Тарихи-танымдық викториналық сұрақтар мен тапсырмалар
«ТАРИХ БІЛГІРЛЕРІ »
Мұғалімі: Айдарова Д.Л.
Рудный, 2019 жыл
Сынып: 9Ә, 9Ә1
Күні:
Пәні: Қазақстан тарихы
мақсаты: Тарих апталығының өткізілуіне байланысты білімдерін тексеру.
Викториналық сұрақтар:
9әсыныбы 1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 3. Шоқанның әжесі? (Айғаным). 4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 5. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 7. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 8. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек). 9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 2-топқа: 9ә1 1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 2. Абайдың туған жылы? (1845). 3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 7. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай). 8. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»). 9. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
Викториналық сұрақтар 9ә-сынып
1) Абай Құнанбаев кім ? (ақын ,ж азушы) 2) Халық ауыз әдебиеті. 3) Көп тіл білуші ( полиглот) 4) Түйе сүті ( Шұбат)
5) Ол болса ән де болады ( Нан) 6) Жыл мезгілдері (күз, қыс , көктем, жаз) 7) Салтанатты ән. 8) Қазақтың ұлттық баспанасы ( Киіз үй ) 9) ҚР конституция күні. ( 30 тамыз) 10) Абай Құнанбаевтың шын аты? ( Ибраһим )
Викториналық сұрақтар 9ә1-сынып
1)Шығыстың бірінші философы.
2) Ертегілер кейіпкері.
3) Қазақ тілінде неше септік бар, атап шық (7 атау, ілік , барыс, табыс, жатыс, шығыс , көмектес )
4) Абай Құнанбаевтың анасы? ( Ұлжан )
6) ҚР-ң рәміздері ( ту, елтаңба , әнұран )
7) Қазақстан егемендігінің белгісі? ( Бүркіт )
8) Алматы қаласындағы Республика алаңында орнатылған манумент (алтын адам )
9)Отырар шахарында 870жылы туған данышпан ұстаз?
10) ҚР-нхалықтарының бірлігі күні ( 1 мамыр )
Викториналық сұрақтар 9ә-сынып
1) Тілдер мерекесі жыл сайын қай күні тойланады? (22 кыркүйек )
2) Ержүрек, батыл адам ( Батыр )
3) Мұсылмандардың қасиетті кітабы ( Құран )
4) Қазақтың ұлттық киімдері ( СӘУКЕЛЕ, ШАПАН, ТОПЫ КАМЗОЛ )
5) Абай жолы '' романын жазған кім? '' ( Мұхтар Әуезов )
6) Бір аптада неше күн бар? (Дүйсенгбі Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма , Сенбі , Жексенбі)
7) Астана қаласының бұрынғы атауларының бірі (Целиноград ) 8) Қазақстанның туының түсі қандай (көгілдір түсті )
9) Абайдың орыс достары? ( Э.П михаэлис , Ф.Н Достаевский )
10) ҚР-ң халықтарының бірлігі күні? ( 1 мамыр )
Білімді- мыңды жығады , білекті бірді жығады
Мақал- мәтелдер сайысы
9ә- сынып
Өнер алды.......... (қызыл тіл)
Отан оттан.......... да (ыстық)
Отансыз адам-ормансыз........ ( бұлбұл )
Мектеп- кеме , білім...... ( теңіз )
Тіл-тас жарады , тас жармаса....... ( бас жарады )
Қосымша көмек. Мұғалім: 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - ші Май ауылында дүниеге келді. 1991 жылы 2 - ші сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ - 13» кемесімен ғарышқа ұшты. (Тоқтар Әубәкіров)
Мұғалім: Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. 21 жасынан бүкіл Бұқара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған. « Жеті жарғы» әдет ғұрып заңдар жинағын құруға қатысқан. (Әйтеке би)
Мұғалім: (1890 - 1941) - аса көрнекті саяси, қоғам жөне мемлекет кайраткері, журналист, гуманист, демократ. Түркістан (Қокан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрі, үкімет төрағасының орынбасары, қызметтерін атқарды. Қазан революциясына қарсы болған қайраткер. (Мұстафа Шоқай)
9Ә1 сыныбы
ІІ топ Жәңгір хан, Махамбет Өтемісұлы, Әлихан Бөкейханов
Қосымша көмек. Мұғалім: 1801 жылы дүниеге келген. 1815 жылы мұрагерлікпен хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін ол Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Ол билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. (Жәңгір хан)
Мұғалім: Махамбет - ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Ішкі Ордада Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 жылы қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Қараой деген жерде қаза болған. 1836 - 1838 жылдары болған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Махамбет " Ереуіл атқа ер салмай ", "Ұлы арман ", "Жайықтың бойы көк шалғын", "Атадан туған ардақты ер", т. б. жырлары бар. (Махамбет Өтемісұлы)
Мұғалім: (1866 - 1937) - ұлт - азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, аудармашы. 1917 жылы Қазақстан бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрды, 1917 жылы желтоқсанда екінші бүкілқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы — «Алашорда» жарияланды. (Әлихан Бөкейханов)