкіндік ашылып, пәнге қызығушылығы артады.

Бастапқы білім

Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың антропологиясын, тұрмысын, археологиялық ескерткіштерімен танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

1 сабақ

Сабақтың басы

5 мин


Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.

  1. (Т) 1-тапсырма. «Мозайка» әдісі.

Оқушылар петроглиф суреттерінің мозайкасы негізінде топтарға бөлемін. Петроглифтің жалпы суреті шығатын карточкалы оқушылар бір топқа бірігеді. Әрбір топқа петроглифтің үлкен көлемдегі суреті ұсынамын. Оқушылар өзара талқыға салу арқылы суреттегі бейнені ажыратады. Топқа мына сұрақтарды талдауды ұсынамын: «Петроглифтегі суреттерде алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі көрсетілген бе?», «Ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігімен танысуда бұл суреттер қаншалықты маңызды?» Қосымша 1




презентация

Слайд 2



Сабақтың ортасы

10 мин














5 мин




20 мин
























2 сабақ

15 мин



























5 мин








10 мин















5 мин













Мағынаны тану кезеңі.

  1. (Б) 2-тапсырма. Бейнематериалды талдау. «Тамғалы тас» деректі бейнематериалынан үзінді көрсетіп, мына сұрақтарды ұсынамын:

  • Алғашқы адамдар неліктен бұл суреттерді салды деп ойлайсыздар?

  • Олар қандай ойды білдіргісі келді?

Осы сұрақтардың аясында бүкілсыныптық талқылау жұмысын ұйымдастырамын.

Ықтимал жауаптар: Алғашқы адамдар өз шаруашылығын, діни ғұрпын суретті бейнелер арқылы жеткізуге тырысқан. Олар осы суреттер арқылы қоғамдағы басты өзгерістерді көрсеткісі келді.


  1. (М) «Петроглифтер», «пиктография», «тотемизм», «анимизм», «магия» ұғымдарының мағынасын презентация арқылы түсіндіремін.


  1. (Д) 3-тапсырма. «Зерттеуші маман». Сыныптағы әр оқушы «петроглифтерді зерттеуші маман» кейпіне еніп, өз таңдаған петроглифінің «құпиясын» ашады. Оқушылар өздеріне ұнаған петроглифтерді таңдап, сол туралы барынша көп ақпарат іздейді, оның құндылығын сыныпқа негіздейді. Зерттеу сұрақтары:

  • Петроглифте көбінесе кімдер, қандай көріністер бейнеленген?

  • Алғашқы адамдар суретті салу үшін қандай тәсілдерді қолданған?

  • Тастағы суреттер алғашқы адамдардың дүниетанымы туралы қандай ақпарат береді?

Қосымша 2

Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын. Берілген суреттегі бейнелерге талдау жасауға бағытталған тапсырманы оқушы қабілетіне қарай былайша түрлендіруге болады:

1. Суреттегі бейнелерді ажыратып, 2-3 сөйлемнен тұратын сипаттама жасайды.

2. Жартастағы суреттер арқылы әңгіме құрастырады. Қосымша 3


  1. (Ж) 4-тапсырма. Сыптағы оқушыларды жұпқа біріктіре отырып, Қазақстанда орын алған петроглифтегі бейнелерді ажыратуға тапсырма беремін. Таңбалы, Ешкіөлмес, Қойбағар ескерткіштері туралы шағын мәтіндер мен осы ескерткіштің суреттер топтамасы оқушыларға ұсынамын. Алдымен жұптағы оқушылар 5-6 петроглифтерде көп қайталанатын бейнелерді ажыратып, жазады. Оқушылар бұл петроглифтерді келесі критерийлерді басшылыққа ала отырып, зерттейді:

1. Петроглифтерде бейнеленген аңдардың және т.б. тізімін жасайды;

2. Бейнеленген көріністерді жазбаша сипаттайды;

3. Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды:

- қандай аңдар көптеп салынды? Бұл неге байланысты болды? Сіздер қандай қорытынды шығара аласыздар?

- бейнеленген көріністер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігі туралы қандай ақпарат беруі мүмкін?

- осы петроглифтерді зерттей келе, олардың наным-сенімдері, дүниетанымы туралы қандай нәтиже шығара аласыздар? Тапсырманы тиісті критерийлерге сай түрлендіруіңізге (дифференцияция) болады. Қосымша 4


  1. (Д) 5-тапсырма. «Айырмашылықты анықта». Оқушылар өз зерттеулерінің негізінде Қаратау, Таңбалы, Ешкіөлмес, ескерткіштерінен табылған петроглифтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын. Қосымша 5


  1. (Ж) 6-тапсырма. «Қандай байланыс бар?» Тапсырманы орындау барысында оқушыларды жұпқа біріктіремін. Жұптардың әрбіреуіне Тамғалы суреттерін ұсына отырып, ежелгі суретшілердің күнбасты адамды бейнелеудегі себебін анықтатамын. Оқушылар күнбасты адамның құдайға теңелгендігін ажыратып беруі тиіс. Жұптағы оқушылар күнбасты адамның бейнесін талдай отырып, суреттегі бейнені қағазға түсіруге тырысады. Бейнедегі әрбір элементке сипаттама жасайды. Өз сипаттамаларын кейін басқа жұптарға барып таныстырады. Ортақ пікірге келген жұптар топтарға бірігеді.


  1. (Б) 7-тапсырма. «Себебін тап». «Неліктен қола дәуіріндегі адамдар табиғат күшін құдіретті деп есептеген?», «Адамның діни түсінігіне шаруашылықтың өзгеруі әсер етті ме?» сұрақтары негізінде оқушы өз ойын жазып, сол жағындағы адамға береді. Оқушы ойды жалғап, дәптерді ары қарай жылжытады. Сөйтіп бүкіл топ бір-бірінің ойын жалғайды. Дәптер өзінің иесіне қайтып келгенде оқушы барлық ойды тұжырымдап, қорытынды жасайды.


  1. (Б) Үй тапсырмасы. Оқушыларға үйге тапсырма ретінде «Алғашқы адамдардың шаруашылығы» тақырыбында суретті хат жазуды тапсырамын. Тапсырманы орындау критерийлері:

  1. Сөздерді қолданбай-ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу.

  2. Суретті хаттың мазмұны тақырыпты ашуы тиіс.

  3. Суреттегі әрбір бейненің тиісті мағынасы болуы шарт.


«Тамгалы тас» бейнематериалы

https://www.youtube.com/watch?v=td98ss3MwuE

Слайд 3

тақтада петроглиф суреттері ілінеді








Слайд 5




Петроглифтер-ежелгі заманғы және ортағасырлық өнердің бірегей ескерткіштері

http://bm.yvision.kz/post/421180


http://www.kscience.co.uk/animations/lungs.htm

оқушыларға ноутбуктер таратылады.














Т.С.Садыков,

А.Т.Толеубаев, Г.Халидуллин, Б.С.Сарсекеев. Ежелгі Қазақстан тарихы, 1-бөлім. – Алматы:Атамұра, 2011 ж.


Зайнолла Самашев, Жұмаш Жетібаев. Қазақ петроглифтері. –Алматы, 2005 ж.


Жетісу жартас суреттері.

Баянжүрек.

ЗайноллаСамашев. Алматы. 2010 ж.







Слайд 10

Тамгалы петроглифтері

http://www.uralrockart.ru/p1_gl4_1.html









Слайд 11


Сабақтың соңы

5 мин

10. (Ф) Қорытынды кезеңі. (Д) Кері байланыс. «Бұрыштар пирамидасы». Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін байқап, өзіндік қорытынды пікірін қалыптастыру мақсатында, сыныптың төрт бұрышында жазылған төрт түрлі көзқарастың біріне орналасып, себебін түсіндіреді.

Қызықты болды….

Қиналған жерлерім…

Өзім орындай аламын…

Тапсырманы орындадым…


Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топта ұйымдастыру жұмыстарын алады;

  • Сабақ барысында зерттеу жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытады.

  • «Зерттеуші маман» әдісі арқылы ұсынылған суреттердегі бейнелерді ажыратып қана қоймай, сол бейнелер арқылы ежелгі адамдардың дүниетанымын сипаттайды.

Қабілеті орта оқушылар:

  • Қандай байланыс бар? Тапсырмасы арқылы бірнеше суреттегі бейнелерді ажыратады. Салыстыру кестесін орындайды.

  • Сабақ барысында зерттеу сұрақтарына жауап береді;

  • Орта деңгейдегі жұптық жұмыстарға қатыса алады. (Тапсырма мазмұны бір, орындау уақытына қарай ықшамдалған, бірақ оқушының таңдау құқығы бар)

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Петроглифтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

  • Деңгейлік сұрақтар;

  • Мұғалімнің қолдауы;

  • Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері;

  • Оқушылар өзара бағалайды;

  • Жұппен бағалау жүргізеді;

  • Зерттеу жұмысын қалыптастырушы бағалау ретінде жүзеге асады;

  • Мұғалім әрбір тапсырмаға тиісті кері байланыс беріледі.

Оқушылар сабақ барысында туындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрысжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға: Сабақта қойылған сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарына жеттім.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нен ібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Шартты белгілер:

(Б) – бүкілсыныптық жұмыс

(М) – мұғалім түсіндірмесі

(Д) – дара, дербес жұмыс

(Т) – топтық жұмыс

(Ж) – жұптық жұмыс

(Ф) – формативті бағалаудың мүмкіндіктері














































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстанның жартастарға салынған суреттері

Автор: Жунисбеков Кошербай Аманжолович

Дата: 11.02.2018

Номер свидетельства: 456414

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Қазақстандағы көлік және инфрақұрылым кешені"
    ["seo_title"] => string(56) "k_azak_standag_y_kolik_zh_nie_infrak_u_rylym_kieshieni_1"
    ["file_id"] => string(6) "357965"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478918449"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Қазақстандағы көлік және инфрақұрылым кешені"
    ["seo_title"] => string(56) "k_azak_standag_y_kolik_zh_nie_infrak_u_rylym_kieshieni_2"
    ["file_id"] => string(6) "357966"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478918453"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "?ола д?уірі т?р?ындарыны? ?о?амды?  ж?не м?дени ?мірі "
    ["seo_title"] => string(60) "k-ola-d-uiri-tu-rg-yndarynyn-k-og-amdyk-zh-nie-m-dieni-omiri"
    ["file_id"] => string(6) "150464"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420480396"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Графика ?нері, графиканы? жанрлары."
    ["seo_title"] => string(36) "grafika-onieri-ghrafikanyn-zhanrlary"
    ["file_id"] => string(6) "305294"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457894256"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) ""Графика ?нері" Ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(26) "grafika-onieri-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "174509"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424149821"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства