kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Абай Құнанбаев 175 жыл

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тарихи көріністер арқылы Тәуелсіз еліміздің жетістіктері туралы таныстыру.Елін, жерін, әдет-ғұрыпын құрметтейтін жаны таза,адамгершілігі мол,өз  Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Абай Құнанбаев 175 жыл»

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай әлеміне саяхат"
Тәрбие сағатының мақсаты:
 -Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. 
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету 
 Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер. 
Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, неміс тілі,тарих, ән.
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке,   инабаттылыққа баулу.

Тәрбие сағатының жоспары:
1.   Ұйымдастыру                             
2.  Ой шақыру
3. "Абай дара, Абай дана қазақта"
4.  "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
5. "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
6. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 
7."Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
8. "Тура биде туған жоқ"
9."Болмасаңда ұқсап бақ" Оқушылар шығармашылығы
10.Қорытынды
      Барысы
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Топқа бөліну
Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар .Осы суреттерді таңдау арқылы  3 топқа бөлінейік  1-топ , 2-топ 3-топ
Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше ,  өйткені биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы ,орай мектеп мұғалімдер келіп отыр.
Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы  болып қала береді. 
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыз  – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. 
  Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...
Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай әлеміне саяхат" деп аталады
Саяхатымызды бастамас бұрын мына видеоға назар аударыңыздар.  (Ойларымен бөлісу)

II. Ой шақыру  (әр топ өздері таңдаған сурет  тақырыбына қатысты  4 жол тақпақ айтады)
Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, қолдарыңда жыл мезгілдері бейнеленген суреттер бар , сол арқылы топқа бөліндік, енді әр топ өз суреттеріне қатысты Абайдың өлең шумақтарын айтып жіберсін.
 Қыс- 1-топ   Күз- 2-топ  Жазғытұры-3-топ 
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?  Жырымен жан сусынын қандырған кім?    Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 
 Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? 
 Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?   Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
 Құбажан, құрбақан құм, құла қырда, 
 Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
  Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
  Арманын аттандырып келешекке , 
  Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
  Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
   Жауына найза сөзін шанышқан кім?    

Өзендей  құйған  барын көк теңізге, 
  Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
 Тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтарыңа жауап аласыңдар деп ойлаймын
III."Абай дара, Абай дана қазақта"
Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп  аталады?
(Әр топтан 1 оқушы өз пікірін айтады)
IV. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз білеміз.
  -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік
Абайдың нақыл сөздерін  мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
 Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі ,   Имандылық тақырыбы
Жаман мінез, әдеттер және  адамгершілік жайлы
Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы
 Абайдың 19-қара сөзі (Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңда) 
    Мағынаны тану, талдау
Бірінші топ а) Қандай мәселе көтерілген? Ақниет    
Екінші топ  ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай? Ернұр
Үшінші топ б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың? Арапат
Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 
Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.
 Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар
 "Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат" көрініс

Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына   
Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз?
Абай – ойшыл. 
 V."Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
- Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.
1- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар» С.Алтынай
2- оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба» Т.Алтынай
3- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы» Назерке
4-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Марфуға
5- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» Қуаныш
6-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»  Динара

Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген .Енді Абайдың  табиғатты  бейнелеген "Желсіз түнде жарық ай" әнін  топпен орындауында тыңдайық.
Абай ақын 
VI. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» 
Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші  жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба  мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік  қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуына «Үш ұлы бастау» - әсер етті         
1. Қазақ халқының жазба әдебиеті. 
 2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.  
 3. Батыс Еуропа мәдениеті.
- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
 "Көзімнің қарасы"
- бұл әндерді көпшілігіміз естіп, айтып жүргенімізбен олардың шығу тарихы жайында мағлұматымыз мардымсыз.
 - «Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас...» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.
Абай – сазгер.
 VII. "Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"

Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада  бас қосты.Неміс, орыс және қазақ  халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. "Халықтар достығы"  деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің  "горные вершины" өлеңі және қазақ тіліне  Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып"  өлеңі  жазылған
- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.:Біз оқыған " қарға мен түлкі " , "шегіртке мен құмырсқа", " есек пен бұлбұл" мысалдарын И.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
Енді осы" қарға мен түлкі "  мысалын  тамашалаңыздар

Көрініс САдық пен Арапат
- Осы мысалды тамашалай отырып қандай ой түйдіңдер?
- Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?
Абай аудармашы

«Әлемнің Абайы» өлеңі

Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың  қалдырған із ешқашанда өшпек емес.
 Кері байланыс 
Әр топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ -екінші топқа, екінші топ — үшінші топқа, үшінші топ –– бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады. 
ҚОРЫТЫНДЫ      Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты  – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны.  Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.
Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын
- Осымен сабағымыз аяқталды,Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Абай Құнанбаев 175 жыл

Автор: Төребаева Индира Жорабайқызы

Дата: 15.02.2020

Номер свидетельства: 539763

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Абай ??нанбаев ?ыс ?ле?і саба? жоспары"
    ["seo_title"] => string(36) "abaikunanbaievkysolienisabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "309948"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458897103"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Абай ??нанбаев - ?лы а?артушы"
    ["seo_title"] => string(26) "abaikunanbaievulyagartushy"
    ["file_id"] => string(6) "324071"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462334259"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Ашы? саба?. Та?ырыбы:  «Жаз?ыт?ры»   Абай ??нанбаев "
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk-sabak-tak-yryby-zhazg-ytu-ry-abai-k-u-nanbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "172358"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423811212"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Абай ??нанбаев "?ыс" "
    ["seo_title"] => string(24) "abai-k-u-nanbaiev-k-ys-2"
    ["file_id"] => string(6) "238270"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1444535161"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Саба?ты? та?ырыбы: Абай ??нанбаев «?ылым таппай ма?танба»"
    ["seo_title"] => string(63) "sabak-tyn-tak-yryby-abai-k-u-nanbaiev-g-ylym-tappai-mak-tanba-1"
    ["file_id"] => string(6) "265232"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1449863022"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства