kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атлах шайқасы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атлах шайқасының тарихымен танысу.Қай жылдары болғанын анықтау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атлах шайқасы.»

САБАҚ:

Атлах шайқасы

Мектеп:10

Күні:22.10.2018

Мұғалімнің есімі:Жумашов Жадырасын


СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

6.3.2.3 – Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Атлах шайқасы

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы тақырып

Ежелгі түріктердің жазуы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»


Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

VІІІ-ХІІ ғасырлардағы айқын білінетін ірі өзгерістерден мұсылман әлеміндегі халықтарды басқа елдердің даму дәрежесімен және оларды бір-бірімен теңестіруге мүлдем болмайтынын байқаймыз. Бұл дәуірде ислам діні жан-жаққа тарап, сол елдерде бүкіл дүние жүзінің ең озық өркениетін қалыптастырған еді. Еуропа елдері болса осы уақытта мәдени құлдырауды бастан өткеріп жатты және олар ғылым-білімді дамытуда мұсылмандарға тәуелді болатын. Ислам дінінің әсерімен Орталық Азия мен Африканың солтүстік аймақтарындағы аралықты қамтыған мәдениет Аббасилердің дәуіріндегідей ешқашан гүлденбеген.

Түркілердің Ислам дініне өтуі тарихтағы ең ірі оқиғалардың бірі. Бірақ бүгінге дейінгі кейбір деректерде Ислам дінінің таралуын жазушылар, мәдениетін зерттеушілер Орталық Азияның тарихын ірі өзгеріске ұшыратқан оқиғаны өздерінше басқашалап жазып кетті. Олардың пікірінше:

«1. Ислам қылыштың күшімен тарады.

2. Түркілер қорыққанынан мұсылман болды.

3. Талас соғысынан кейін түркілер амалсыз мұсылман болды.

4. Түркілердің көне діндерінің кейбір үгіттері Ислам дініне ұқсас болды деген сияқты және т.б.».

VІІ-VІII ғасырларда Орталық Азияның тарихында түркі тайпаларының өз-өздерімен соғысып, мықты болған мемлекеттер жеке-жеке бөлініп кетіп әлсіреп тұрған болатын, міне осындай кезді сәтті пайдаланғысы келген Қытайдағы билік етіп отырған Таң империясы Жетісудың кейбір аймақтарын басып алған. Бірақ шекарасының кеңеюі өте мықты қарқынмен дамып жатқан Умәуи халифатының орнына келген, Аббаси халифатының алғашқы ірі жетістіктері болып саналатын, 751 жылғы Атлах шайқасы бүкіл Орталық Азияның тарихи, мәдени және саяси картасын өте қатты өзгерістерге ұшыратуға себеп болды. Осы бір ірі мұсылмандардың жеңісінен кейін Таң патшалығы 1000 жылға дейін Қазақ жеріне аттап баспаған болса, ал ислам діні бұл жерлерде кеңінен тараған және қалалар аз уақытта әсем де көрікті болып дамыды. Бұл болып жатқан мәдени өзгерістерге Аббаси халифатының қосқан үлесі өте көп...

750 жылы 93 жыл билеген Умәуилердің соңғы он төртінші халифасы Маруан ІІ-ні Аббасилердің бірінші халифасы Абул Аббас ас-Саффах құлатты. Оның қолбасшысы Зияд ибн Салих Атлах шайқасында мүсылмандардың әскерін басқарып [1.88], 751 жылы мұсылмандар Талас өзені маңында (Қырғызстан) Қытай әскерімен соғысып жеңіп шықты. Осы ұрыста тұтқынға түскен Қытайлар (20 мыңға жуық адам тұтқынға түсті, 45 - 50 мыңдай қытай әскері өлді) арасында қағаз жасауды білетін шеберлер де бар екен. Міне осылар арабтарға қағаз жасауды үйретті. Әл Макдиси өзінің «Әл Бэду әт-Тарих» еңбегінде: « бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті» деп жазды. Жеңіс түркі халықтарының қытай құлдығынан, оның будда дінінен аман сақтап, ислам өркениетімен дамуына жол ашты [2.18].

Осының нәтижесінде, Бағдатта (793-жылы), сосын Мысыр (шамамен 900 жылы) мен Мароккода (шамамен 1100 жылы) және Испанияда (1150 жылы) қағаз өндірістері ашылды. Арабтардың папирусқа қарағанда жасалуы арзан әрі сапалы қағаз шығаруды үйренуі кітап шығаруды оңайлатты [3.189-190]. Бүкіл Орталық Азияның саяси тарихын өзгерткен осы бір соғыс ғылымның да дамуына үлкен септігін тигізгені шындық. Білім иелерінің түрлі жаңалықтар ашуына, мыңдаған кітаптарды жазуына, осы бір соғыста түркі тайпаларының арабтар жағына өтуі маңызды оқиғаның бірі.

Аббасилардың халифаты (751 - 1258 жж.) кезеңінде түркі халықтары түгел дерліктей хақ дін Исламды қабылдады. Түркілердің ойшылдары, ақылманды оқымыстылары, ел мен әскер басында жүрген көрегенді азаматтары хақ діннің қаншалықты жүрекке конымды һәм жағымды екенін, өздері аңсаған әділет пен рухани тыныштықтың тек осы дінде табылғанын аңғарып, һидаят жолына барды [4.242]. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуіне (себепкер болуы) 200 жылдан астам уақыт кетті. Сол дәуірде туындаған кесек шығармалар бүгінде шығыс әдебиеті мен мәдениетінің інжу-маржанына айналды. Ислам дінін уағыздау және дін оқуды өрістету мақсатымен қалаларда ірі-ірі мешіттер мен медреселер салынды [5.8]. Қазақ жерінде бел алған ислам бірте-бірте христиан дінінде, будданы, зороастризмді және жергілікті тәңірге табынушылықты да ығыстырып, ысырып тастайды. Мысалы, Бирунидің жазуына қарағанда «манидің (манихей) ілімін әр жерге тарататын шәкірттері болды. Ислам елдерінде олардың шоғырланған бірде - бір жері жоқ. Тек Самарқандта (онда бар-жоғы 500-ге жуық адам болған) ғана мани орталығы бар. Мани ілімін Қытай, Тибет, Үндістанның бір бөлігін мекендейтін шығыс түркілердің көбісі ұстанады» [6. 31-32]. Географиялық әдебиеттерде түркілердің арасында исламның таралуы туралы нақты деректер жоқ. Тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты — 960 жыл. Бұл дерек Бағдат қаласында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты құжат жарияланбаған. Шын мәнісінде Ислам дінін бірінші Қарахандықтар қабылдаған. Ол кезде, яғни X ғасырдың аяғына дейін Қарахандықтар Қашғарды билеп тұрды, Бұхара мен Самарқанды жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі 1043 жылы қабылдады (В.В.Бартольд Соч. Т.5 М. 1968, с.205). Бірқатар деректерде түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауы X ғасырдан бастау алды десе, бір деректер VIII ғасырдан басталған дейді, өйткені 751 жылғы Атлах шайқасында мұсылмандардың Аллаһтың көмегімен жеңіске жетуі түркілердің ислам дінін қабылдауын тездетті. Осыдан бастап дінді қабылдаған халық сол кездегі жаңадан пайда болған әлемдік мәдениетті дамытуға атсалысты. Сол кезеңнен қалған сәулет өнері, ғалымдардың шығармалары қазіргі таңда аса зор бағалануда. X ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін салушы Сатук ислам дінін қабылдап, оның ұлы Боғра хан Харуб б. Мұса 960 жылы ислам дінін мемлекеттік деп жариялады. Ислам діні бірінші кезекте қалаларда жақсы таралды. Ибн Хордадбек Фарабтың бас қаласы Кердердегі мұсылман топтары туралы, Ибн Хаукаль Фараб, Кеңжиде мен Шаш аралығында көшіп жүрген мұсылман түріктері жайында жазып кеткен. Әл-Макдиси Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың X ғасырдың аяғындағы қалаларын атай келіп, мешіттерді қалалардағы міндетті құрылыстардың бірі ретінде атаған. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде және Құйрықтөбеге жақын жерден Х-ХІ ғасырларға жататын ең ертедегі мұсылман қабірлері, қаланың орнынан Х - ХІІІ ғасырларда салынған мешіттердің қалдығы және басқа да ірі қалалардан моншалардың болғандығы дәлелденді. Осы сияқты көптеген қазба жұмыстарынан ислам дінінің таралғанын айқын дәлелдейтін заттар анықталды, бірақ ислам діні толық орнықты деп те айтуға келмейді, өйткені, тотемизм мен зороастризмнің белгілері де шығып жатты [7. 480-482].

Түркілердің арасында ислам дінінің беделінің өсуі ІХ-Х ғасырларда шамамен 820 жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды. VІІІ-ІХ ғасырлардағы оқиғаларын баяндайтын деректер Оңтүстік Қазақстан халықтарының жаппай ислам дініне кіргендігін жазады. 840 жылы Нур ибн Асад Испиджабты бағындырады, 859 жылы оның інісі Ахмед ибн Асад Шауғар қаласына жорық жасайды. 766 жылдан бастап Жетісу мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне саяси өктемдігін жүргізген Қарлұқтар мұсылман мәдениетінің ықпалына өзгелерден гөрі бұрынырық түседі. Олар исламды тіпті Махди халифаның (775-785 ж.ж) кезеңінде қабылдады деген пікір бар, бірақ бұл пікір олардың белгілі бір бөлігі жөнінде ғана болуы мүмкін. Өйткені 853 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразды, оның басты шіркеуін мешітке айналдырған. Ислам дінін ұстанатын халықтар көбейген сайын қалаларда үлкен мешіттер салына бастады [8. 92]. Мысалы, Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі. Ал жекелеген қалаларда сауданың жандануы, бұрын мұсылман емес халықтардың дінді қабылдауына ықпал етті. X ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалды. Сол кездегі Орта Азия тұрғындарының лек - лек болып Исламға қосылғаны тарихи әдебиеттерде баяндалады. Мәселен, 960 ж. 200 мың шатыр түркі халқы ислам дінін қабылдаған. Бұл түркі халықтарының тарихындағы ірі оқиға. 1232 ж. қайтыс болған тарихшы Ибн әл-Әсирдің «Әл-Кәлім» деп аталатын 8 томдық кітабында осы оқиғаны: «Түріктерден екі жүз мың шатыр адам мұсылман болды», — деген [4.295]. Бұл оқиғалардан түркі халықтарының біраз бөлігінің ислам дінін кабылдағанын байқаймыз. Бұл кезеңде қалаларда ислам діні кеңінен қалыптасқаны анық, мысалы: Ежелгі Тараз қаласы ислам дінінің осы өңірдегі тарауына тірек болды [1. 95] және тағы бір Орта ғасырдағы гүлденген Испиджаб көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды [1.97], бұдан да басқа қалалар дінді таратуда жақсы істер атқарды.

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі


Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.


«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы 20 минут

Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:


Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)






Оқушылар кестемен жұмыс жасайды

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Атлах шайқасы.

Автор: Жумашов Жадырасын Биболович

Дата: 24.10.2018

Номер свидетельства: 481914

Похожие файлы

object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) ""Атлах шайқасы""
    ["seo_title"] => string(17) "atlakh_shaikasy_1"
    ["file_id"] => string(6) "591058"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1636624339"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "«Тарих қадамдары» интеллектуалды сайысы"
    ["seo_title"] => string(41) "tarikh_k_adamdary_intielliektualdy_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "460791"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1520250475"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Тарих ?адамдары"
    ["seo_title"] => string(15) "tarikhkadamdary"
    ["file_id"] => string(6) "301974"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457020076"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Атаж?рт" интеллектуалды ойыны "
    ["seo_title"] => string(32) "atazhu-rt-intielliektualdy-oiyny"
    ["file_id"] => string(6) "145743"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418984381"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Білімділер" сайысы (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(37) "bilimdilier-saiysy-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "194990"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427827621"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства