Б?л саба?та Абылай хан туралы жалпы т?сінік беріледі. Саба?ты? міндеттері:
1.Абылай ханны? ?мірімен таныстыру
2. Тарихи деректерді тиімді пайдаланы білу
3. ?з ойын еркін жеткізе білуге да?дыландыру
4.Тарихта?ы ?лы т?л?аларды? ерлігін бір –біріне айтады
саба? барысында о?ушылар топта ж?мыс жасайды. саба? барысында тарих п?ні бол?анды?тан "Мен ?аза?пын" атты патриотты? та?ырыпта сергіту с?ті ?йымдастырылады саба? сын т?р?ысынан ойлау технологиясы бойынша ??рыл?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
4.Тарихтағы ұлы тұлғалардың ерлігін бір –біріне айтады
Нәтиже:
Абылай хан туралы түсінік алады.
Топта бірін-бірі оқытады.
Топ басшысы бағалайды
Ресурстар: оқулық, А3, маркер, сандар, АКТ, мәтін
Сабақ барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыты
Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Психологиялық ахуал тудыру. Топқа бөлу. Топ ережелерімен таныстыру
Шаттық шеңберге тұрады. Бір-бірлеріне тілек айтады.
4минут
Қағаз бетіне саяхат
(үй жұмысын тексеру)
Тапсырмалар жазылған парақтарды тарату. Жауаптарын тексерту.
Оқушылар А4 тапсырмаларды орындайды. Сағат тілі арқылы тексеру. Топ басшысы бағалайды.
5минут орындағыйы
2минут тексеру
Қызығушылықтарын ояту
Ассоциация құру туралы түсіндіру. Үздік топты анықтап. Ұжымның алдына шығарып қорғау.
Оқушылар топта бірлесе отырып қазақ хандары туралы ассоциация құрып, қорғайды.
5 минут
Мағына ашу
Өрмекші тәсілін түсіндіру.
Мәтінмен танысу. Топта мәтінді талдау. Орын ауыстыру, келесі топта талдау. Өз орына қайтып келеді.
12 минут
Сергіту сәті «Мен қазақпын» 1,5 минут
Оқулықпен жұмыс
Проблемалық сұрақ.
Оқушылар топта оқулықпен жұмыс жасайды.
5минут
Сұқсаусақ
Сұқсаусақ тәсілі арқылы топты таңдау. Сол топ ұжым алдында Абылай кім сұрағын қорғайды.
Қорғай отырып, дәлелді сөйлей білу.
3 минут
рефлексия
Парақшаларды таратып беру.
Кімге бергің келеді?
Оқушылар 2-жұлдыз(не ұнағандығын айтады) және 1 –тілек
3минут
Күн мен түн
Күнмен түнді орындауды түсіндіру
Сабақты түсінген оқушылар күн жаққа, ал әліде толық түсінбеген оқушылар түн жағына тұрады
1минут
бағалау
Бағалауды сұрау
Топ басшысы бағалайды. Топ басшысын топтағылар бағалайды.
3минут
Абылай (Әбілмансұр) хан (1711 - 1781) Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз - Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе - жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «Ақтабан Шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш - жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған жиырмадан астам күйлері бар. Төле бидің тәлім - тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т. б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда Абылай 20 жасында қан майданында ерлігімен танылған. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілеріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып Абылай атанады.
Абылай қаһарлы хан болумен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол « Ақ толқын», «Ала байрақ», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қаражорға», «Сары бура», «Шаңды жорық» т. б күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қ. А. Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақ сарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелден 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді.
Үй жұмысын тексеру
Тарихи диктант Нүктенің орнына тиісті сөзді қой 1................. Қайып хан қаза болды? 2. Әбілхайыр ханды................... етіп сайлады. 3. Әбілхайыр қолбасшылық еткен қазақ жасақтары............... Жоңғарларға күйрете соққы берді. 4. Әбілхайыр хан Ресейден көмек сұрап,................... аттандырды. 5. Қазақстанның Ресей империясына бодан болуы................. басталды.
Өзіңді тексер
Қайып хан өлгеннен кейін Кіші жүзді кім басқарды?
Сәмеке Әбілқайыр Есім
Кіші жүздің Ресей бодандығына қабылданғандығы туралы грамотаға кім ұол ұойды?
Петр1 Анна Иоанновна Екатерина 1
Әбілқайыр қай жылы Ресейге елшілік жіберді?
1727жылы 1726жылы 1730жылы
Қазақстанның Ресей құрамына кіре бастағаны қай жылға әйкес келеді?
1730жылға 1731жылға 1726жылға
Бұлантты шайқасында қазақтарды басқарған қазақ хандары кім
Тәуке Қайып Әбілқайыр
Дұрыс жауабын табыңдар:
Тәуке ханның мирасқоры Әбілқайыр
Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші Ордабасы
Қазақтың игі жақсылары мен жайсаңдары Қайып жиналған жер