| Мұғалімнің аты-жөні: | Ажинурова Г.Б. |
| Пән/Сынып: | Қазақстан тарихы, 6 сынып |
| Тарау немесе бөлім атауы: | 6.1 А VI – IX ғасырлардағы Қазақстан |
| Сабақтың тақырыбы: | Атлах шайқасы Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын «халықтар шайқасы» деп атайды? |
| Оқу мақсаты: | 6.3.2.3 – Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау; 6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау. |
| Бағалау критерийі: | Атлах шайқасы туралы біледі; Атлах шайқасының себептерін анықтайды; Атлах шайқасының маңызын талдайды. |
| Саралап оқыту тапсырмалары |
| Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі | Бірлескен жұмыс (1,2тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы |
| Кезеңдері | Тапсырма | Тапсырманың мақсаты | Бағалау | Ресурстар |
| Ұйымдастыру | Сәлеметсіздер ме оқушылар? Сабағымыздың тақырыбы: Атлах шайқасы Бүгінгі сабақта: Сенің білетінің: Сенің меңгеретінің: Атлах шайқасының себептерін анықтайсың; Атлах шайқасының маңызын талдайсың. | Не меңгеретінін білу үшін | | Презентация № 1-2 бет |
| Жаңа сабақ | Сабақтың барысы: Атлах шайқасы өткен жер; Атлах шайқасының себептері; Араб халифатының Атлах шайқасы қарсаңындағы жағдайы; Атлах шайқасының барысы мен нәтижесі; Атлах шайқасының тарихи маңызы. Бейне түсіндіру. | Жаңа тақырыпты меңгеру | | Презентация № 3-8 бет |
| Тәжірибе | 1-тапсырма.Кімдер? Не? Неге? Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беріңіздер. Дескриптор:Білім алушы - Атлах шайқасына кімдер қатысқандығын анықтайды; - 751 жылы не болды? - Түргештер не үшін соғысты, қытай не үшін басқыншылық соғыс бастағанын анықтайды; - Атлах шайқасы қашан болғанын табады; - Атлах шайқасы болған жерді атайды. 2-тапсырма. Сұрақ – жауап | Сұрақ | Жауап | | 1. Атлах шайқасы басталған уақыт. | ? | | 2. Шайқас неше күнге созылды. | ? | | 3. Атлах шайқасына кімдер қатысты. | ? | | 4. Шайқас қандай өзеннің бойында өтті. | ? | | 5. Шайқаста шешуші рөл атқарған тайпа. | ? | Дескриптор: Білім алушы - Атлах шайқасы басталған уақыт анықтайды; - Шайқас неше күнге созылғандығын табады; - Атлах шайқасына кімдер қатысқандығын айтады; - Шайқас қандай өзеннің бойында өткенің табады; - Шайқаста шешуші рөл атқарған тайпаны анықтайды. | Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру | Бағалау критерийлерін ұсыну | Презентация № 9 бет Презентация № 11 бет |
| Қорытынды | Атлах шайқасының тарихи маңызы. 1. Қытай 1000 жылға дейін Жетісуды басып алу ойынан бас тартты; 2. Арабтар Жетісу жерінде көп тұрақтамады; 3. Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі тайпалар өз тәуелсіздігін сақтап қалды; 4. Қазақстан жеріне ислам дінімен қатар араб жазуы мен мәдениеті енді; 5. Түркілер ислам мәдениеті арқылы әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналды. | Тақырыпты меңгергенін анықтау | Бағалау критерийлерін ұсыну | Презентация № 8 бет |
| Үй тапсырмасы | Үйге тапсырма: Болжам жасаңыз Сіздің ойыңызша, неліктен қарлұқтар соңғы сәтте арабтар жағына шықты? Дескриптор: Білім алушы - Өз ойыңызды жазыңыз; - Болжам жасаңыз; -.Дәлел келтіріңіз. | | Бағалау критерийлерін ұсыну | Презентация № 13 бет |