kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата За??а - 20 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Айбыны ас?а?, ата?ы ?лемге м?ш??р, к?н санап ?сіп-?ркендеп келе жат?ан жас мемлекетіміз ?аза?станны? Т?уелсіздігіне 20 жыл тол?алы отыр.
?аншама ?иынды? к?рсе де, ?аза? еліні? аума?ында ?асырлар бойы шап?ыншылы? болып, астан-кесте? о?и?алар мен ?згерістер орын алса да ?аза?тар, я?ни, к?не д?уірден бастау ал?ан ата-бабамыз екі ??ндылы?ты м??гілік са?тап ?алды, ол С?з ??дыреті мен За? ??дыреті.
Ел бас?аруды? тамаша ?лгілері бізді? ата-бабаларымызда да бол?ан. ?аза? тарихында «?ас?а жол», «Ескі жол», «Жеті жар?ы» делінген за? ?лгілері бол?ан. 1993 жылы 28 ?а?тарда т?уелсіз ?аза?станны? т???ыш Конституциясы ?абылданды. Ол 4 б?лім, 21 тараудан т?рды. Алайда уа?ыт ?те келе б?л Конституция заманны? талабына сай келмегендіктен, ?зіні? ?мір с?руін то?татты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата За??а - 20 жыл »

Тақырыбы :  Ардың шыңы – Ата Заң
Мақсаты :  1. Балаларға  Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету,
өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды
ұрпақ тәрбиелеу.
Әдісі :
Жүру барысы : І. Ұйымдастыру
Кіріспе әңгіме
Құрметті ұстаздар, ата-аналар ! Бүгінгі 2 « Б » сыныбында өткелі отырған
« Ардың шыңы – Ата Заң » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,-деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды ата-аналармен бірлесе отырып тренинг түрінде өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған  Заңы – Конституциясы бар.

Мемлекеттік гимн орындалады.

Айбыны асқақ, атағы әлемге мәшһүр, күн санап өсіп-өркендеп келе жатқан жас мемлекетіміз Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отыр.
Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ елінің аумағында ғасырлар бойы шапқыншылық болып, астан-кестең оқиғалар мен өзгерістер орын алса да қазақтар, яғни, көне дәуірден бастау алған ата-бабамыз екі құндылықты мәңгілік сақтап қалды, ол Сөз құдыреті мен Заң құдыреті.
Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Тренинг
— Оқушыларды 3 топқа бөлу.
— Келісімшарт жасау.
—     Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
—     Бір-бірімізді тыңдаймыз.
—     Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
—     Уақытты үнемді пайдаланамыз.
—     Ойлануға 3 минут, пікір қорғауға 2 минут, толықтыруға 1 минут.
—     Бұл бөлімді үзіліссіз 15 минутта аяқтауға.

І – бөлім «Тәуелсіз елдің тұғыры – Ата Заң »
1- топ  Қазақстан елі қандай ел ?

2- топ  Оқушы қандай міндеттерді білуі керек ?

3-топ. Ата –аналар міндеттері мен құқықтары
( ата- аналардан құралған топ )
Сарапшы : ата-ана Сапарова Ұлмекен

Түйін сөз
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Сендер әлі кішкентайсыңдар, алайда Қазақстан мемлекетінің мүшесі бола отырып, сол елдің азаматы мен азаматшалары болып табыласыңдар. «Болашақ- жастардың қолында» дегендей оқушы болып, олардың үйдегі ұстаздары- ата-ана және мектептегі ата-анасы – ұстаздар болып, өз міндеттеріміз бен құқықтарымызды біліп,оны  дұрыс орындап, бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап, Қазақстан елінің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы үшін үлесімізді қосайық дегім келеді.

ІІ – бөлім « Ата Заңым – мақтанышым, қорғаным   »

Дильназ -1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының  негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.

Асылгүл — Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.

Мұғалім : Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік.

7-бап Ұлыбек
1.    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi.
Хор  « Ана тілін сүйеміз »
9-бап Батима
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері  — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.

14-бап Амангүл
1.    Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

15-бап Дияс Адилханұлы
1.    Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
Мұғалім : Ата – аналар құқығы мен міндеті туралы Ата Заңымызда не делінген екен?

27-бап Қайрат ( ата- ана )
1.    Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.
2.    Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3.    Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.

29-бап Даниал Ж
1.    Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап Салтанат
1.    Азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi.

34-бап Жанел
2.    Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге мiндеттi.

Бейнеклип « Көк тудың желбірегені  ! »
36-бап Арман
1.    Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi.

38-бап Бекзет Ө
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.

ІІІ бөлім – « Ынтымақтың ұйытқысы – Ата Заң »
( әдеби монтаж )
Сержан —  Бұл күнде ата Заңымыз өз күшінде. Бәріміз де Ата Заңға бағынып, соның баптарымен жүруіміз керек. Ата Заңда айтылғандай, адам – мемлекеттің басты байлығы. Адамның құқығы мен міндеті Заңда толық көрсетілген. Тек соны әркім өз білгенінше, өз қалауынша жүрмей, жауапкершілікті орындауға міндетті.

Данагүл — Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаев та адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды.

Дияс А — Біздің еліміздің ең алғашқы Конституция негізін қалаушы – Қорқыт бабамыз. Ол кісінің конституциясы «Адат» деп аталады. Ол мынадай негізгі баптардан тұрған: Атамекенді Жерұйық деп білу,оны жаудан қорғау, жер суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау жанжалды ақылмен шешу, кінәліні жазасыз қалдырмау.
Аруна – Бұл құжат еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас болуымен қабылданды.
Бастайтын болашаққа бас кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.

Данагүл — Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Егемендігімізге қол жеткізіп, бүгінде өзіміздің Ата Заңымыз бар, біз бақытты ұрпақпыз. Конституцияны білу, заңды білу біз үшін міндет сияқты. Себебі, заңды білмесең, өз құқығыңды қорғай алмайсың.

Ата Заң. Азаттығыңды айқындайтын, Тәуелсіздігіңді паш ететін, Егеменді ел екеніңді танытатын, дербес мемлекеттігіңді көрсететін қастерлі құжат.

Ата Заң. Азаматтың арқа сүйер алтын арқауы. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, қоғамның тамыр бүлкілі – барлығы сол Заңнан бастау алады.

Ата Заң. Әрбір азаматтың конституциялық құқын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы.

Бекзат Ғ — Ата Заң. Дүние есігін ашқаннан бастап, басың құбылаға қарағанға дейінгі уақытта сенің құқыңды сақтайтын, құр сөреде жатпайтын баталы заң.

Ата Заң. Аталар аманаты. Кешегі Қасымның «қасқа жолы», Есімнің «ескі жолы», Тәукенің «Жеті жарғысының» жалғасы, заңды мұрагері – біздің бүгінгі Конституция.

Дильназ — Әр азамат Ата Заңға арқа сүйеуге міндетті. Егер, Конституцияда жазылған бір бап орындалмай, теріске шықса, оны да қадағалайтын арнайы орган бар. Ол – Конституциялық кеңес.

Асылгүл –
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

Бекзат Ө — Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

Маркен — Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!

Жанболат — Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!

Жанел — Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Даниал Қ — Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Даниал Ж — Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!

Сабыржан — Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.

Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
Хормен : Ата Заңым жасасын!

ІV бөлім – «Ата Заңым- ар-намысым ! »
І – топ – «Заң білмеген зардап шегеді  »
( көріністер көрсету   )
Мұғалім : Осы көріністер бойынша сарапшы пікірін тыңдайық .

ІІ – топ « Мектеп заңына бағынайық! »
(Оқушыларға арналған бірыңғай талап ережелеріне тоқталып өтеді )

І. Оқушылардың құқықтары: Аруна
— Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірін білдіруге;
— Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
—  Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б шараларға қатысуға;

ІІ. Оқушылардың міндеттері: Дияс Алиұлы
— Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеуге, сабаққа жүйелі түрде дайындау, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
— Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту
— Мінез-құлық ережелерін сақтау:
Үлкендерді құрметтеу
Басқа адамның ар-намысын қадірлеу
Құқық бұзушылыққа жол бермеу
Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
— Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

ІІІ. Жалпы талаптар Бекзат Ғ
— Оқушылар белгіленген күн режимін сақтап, өзіне-өзі қызмет ету жұмысына қатысуға тиіс.
— Әр оқушы мектеп мүлкіне, өз класындағы және дәліз бойындағы өсімдіктерге сонымен қатар өз нәрселерімен жолдастарының нәрселеріне мұқият, жауапкершілікпен қарауға тиіс.
— мектепке ұялы телефон әкелуге және қолдануға болмайды. Жоғалған жағдайда мектеп жауапкершілігіне алмайды.

ІҮ. Оқушының мектепке келуі Данагүл Ғ
— Әр оқушы мектепке сабақ басталардан 15 минут бұрын келуі керек.
— Мектепке кірерде аяғыңды сүртіп кір
— Мектептің есігінен кірерде бірінші болып кіруге асықпа, мұғалімдерге, кіші класс оқушыларына жол бер. Ер балалар есіктен кірерде қыздарға жол беру керек.
— Мектепке келген соң дәлізде жүріп қалмай, бірден өз кабинеттеріңе кіру.
-Сабақты бір күн қалдырсаң да дәрігерден анықтама әкел.

Ү. Оқушының киімі мен сырт пішініне талаптар Салтанат Р
— Мектебімізде қыз балалар үшін ақ жиде мен қою көк бетінде жолағы бар костюм, ер балалар үшін қою қара көк түсті костюм мен ақ жиде.
— Киіміңді әрқашан таза және үтектеп ки. Мектепке бір түс киініп кел.
— Ер балалардың шаштары қиылған, бір қалыпта болуы тиіс. Қыз балалар
шашын жинап жүруі тиіс.
— Ақ киімнің таза болуын қадағала
— Дене шынықтыру сабақтары үшін сенің спорттық формаң болуы керек.

ҮІ. Оқушылардың сабақ үстіндегі  міндеті. Даниал Қ
— Қоңырау соғылғанда сыныпта не кабинетіндегі өз орныңда бол. Әрқашан өзіңді белгіленген орныңда отыр және таза ретті ұста.
-Сабаққа қажетті кітап, дәптер, күнделігің әзір болсын.
— Оқытушы класқа кіргенде орныңнан тұрып сәлемдес, отыруға рұқсат еткенде ғана отыр.
— Партада тік отыр, жатпа, бүкірейме. Оқытушының түсіндірмесін және оқушының жауабын ықыласпен тыңда.
— Тақтаға жауап беруге шыққанда күнделікпен шық. Жауап бергенде класқа бетіңмен қарап тұр. Анық және асықпай жауап бер.
— Қоңыраудан соң орныңнан секіріп тұрма, айқайлама, мұғалімнің рұқсатымен шуламай кластан шық.

ҮІІ. Оқушылардың үзіліс кезіндегі тәртібі. Дильназ
— Мектеп ішіндегі тәртіптілікпен реттілікті сақта: жай сөйле, дәліз бойында жәй жүр.
— Дәлізде оң қанатпен жүр, жүгірме, секірме.
— Мектеп мұғалімдерімен, ата-ана, үлкен кісілермен кездескенде тоқтап сәлемдес.
— Мұғалімнің, балалардың артынан жүгірме.

ҮІІІ. Асханадағы мінез-құлық Данагүл

— Асханаға кезекшілердің рұқсатымен кір.
— Тамақ ішкен кезде тыныштық пен тәртіп сақта.
— Асхана мүлкіне ұқыптылықпен қара.
— Тамақтанған соң, ыдыс-аяқты жинап, орныңды тәртіпке келтір, асханада себепсіз жүрме

ІХ. Оқулықтар, күнделіктер және дәптерлерге қойылатын талаптар. Бекзат Ө
— Барлық оқулықтар мен күнделіктерді мұқият қапта.
— Дәптерлеріңді бөгде суреттермен былғама
— Дәптерге анық, айқын етіп жаз.
— Үй тапсырмасын күнделікке мұқият және толық жаз.

Х. Бос мезгілін ұйымдастыру. Жанел Х
— Оқушылардың мәдени демалысын ұйымдастыру, олардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту, өнерге деген ынтасын арттыруда, қоғамдық өмірге дайындалуда мектептегі түрлі қызығушылығына қарай үйірмелер, клубтар ұйымдастыру.
— Үйірме, клубтарға әр оқушы өзінің қызығушылығына қарай қатысу керек.
— Кешкі мезгілдерде бос жүріске салынба. Жазғы уақытта кешкі 22-ден, күзгі, қысқы мезгілде сағат 20-дан кейін көшеде ата-анасыз жүрме.

ІІІ –топ. « Әр бала жүрек жылуын қажет етеді ? »
( жағдаяттар шешу )
—    Балаңыз үнемі сабаққа кешігеді. Оны ұйқысынан кеш оятып, сабаққа кеш жіберіп отырған кінә өзіңізден екенін біле тұра, балаңыздың «бол да, бол !» деп  мазасын алдыңыз. Балаңыз «тағы да сыныптастарым мен мұғалімнен ұят болды-ау » деп ұялғаннан жылап бара жатыр. Сіз не істейсіз?
—    Балаңыз сабақтан келді. Есіктен кірмей жатып сіз  «Бүгін неше алдың?» дедіңіз. Үнемі осы сұрақтармен қарсы алатын сізге   балаңыз ренжулі қарады. Сіздің бұған көзқарасыңыз?

ІІІ бөлім . Қорытынды
Айнажан — Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің!

Еңбек ет, еркін жүр деген,
Асыр сап, ойнап-күл деген.
Ата Заңым менің!

Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата Заңым менің!

Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым менің!

Тәуелсіз, еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата Заңым менің!

Санама құйған таң нұрын
Бақытым, бағым, тағдырым –
Ата Заңым менің!

Міндетімді білемін
Тәртіп сақтап жүремін
Ата Заңым тұрғанда,
Алаңсыз өмір сүремін.

Алса адамның мазасын
Бұзақы тартар жазасын,
Әрі сыйлы, әрі әділ,
Ата Заңым жасасын!
Хор «Бақытты балалық шақ »

Мұғалім : Ата  заңым!
Арман  әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Жалғыз саған байланысты
Елімде еркін самғағаным
Тәуелсіздігімізге 20 жыл толғалы отырған еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі –Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын ,- дей отырып, бүгінгі тренинге өз ой-тәжірибелерімен алмасқан ата-аналарға және  сарапшы Ұлмекен апайға  алғысымды айта отырып, « Ардың шыңы –Ата Заң » атты тәрбие сағатын аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ата За??а - 20 жыл

Автор: Микеева Лиза

Дата: 04.02.2015

Номер свидетельства: 166914

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "«Конституция – елімізді? ата за?ы» "
    ["seo_title"] => string(34) "konstitutsiia-ielimizdin-ata-zan-y"
    ["file_id"] => string(6) "218516"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1433827837"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ата За?-Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(25) "atazantuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "292126"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455216429"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "«Ата За? – елдігімізді? е?сесі»"
    ["seo_title"] => string(32) "ata-zan-ieldighimizdin-ien-siesi"
    ["file_id"] => string(6) "267828"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450462841"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) ""Ата за?-елдігімні? е?сесі""
    ["seo_title"] => string(30) "ata-zan-ieldighimnin-ien-siesi"
    ["file_id"] => string(6) "267832"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450463851"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ата За?ым — Т?уелсіздік тірегі"
    ["seo_title"] => string(27) "atazanymtuielsizdiktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "291257"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455098915"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства