Просмотр содержимого документа
«?лы Же?іске -70жыл »
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Май орта мектебі
тарих пәні мұғалімі
Кусаинов Дамир Асқарұлы
Сабақтың тақырыбы : Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлесі жайлы оқушыларға мағұлмат беру.Отан соғысының батырларының ерлікткрімен таныстыру, сонымен қатар жеңістің тарихи маңызы жайлы білім алуға көмектесу .
Дамытушылық:Нақты мәліметтерді анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасай отырып , өз беттерінше шығармашылық ізденіске дағдыландыру ,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырларды үлгі ете отырып ерлік істерге,патриотыққа тәрбиелеу ,батырлардың ерлігін құрметтеуге үйрету .
Сабақтың түрі : Саяхат сабақ
Көрнекілігі : интерактивті тақта, КСРО картасы, суреттер, портреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ,келген қонақтарды психологиялық икемге келтіру.
Балалар,бүгінгі біздің сабағымыз ерекше.Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Олар,сендердің күш-жігерлерінді ,білімдерінді,еңбекқорлықтарынды бағаламақшы. Ендеше, бір-бірімізге бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне тілек білдіріп , көңіл-күйімізді көтерейікші.Ол үшін , жанымызда отырғаннан қолынан ұстап, сәттілік тілейікші.РАХМЕТ!
Эпиграф:Отаның үшін отқа түс күймейсің
Ер азамат , еңбек ,ерлік, ел ерікті
Еңбектің өрнегімен жер көрікті,
Мындаған Қазақстан күрескері,
Жеңіске жеткізді елін,ерлер елі.
Балалар,менің білуімше іздемпаз балаларсыңдар.Cондықтан, бүгін біз сендермен Ұлы Отан соғысына саяхат жасаймыз. Саяхат жасамас бұрын атымыздың басын тірейтін аяламаларымыздың анықтап алайық. Ендеше ,экранға назар аударыныздар:
Аяладамалар,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Деректі фильмді көру.
I аялдама:”Бәрі де жеңіс үшін!”
1.Қатені жіберме ойыны:
Кел ,баршамыз жиналып ,
Иә ма,жоқ па ойнайық,
Мен бастайын ойынды,
Түрлі сауал қоюды
Сұрақ қойған кезімде
Сен иә де,не жоқ де,
Қалмақ үшін жаңылып
Сұрағымның мәнің ұқ!
№
Мазмұны
ия
жоқ
1
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 ж 1 қыркүйек Германияның Польшаға шабуылынан басталды
+
2
Гитлердің КСРО-ны жаулап алу соғыс жоспары “Бисмарк”
+
3
Ленинград 500 күн бойы жау қоршауында тұрды
+
4
316-атқыштар дивизиясын генерал – майор И. В. Панфилов басқарды
+
5
Ұлы Отан соғысы жылдары 1 млн 200 мың қазақстандық армия қатарына алынды
+
6
Ұлы Отан соғысы 1945 ж 9 мамыр күні Кеңес Одағының жеңісімен аяқталды
+
Тарихымның тарауын,
Қайталадық әр-сәтте
Айтындаршы білейсін,
Ұнады ма бұл ойын ?
2.Бұл қай жылы болды? (Домино ойыны)
1 . Ұлы Отан соғысы басталды ?
1941 ж 22маусым
2.Мәскеу үшін шайқас болды?
1941ж 30 қыркүйек-1941ж 6 желтоқсан
3.Алғаш Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандық жауынгер?
К. А. Семеченко
4.Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен?
Рақымжан Қошқарбаев
5.Ұлы Отан соғысы аяқталды?
1945 жылы 9 мамыр
3.»Бәрі де жеңіс үшін !» суреттерді қорғау
4. «Сөзді тап»
Ш
М
Ф
А
И
З
Г
Е
Т
И
Р
Л
Осы сөздер қалай байланысты?
II.Жаңа тақырып:
II аялдама. «Батырлар ерлігі »
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін,
Қастерлеп батыр елі үшін
Әлия, Мәншүк, Бауыржан дай ағалар мен апалар
Жаулардың көзін жойды олар.
«Батырлар аялдамасында біз атақты Кеңес Одағының Батырларымен танысамыз:Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова,Бауыржан Момышұлы,Талғат Бигельдиновпен.
Оқушылар Әлия,Мәншүк,Бауыржан туралы өлеңдер оқиды.
Әлия Молдағұлованың өмірбаяны :
Әлия Нұрмұхамметқызы Молдағұлова(шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты)(1925жылы 15 маусымда (кейбір деректерде 25 қазан,20 сәуір),Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында туған-1944жылы 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылында қайтыс болды.)- Кеңес Одағының батыры (1944ж),снайпер, ефрейтор.
1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген.Бала кезінде анасынан айырлып (1933ж), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған,
Ал 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы,Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9- орта мектебінде оқыды.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталығында әйелдер мектебін аяқтайды. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.1944ж.14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова(шын есімі Мәнсия)-1922жылы Орал облысы Орда ауданы дүниеге келген-1943 жылы 16 қазанда қазақтың каhарман қызы қаза тапты, Кеңес Одағының Батыры(1944ж)
Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық шағын Алматыда Ә.Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
Аға сержант ,пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті.Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып ,қаhармандықпен қаза болады.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982жж)- Кеңес Одағының батыры,жазушы,Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,батальон қолбасшысы, стратег және тактик.
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.
Батальон командирі ретінде аға лейтенант Б. Момышұлы Москва үшін шайқаста 27 рет ұрысқа қатысты.Бауыржан Момышұлына 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Б . Момышұлының еңбектері: «Ұшқан ұя» ,» Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы» ,«Майдан», «Генерал Панфилов» ,және т б
Талғат Жақыпбекұлы Бигельдинов (1922-2014жж)-Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.1922жылы 5 тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында ,Ақмола облысының өзен-көлі тасыған ,емдік суы атқылған Майбалық ауылында дүниеге келген.
1942 жылы майданға аттанады.Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. Фашистер көздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшағын Қара ажал деп атаған. Кеңес Одағының екі мәрте батыры.
Кестені толтырайық
Әлия
Молдағұлова
Мәншүк
Мәметова
Бауыржан
Момышұлы
Талғат
Бигелдинов
Өмір сүрген жылдары
Туып-өскен жері
Соғысқан майданы
Соғыста кім болды
Кеңес Одағының батыры атағын алғандар
КСРО бойынша
11600 адам
Қазақстаннан
497
Қазақтар
97
Ең алғаш Казақстандық
К.А. Семеченко
Ең жас қазақ жауынгері
Ж. Елеусізов 18 жасар
2 мәрте
Т .Бигелдинов, Л. Беда,С. Луганский,И. Павлов
3 мәрте
И. Кожедуб
III.қорытынды аялдама :»Естен кетпес сол бір күндер
жыл/ оқиға
1910ж
24 желтоқсан
1945 ж 9 мамыр
1941ж 22маусым
1942 жылы
1941ж қараша
1941-1945жж
II-ші дүниежүзі-лік соғыс
Ұлы Отан соғысы басталды
Т.Бигелдинов майданға аттанады
Б.Момышұлы туды
Жеңіс күні
Кестені толтырып болған соң,» Жеңіс күні» әні орындалады, слайдтер көрсетіледі.