Просмотр содержимого документа
«Ел тарихын білесің бе?»
Ел тарихын білесің бе? (сыныптан тыс шара)
/7 - 8 сынып оқушылары арасында өткізілген зияткерлік ойын/
Мақсаты: ойын барысында оқушылар Қазақстан тарихы пәнінен түрлі тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере отырып, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке деген ұмтылысы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар, мәдениет төңірегіндегі сауалдарға жауап бере алады, оқушының ойлау қабілетін дамытып, тарих пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
Білімділік:Оқушылардың тарих сабағынан игерген білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз еліне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: зияткерлік ойын барысында оқушылар сыныптар бойынша топтасып, 5-оқушыдан үш топқа бөлінеді. Әр топтан бір-бір капитан сайланады. Әрбір орындалған тапсырма 5-10 балдық жүйемен бағаланады.
Көрнекіліктер: тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, қазақ хандарының суреттері.
Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Алда келе жатқан ұлттық мерекелеріміз баршамызға құтты болсын! Және осы мерекелермен тұспа-тұс келген "Тарих апталығы" аясында 7-8сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған "Ел тарихын білесің бе?" атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысатын топтармен таныс болыңыздар:
1топ "Жеті Жарғы"
2топ "Алтын Орда"
3топ "Дала жолы"
Сайысымызға баға беретін әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар:
Сайыскерлерге сәттілік тілейміз! Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
І кезең:Миға арналған жаттығу. Командаларға 7-сұрақ қойылады, көп ұпай алған команда ойынды бірінші бастауға мүмкіндік алады. Бұл кезеңде оқушының ойын жинақтау мақсатында төменгі сыныптарда өткен материалдар қамтылады:
1. Қожа Ахмет Йасауидің "Даналық кітабы" қай тілде жазылған? /араб/
2. Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған? /массагеттер/
3. Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? /Битянь/
4. Сақ қоғамы неше топтан тұрады? /3топтан, абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер/
5. "Теле" сөзінің мағынасы нені білдіреді? /Түрік/
7. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл /Әбу Насыр әл-Фараби/
ІІ кезең: "Ел тарихының білгірлері" бұл кезеңде әр топқа ел тәуелсіздігіне байланысты үш сұрақ қойылады:
І топ:
1. Қазақстан қашан өз тәуелсіздігін жариялады? /1991ж.16-желтоқсан/
2. Қазақстан республикасының рәміздері қабылданған жыл? /1992жыл/
3. Астананың тұсаукесері қай жылы өтті? /1998жыл, 10маусым/
ІІ топ:
1. "Тәуелсіздік монументінің" ұшар басындағы бейнелер? /алтын адам және жолбарыс/
2.Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті?/1991жылы,1 желтоқсан/
3. Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? /Орынбор/
ІІІ топ:
1. Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім? қай жылы? /Т.Әубәкіров, 1991 жыл 2-қазан/
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? /Көшпенділер/
3. Қазақстан Республикасының Ата Заңы неше бөлім, неше баптан тұрады? /9 бөлім, 98 бап/
ІІІ кезең: "Дархан даламның батыр бабалары" бұл кезеңдеқазақ даласында әр кезеңде өмір сүрген қазақ батырлары туралы білгендерін ортаға салады. Әр топқа екі сұрақтан қойылады:
І топ:
1. Жаугершілік заманында 50-жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр? /Бөгенбай батыр/
2. Абылай хан бұл батырды тапқырлығы, алғырлығы үшін ерекше бағалаған, бұл қай батыр? /Баян батыр/
ІІ топ:
1. Тәуке ханның "Жеті Жарғысын" жасауға қатысқан қазақ батыры кім? /Бөгенбай батыр/
2. 7-жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім? /Қабанбай батыр/
ІІІ топ:
1. Ұлы Жүздің шапырашты руынан шыққан батыр кім? /Наурызбай батыр/
2. Қазақ халқының азаттығы туралы жырлаған батыр кім? /М. Өтемісұлы/
ІV кезең: "Капитандар сайысы" бұл кезеңдеәр топтың капитандарына бір мезетте 20-сұрақ қойылады, осылайша ең көп ұпай жинаған капитан жеңімпаз атанады:
1. Қазақстан Республикасы жерінен көлемінен нешінші орында? /9орын/
2. Қазақстандағы облыстар саны қанша? /14/
3. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері не? /шекара, ақша, әскер/
4. Атырау қаласының бұрынғы аты? /Гурьев/
5. Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған Қазақстанның қай аймағы? /Оңтүстік Қазақстан/
6. Жерұйықты іздеген адам кім? /Асан Қайғы/
7. "Сарыарқа", "Кішкентай" күйлерінің авторы кім? /Құрманғазы/
8. Хан тұқымынан шыққан атақты күйші кім? /Дәулеткерей/
9. Қазақ хандығы құрылған жылдар? /1465-1466 жылдар/
10. Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар? /Жәнібек пен Керей/
11. Қазақ хандығының аумағын кеңейткен, үш жүздің басын біріктірген, ұлы мемлекет қайраткері кім? /Абылай хан/
12. Қазақтың төбе биі кім? /Төле би/
13. Елші ретінде Жоңғар хандығына барып Абылайды босатып әкелген қазақ биі кім? /Қазыбек би/
14. Кіші жүздің атақты биі кім? /Әйтеке би/
15. 1680-1715 жылдары ел билігін қолына алған қазақ ханы кім? /Тәуке хан/
16. "Қазақтардың қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманы" қай ханның тұсында болды? /Тәуке хан/
17. Абылай ханның ішкі-сыртқы саясатына мейлінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? /Бұқар жырау/
18. Түркі халықтарының ортақ ұлы ойшылы, жырау, қобызшы кім? /Қорқыт ата/
19. Қазақтардың нанымы бойынша отбасы мен балалардың қорғаушысы кім? /Ұмай ана/
20. Қазақ халқы жорыққа шыққанда алып шығатын аспап түрі? /Дауылпаз/
Әрі қарай 4-кезеңнің қорытындысы бойынша нәтижелер шығарылып, жеңімпаздар анықталады, марапатталады.