kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе: «Абылай хан – ерлік д?уіріні? ерен т?л?асы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Муканова Г.Б.

А?мола облысы

К?кшетау ?аласы

№ 17 орта мектебі

?аза? тілі мен ?дебиеті

п?ні м??алімі

Эссе: «Абылай хан – ерлік д?уіріні? ерен т?л?асы»

Абылай хан! ?аза? хал?ыны? да??ты тарихында ?шпес із ?алдыр?ан осы бір феномен т?л?а туралы мен не білемін деп ойландым. Расында да, мені? Абылай т?л?асына ?атысты білетінім к?п екен. Себебі, біріншіден, мен ?аза?стан атты бейбітшілікті? бесігі, ж?здеген ?лт пен ?лыс?а сая бол?ан с?йікті Отанымны? азаматымын. Ту?ан елім мен жерімні? кешегі, б?гінгі тарихын білу – мені? азаматты? борышым деп білемін. Екіншіден, жау шап?анда ата-анасынан айырылып, т?рбиешісіне еріп Сарыар?а?а бас сау?алап келген жас бала Сабала?ты ?арсы алып бауырына бас?ан, ержеткенде ?йлендіріп, хан к?терген – ?анай баста?ан к?кшетаулы? билер мен батырлар  екендігі де ма?ан таныс м?лімет.

Абылай ханны? ?мірі мен ?ызметі жолында К?кшетауды? орны ерекше бол?анды?ын мен 2013 жылды? ?азан айында ?ткен «?лы ханны? 300 жылды?», «?аза?  ханды?ыны? ??рыл?аны? 550 жыл толу»  мерейтойымен де байланыстырамын ж?не осы д?бірлі іс-шара?а аз да болса ?лес ?осып, атсалыс?анымды зор м?ртебе санаймын.

Осы бір ?ажайып с?лу ?лкеде ?аза?ты? ?ш ж?зіні? басын ?осып, ?ыры? сегіз жыл билік ??р?ан Абылай хан туралы  а?ыздарды, мектеп ?абыр?асында ж?ргенде ?стаздарымызды? айтуымен, кинофильмдерді к?ру ар?ылы біліп ?стік. Мен – ?зге алыс облыстарды? т?р?ындары тек кітаптан о?ып, теледидардан ?ана тамашалайтын, Абылай хан?а, оны? да??ты батырлары мен ?рпа?тарына ?атысты ?лкелер, ала?дар мен орман тауларды к?нде немесе жиі к?ріп, ма?таныш сезімге б?ленуге м?мкіндігім бар к?кшетаулы?пын!

Басына т?скен ?андай ?иынды? болса да т?зе білген, жиырма жасында жекпе-жекте жо??арды? алып батырын же?іп, ерлігін дос-д?шпанына мойындат?ан, елу жылдай ел бас?арып, а?ылдылы?, дипломатиялы? ?атынастарда к?регендік таныт?ан Абылай т?л?асы – кім-кімге болсын ?лгі екендігі аны?.

?рбір халы?ты? мемлекет ??ру, ?сіп-?ркендеу тарихында ?атерлі де да?дарысты кезе?дер болатыны ж?не кейбір ?лттарды?, немесе мемлекеттерді? жер бетінен жойылып та кеткендігін біз жа?сы білеміз. ?аза? хал?ыны? басында осындай жа?дай  Х?ІІІ ?асырда туындап, ?лкен к?йзеліске ?шыра?анды?ы тарих о?улы?тарында аны? жазыл?ан.

Ішкі бірлікті? ?лсіреуінен ?аза? ж?здері, жекелеген  рулар жан-жа??а шашырады. «Тоз?ан ?азды топтан?ан ?ар?а алады» деп ?аза? даналы?ыны? ?зі айт?анындай, к?ршілес державаларды? ?здіксіз шабуылына ?шыра?ан ?аза? жаса?тары к?бінесе же?іліп тауып отырды.

Міне, Абылай хан осындай кезе?де тарих сахнасына шы?ты. Абылай хан е? алдымен, ?аза? ?лтыны? бірлігін ?амтамасыз етті. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегенді хандар мен с?лтандар?а, батырлар мен билерге мойындатты. ?аза? хал?ымен ?асырлар бойы жауласып, к?птеген ш?райлы жерлерін тартып ал?ан Жо??ар ханды?ы жойылуына ?лкен ?лес ?осты. Ресей, ?ытай, Ау?анстан, Персиямен дипломатиялы? байланыс орнатып, ?аза? ханды?ыны? т?уелсіздігін са?тап ?алды. Міне, мені? Абылай хан туралы білетін басты ма?л?маттарым. Абылай хан?а арнал?ан ?ле?дер, поэмаларды? ?зі ?лденеше том кітап болуы – халы?ты? шынайы с?йіспеншілігіні? ай?а?ы болар.

Абылай хан тек ерж?рек батыр, ?олбасшы сардар, елбасы хан, к?реген дипломат ?ана емес, керемет к?йші бол?анды?ын мен ерекше ?ыры деп танимын. ?аза? даласында тынышты? пен татулы? орнатып, мемлекетті ны?айт?ан ?лы ханды ту?ан хал?ы еш?ашан ?мыт?ан емес.  Абылайды? ?рпа?ы, ?аза?ты? ?лы ?алымы Шо?ан У?лиханов: «Абылай хан д?уірі – ?аза?тарды? ерлігі мен серілігіні? д?уірі» деп ба?а берген екен. Мені?ше, Бірінші Петр, Дж.Вашингтон сия?ты ?айраткерлерді? Ресей, А?Ш тарихында?ы р?лі ?андай болса, Абылай ханны? да ?аза?стан ?шін орны сондай деп ойлаймын.

Абылай хан ту?ан хал?ын отыры?шы ?ылуды арманда?ан екен. Алайда ол арманына жетіп ?лгермеді. Орындал?ан сол бір арман туралы, ерлік д?уірді? ерен т?л?асы жайлы ?Р Президенті, Елбасы Н.?.Назарбаев былай деген болатын: «Абылайды? арманына ?азіргі ?аза?стан ?ол жеткізгенін ерекше ма?тан т?тып, ішкі ынтыма?ымызды, с?ттей ?йы?ан татулы?ымызды са?тау?а ?ызмет ету баршамызды? парызымыз!».

Абылайдай ?лы ханды ?лы?тай отырып жолда?ан Елбасыны? б?л аманат ?ндеуін орындау – барша ?аза?станды?тарды? ?асиетті борышы, азаматты? парызы емес пе! Мені? т?сінігімдегі ?аза?станды? патриотизмні? т?йіні де осы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе: «Абылай хан – ерлік д?уіріні? ерен т?л?асы»»

Муканова Г.Б.

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы

17 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі



Эссе: «Абылай хан – ерлік дәуірінің ерен тұлғасы»



Абылай хан! Қазақ халқының даңқты тарихында өшпес із қалдырған осы бір феномен тұлға туралы мен не білемін деп ойландым. Расында да, менің Абылай тұлғасына қатысты білетінім көп екен. Себебі, біріншіден, мен Қазақстан атты бейбітшіліктің бесігі, жүздеген ұлт пен ұлысқа сая болған сүйікті Отанымның азаматымын. Туған елім мен жерімнің кешегі, бүгінгі тарихын білу – менің азаматтық борышым деп білемін. Екіншіден, жау шапқанда ата-анасынан айырылып, тәрбиешісіне еріп Сарыарқаға бас сауғалап келген жас бала Сабалақты қарсы алып бауырына басқан, ержеткенде үйлендіріп, хан көтерген – Қанай бастаған көкшетаулық билер мен батырлар екендігі де маған таныс мәлімет.

Абылай ханның өмірі мен қызметі жолында Көкшетаудың орны ерекше болғандығын мен 2013 жылдың қазан айында өткен «Ұлы ханның 300 жылдық», «Қазақ хандығының құрылғаның 550 жыл толу» мерейтойымен де байланыстырамын және осы дүбірлі іс-шараға аз да болса үлес қосып, атсалысқанымды зор мәртебе санаймын.

Осы бір ғажайып сұлу өлкеде қазақтың үш жүзінің басын қосып, қырық сегіз жыл билік құрған Абылай хан туралы аңыздарды, мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздарымыздың айтуымен, кинофильмдерді көру арқылы біліп өстік. Мен – өзге алыс облыстардың тұрғындары тек кітаптан оқып, теледидардан ғана тамашалайтын, Абылай ханға, оның даңқты батырлары мен ұрпақтарына қатысты өлкелер, алаңдар мен орман тауларды күнде немесе жиі көріп, мақтаныш сезімге бөленуге мүмкіндігім бар көкшетаулықпын!

Басына түскен қандай қиындық болса да төзе білген, жиырма жасында жекпе-жекте жоңғардың алып батырын жеңіп, ерлігін дос-дұшпанына мойындатқан, елу жылдай ел басқарып, ақылдылық, дипломатиялық қатынастарда көрегендік танытқан Абылай тұлғасы – кім-кімге болсын үлгі екендігі анық.

Әрбір халықтың мемлекет құру, өсіп-өркендеу тарихында қатерлі де дағдарысты кезеңдер болатыны және кейбір ұлттардың, немесе мемлекеттердің жер бетінен жойылып та кеткендігін біз жақсы білеміз. Қазақ халқының басында осындай жағдай ХҮІІІ ғасырда туындап, үлкен күйзеліске ұшырағандығы тарих оқулықтарында анық жазылған.

Ішкі бірліктің әлсіреуінен қазақ жүздері, жекелеген рулар жан-жаққа шашырады. «Тозған қазды топтанған қарға алады» деп қазақ даналығының өзі айтқанындай, көршілес державалардың үздіксіз шабуылына ұшыраған қазақ жасақтары көбінесе жеңіліп тауып отырды.

Міне, Абылай хан осындай кезеңде тарих сахнасына шықты. Абылай хан ең алдымен, қазақ ұлтының бірлігін қамтамасыз етті. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегенді хандар мен сұлтандарға, батырлар мен билерге мойындатты. Қазақ халқымен ғасырлар бойы жауласып, көптеген шұрайлы жерлерін тартып алған Жоңғар хандығы жойылуына үлкен үлес қосты. Ресей, Қытай, Ауғанстан, Персиямен дипломатиялық байланыс орнатып, Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалды. Міне, менің Абылай хан туралы білетін басты мағлұматтарым. Абылай ханға арналған өлеңдер, поэмалардың өзі әлденеше том кітап болуы – халықтың шынайы сүйіспеншілігінің айғағы болар.

Абылай хан тек ержүрек батыр, қолбасшы сардар, елбасы хан, көреген дипломат қана емес, керемет күйші болғандығын мен ерекше қыры деп танимын. Қазақ даласында тыныштық пен татулық орнатып, мемлекетті нығайтқан ұлы ханды туған халқы ешқашан ұмытқан емес. Абылайдың ұрпағы, қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Абылай хан дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің дәуірі» деп баға берген екен. Меніңше, Бірінші Петр, Дж.Вашингтон сияқты қайраткерлердің Ресей, АҚШ тарихындағы рөлі қандай болса, Абылай ханның да Қазақстан үшін орны сондай деп ойлаймын.

Абылай хан туған халқын отырықшы қылуды армандаған екен. Алайда ол арманына жетіп үлгермеді. Орындалған сол бір арман туралы, ерлік дәуірдің ерен тұлғасы жайлы ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын: «Абылайдың арманына қазіргі Қазақстан қол жеткізгенін ерекше мақтан тұтып, ішкі ынтымағымызды, сүттей ұйыған татулығымызды сақтауға қызмет ету баршамыздың парызымыз!».

Абылайдай ұлы ханды ұлықтай отырып жолдаған Елбасының бұл аманат үндеуін орындау – барша қазақстандықтардың қасиетті борышы, азаматтық парызы емес пе! Менің түсінігімдегі қазақстандық патриотизмнің түйіні де осы.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Эссе: «Абылай хан – ерлік д?уіріні? ерен т?л?асы»

Автор: Муканова Гульмира Бримжановна

Дата: 15.11.2015

Номер свидетельства: 253251


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства