kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Са?тар тарауын ?орытындылау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:     «Са?тар тарауын ?орытындылау»
Саба?ты? ма?саты:  Са?тар туралы о?ушыларды? ал?ан білімдерін ?орытындылау, еске т?сіру, ?айталап пысы?тау.
Саба?ты? т?рбиелілігі:  О?ушыларды ?з еліні? ?ткен тарихына ??рмет, ?лгі т?та білуге, бірлікке, адамгершілікке, ерлікке, ?асиетті м?раларымызды ба?алай білуге т?рбиелеу.
Саба?ты? дамытушылы?ы: О?ушыларды? ойлау, с?йлеу, есте са?тау ?абілеттерін дамыту, ?з ойларын ?орытынды жасай білуге да?дыландыру.
Саба?ты? типі: ?орытындылау, бекіту.
Саба?ты? к?рнекілігі: ?аз картасы, интерактивті та?та, слайдтар, тарихи суреттер.

№2Слайд:

Саба?ты? барысы:  1. ?йымдастыру.
                                  2. «Ж?лдызды с?т» ойыны.
                                  3. «Тарихи т?л?аны таны»
                                  4. «Мына с?здерді кім айт?ан?»
                                  5. «Са? тарихын білесі? бе?»
                                  6. «Тап?ыр топ» кезе?і
                                  7. «топты? ж?мыс»
                                  8. «Кестені д?рыс толтыр»
                                  9.  «Карта?а са? тайпаларын орналастыр»
                                 10. ?ортындылау
                                 11. Ба?алау
                                 12. ?йге тапсырма
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Са?тар тарауын ?орытындылау »

Ашық сабақ

Қазақстан тарихы 6-сынып


1Слайд:


Сабақтың тақырыбы: «Сақтар тарауын қорытындылау»

Сабақтың мақсаты: Сақтар туралы оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, еске түсіру, қайталап пысықтау.

Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды өз елінің өткен тарихына құрмет, үлгі тұта білуге, бірлікке, адамгершілікке, ерлікке, қасиетті мұраларымызды бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз ойларын қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: қорытындылау, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: қаз картасы, интерактивті тақта, слайдтар, тарихи суреттер.


2Слайд:


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. «Жұлдызды сәт» ойыны.

3. «Тарихи тұлғаны таны»

4. «Мына сөздерді кім айтқан?»

5. «Сақ тарихын білесің бе?»

6. «Тапқыр топ» кезеңі

7. «топтық жұмыс»

8. «Кестені дұрыс толтыр»

9. «Картаға сақ тайпаларын орналастыр»

10. Қортындылау

11. Бағалау

12. Үйге тапсырма


1. Кіріспе сөз. –Оқушылар б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген Сақ тайпаларымен таныстық. Олардың қуатты тайпалық одақтар құрғандығы, тайпалық одақтарының массагеттер, иесседондар, аландар, каспиишілер, сарматтардан тұрғанын білдік. Оларды гректер «скифтер» деп атаған. Сақтарды тарихи деректерде үш топқа бөлген: сақ-парадараия, сақ-хаомаваргалар, сақ-тиграхауда. Біз бүгін сақтардың саяси тарихы, шаруашылығы мен қоғамы, сақтардың ерлігі, тәуелсіздік үшін күресі туралы білетіндерімізді үш топқа бөлініп, әр түрлі кезеңдерден өту арқылы бар білетінімізді ортаға салмақпыз.


/ оқушыларды үш топқа бөліп, бағалау парақшасын түсіндіріп сабақты бастаймын./


2. Оқушылардың сабаққа тарту, әрі қызығушылығын ояту мақсатында «жұлдызды сәт» ойынын пайдаланамын. Оқушыларға сұрақтар беремін, оқушылар «ия», «жоқ», деп жауап береді.

3Слайд:


«Жұлдызды сәт» ойыны.

1. Археология халықтың шығу тегін зерттейді? / жоқ/

2. Синантроп- қытай адамы /ия/

3. Неандертальдық адам Франциядан табылды. /жоқ/

4. Темір дәуірі үш кезеңнен тұрады. / жоқ/

5. Қазақстан аумағынан алғашқы адамның қаңқасы табылды. /жоқ/

6. Ең ұзаққа созылған кезең-қола дәуірі /жоқ/

7. Біздің елімізде Ә. Марғұлан есімімен аталатын археологиялық институты бар /ия/

8. Энеолит-орта тас ғасыры /жоқ/

9. Арқайым-ең ежелгі қала /ия/

10. Кроманьондық адам Франциядан табылды / ия/



4Слайд:


3. «тарихи тұлғаны таны»

/ Әр топқа алдын-ала берілген тапсырма бойынша тарихи тұлғалар туралы мәлімет береді./


1-Топ: «Страбон-грек тарихшысы»

2-Топ: «Геродот»

3-Топ: «Томирис патшайым»


5Слайд:


4. «Мына сөздерді кім айтқан»


1-Топ: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» / грек ғалымы Ктесий/


2-Топ: «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзенен аулайтын балықтарды азық етеді, сүт ішеді.» / Геродот/


3-Топ: «мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым. Мен дегеніме жеттім, енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер» / сақ жауынгері Шырақ/


6Слайд:


5. «Сақ тарихын білесің бе?» кезеңі

/ Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Оқушылар топтасып жауап береді/


1-Топ:


1. Сақ қоғамындағы «сегізаяқтылар» деп аталғандар? / малшылар мен егіншілер/

2. сақтарды «әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер? /гректер/

3. Сақтар өмірінде аз өсірілген мал түрі? / ірі қара/

4. б.з.б 570-520 ж.ж. өмір сүрген сақ патшайымы / Томирис/

5. Сақ қоғамында даулы мәселелерді шешті? \көсемдер/


2-Топ:

1. Сақ жеріне басып кірген грек-македон әскерінің қолбасшысы? / А: Македонскии/

2. Алматы маңынан табылған 15 бұқа бейнеленген табақ атауы? / Жетісу михрабы/

3. Сақ малшысы «шырақ» туралы суреттейтін грек тарихшысы? / Полиан/

4. Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан Сақ қаласының орны? / Шірік-Рабат/

5. Тиграхауда сақтарының қоныстанған аумағы? / Оңт. Қазақстан/



3-Топ:

1. б.з.б. 530жылы сақ жеріне басып кірген парсы патшасы? / Кир/

2. Кирге қарсы жорықта қаза болған Томиристің ұлы? / Спаргапис/

3. Грек-македон әскеріне қарсы 3 жыл партизандық соғыс жүргізген қолбасшы? /Спитамен/

4. Сақ қоғамында ақ киім кигендер? / абыздар/

5. Кирден кейін сақ жеріне қайта жорық жасаған парсы патшасы? / Дарий/


7Слайд:


6. «Тапқыр топ» кезеңі

/ Тақтадан оқушыларға сұрақтар беріледі, әр сұрақтың дұрыс жауабына қолдарындағы түрлі-түсті шеңбердің дұрысын көтереді/


1. Сақ жеріне басып кірген парсы патшасы Дарииге жіберген сақтардың жұмбақ сыйлығы?

а/ жылан, бүркіт, жебе, бақа ә/ құс, тышқан, бақа бес жебе. б/ құс, тышқан, бақа, алтын

2. б.з.б. 530 жылы сақтармен шайқас кімнің өлуімен аяқталды?

а/ Спитамен ә/ Спаргапис б/ Кир патша

3. Сақ қоғамында кімдер ақ түсті киім киген?

а/ патшалар ә/ абыздар б/ жауынгерлер

4. Сақтар неге табынды?

а/ ауаға, суға ә/ күнге, отқа б/ тау, тасқа

5. Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындары қалай атады?

а/ Сақтар ә/ массагеттер б/ азиялық скифтер


6. Парсылар Жетісуды мекендеген сақтарды қалай атады?

а/ массагеттер ә? Сақ-тиграхауда б/ сақ-парадарайа

7. Сақ қоғамы неше топқа бөлінді?

а/ 2 ә/ 3 б/ 4

8. Сақтар б.з.б. нешінші ғасырда өмір сүрді?

а/ 3 ғ ә/ 2 ғ б/ 1 ғас

9. Сақтардың А. Македонскииге қарсы ерлік күресі туралы жазған тарихшы?

а/ Герадот ә/ Страбон б/ Арриан


10. 1 Дарий сақтарға қарсы қайта шабуылға шықты?

а/ б.з.б. 530 ж ә/ б.з.б. 519ж б/ б.з.б. 540ж

11. Парсы патшасы Кирдің Томириске елші жіберу мақсаты не еді?

а/ баласын өлтіру ә/ Әйелдікке алу б/ жерін кеңейту

12. Сақтар қандай үйде тұрған?

а/ ағаш үй ә/ киіз үй б/ кірпіш үй



8Слайд:


7. «Топпен жұмыс» Фостер қорғау

/ Оқушылар берілген тапсырма бойынша топтасып қорғап шығады/


1-Топ: «Сақ қоғамы»

2-Топ: «Сақтардың тұрмысы, шаруашылығы»

3-Топ: «Сақтардың ерлігі, тәуелсіздік үшін күресі»


8. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сабақты жинақтау, пысықтау тапсырмаларын беремін.


9Слайд:


«Кестені дұрыс толтыр» Cлайд:


1-Топ: «Сақ топтары»


Теңіздің арғы жағындағы сақтар



Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар



Хаома сусынын дайындайтын сақтар






2- Топ: «Сақ сөзінің мағынасы»

Парсы жазбаларында



Иран жазбаларында



Грек авторлары






3-Топ: «Сақтардың ерлігі, Тәуелсіздік үшін күресі»


Кімдер шапқыншылық жасады

Қашан?

Сақтардың патшасы

ерлігі

Нәтижесі













9. №10Слайд: «Ой толғау»

/ Оқушыларға сақтар туралы сұрақтар беремін/

1. Сақтарды қандай халық деп ойлайсыңдар?

2. Сақтардың тұрмысы, шаруашылығы жағынан өзімізге таныс жақтарын кездестірдіңбе ?






10. №11 Слайд:



Картаға сақ тайпаларын орналастыр.


/ оқушыларға сақтардың Қазақстанның қай өңірлерінде топтары өмір сүргенін картаға орналастыру, көрсету/ Сарматтар, Исседондар, Массагеттер, Тиграхаудтар, Парадарайа, Хаумаварга, Аргиппейлер, Аримаспылар,


11. Бүгінгі сабақтан не білдік?, не білгіміз келеді? –

/ тақтаға қолдарына берілеген қағазға бір сөйлеммен өз ойларын жазып, оқып іледі/


12. Қорытындылау

- Міне балалар, біз бүгінгі сабақта сақ деген тайпамен танысуды аяқтадық. Біраз мағұлыматтар алдық деп ойлаймыз. Сақтардың еркін, ержүрек, батыр да батыл, данышпан, бір сөзді, тәуелсіздікті жоғары бағалайтын халық болғанын білдік. Ал сақтар біздің, яғни қазақтардың арғы тегі.Қазақ халқы да талай ғасырлар бойы ерлікпен күресе жүріп, елін жерін жауынан сақтап қана қоймай, киелі тәуелсіздікке қол жеткізіп отыр. Біз тәуелсіздігіміздің символы ретінде «алтын адам» мен қанатты барысты, Елтаңбамыздағы қанатты пырақты, арқарды бекерге алмадық. Өйткені біз-сақтардың ұрпағымыз. Бүгінде Қазақстан -әлемдегі қарыштап алға басқан мемлекеттердің бірі. Елімізді осындай дәрежеге жеткізіп отырған Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы екендігін де ерекше айта кетуіміз керек. Жақында Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Мәңгілік ел. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында халыққа арналған жолдауы шықты. Еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдары жария етілді. «Қазақстан-2050» стратегиясы –барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Елбасымыз Біздер қазақстандықтар-бір халықпыз. Біз үшін ортақ тағдыр-бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы болуы тиіс деп атап көрсетті. Мәңгілік ел болу біздің өз қолымызда. Байлығымызда, бақытымызда болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Міне балалар біз осындай елімізбен, құнды тарихи мәдениетімізбен мақтанайық, бағалайық дегім келеді. Елімізде тыныштық, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, еліміз жедел дамып, Елдігіміз мәңгілік болсын дей келе сабағымызды еліміздің Әнұранымен аяқтауға шақырамын.


/ Оқушылар Әнұранның бір шумағын айтады/


11. Үйге тапсырма Қайталау.


12. бағалау.











Есбол орта мектебі









Ашық сабақ:

Тақырыбы: «Сақтар қоғамы»

пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

сыныбы: 6

өткізген: тарих пәнінің мұғалімі

Қ. Телеуғалиев










2014ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Са?тар тарауын ?орытындылау

Автор: Телеу?алиев ?осымбек Та?атарович

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 207995


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства