| 6.2 X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан |
| Тақырыбы | Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.2.3.2 Әл-Фарабидің және басқа да ғалымдардың ортағасырлық ғылымның дамуына қосқан үлесін анықтау; 6.2.2.4 түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұн және А. Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру; 6.2.3.3 «Кодекс Куманикус» сөздігінің халықаралық байланыстардағы рөлін анықтау |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: орта ғасырдағы өмір сүрген ғұламалардың ғылымның дамуына қосқан үлесін біледі. Басым оқушы: М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің ерекшеліктерін талдайды. Кейбір оқушы: М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің әлем ғылымы үшін маңызына аналитикалық қорытынды жазады. |
| Бағалау критерийлері | - Орта ғасырдағы өмір сүрген ғұламалардың ғылымның дамуына қосқан үлесін айта алады. - М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің ерекшеліктеріне талдау жасайды. - М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің әлем ғылымы үшін маңызына аналитикалық қорытынды жаза алады |
| Тілдік мақсаттар | 1. Кесте толтырады (жазылым дағдысы); 2. Ғалымдардың еңбегі, өмірі туралы мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы). 3. Еңбектерін, өмірбаянын айтады (айтылым дағдысы); 4.Оқушылар топтардың жұмысын тыңдайды, пікір айтады (тыңдалым дағдысы) Пәнге қатысты лексика мен терминология:«Муалим ассана» – «Екiншi ұстаз», трактат |
| Құндылықтарға баулу | Дамыған ортағасырлық қоғамдағы өмір сүрген ғалымдардың еңбегін бүгінгі күнмен байланыстыру арқылы мәдениетке, әдеби ескерткіштерге құрметпен қарауға бағыттау |
| Пән аралық байланыс | оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты |
| АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады |
| Алдыңғы білім | Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсінеді. |
| | Сабақ барысы |
| Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларды суреттер арқылы топтарға бөлу. Әдебиет, ғылым,білім. |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
| Суреттерді сұрыптау | Өткен тақырыпқа байланысты және қатысы жоқ суреттерді ұсына отырып оқушылардың ойын жинақтау. Мақсат: оқушылардың ойын жинақтау, суреттерге анықтама жасауға бағыттау және жаңа тақырыпқа шығу. | Слайдта берілген суреттерді сұрыптай отырып оқушылар өз ойларымен бөліседі. |
| Графикалық органайзер | Мақсат: Оқушылар өз ойларын кескін немесе сурет арқылы білім, ғылым, әдебиет сөздерін ұштастыра отырып сыный ойлауларына мүмкіндік береді. | Оқушылар жеке дәптерлеріне графикалы органайзер жасайды |
| Жәрмеңке | Ғылымның дамуына үлес қосқан ойшылдар Әдебиеттің көрнекті өкілдері. Тіл білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар . Ахмет Игүнеки Жүсіп Баласағұни Қожа Ахмет Йассауи Әбу Райхан әл – Бируни Сүлеймен Бақырғани Ибн Сина Махмут Қашғари Үш топ орта ғасырдағы ғұламаларды өздерінің тақырыптарына байланысты анықтап алулары қажет. Мақсат: Барлық оқушылар өздеріне берілген тапсырма бойынша біріге отырып жұмыс жасайды, орта ғасырдағы ғылымға, әдебиетке және тіл білімінің негізін қалаушылар туралы анықтап еңбектерімен танысады. | Оқушылар мәтіндерін оқып болған соң өз ойларын ортаға салады. Топтар жәрмеңкеге шыға отырып келесі топтардан құнды деп тапқан идеяларды өздеріне алады және топтардың жұмыстарына баға береді. |
| РАФТ | Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. 1 –топ. «РАФТ стратегиясы» Р- рөл А- аудитория Ф- фармат Т- тақырып 2 – топ. «КӘМТ» әдісі Күшті Әлсіз Тәуекел Мүмкіндік 3- топ. «Кезбе тілші» әдісі | Оқушылар сол кезеңдегі тұлғалар роліне ене отырып жазып шығады. Оқушылар орта ғасырлардағы ғалымдардың іс әрекеттерін, еңбектерін назарға ала отырып қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, күшті, әлсіз тұстары мен мүмкіндіктерін қарастырады. |
| Kahoot! | Kahoot! Арқылы оқушылар бүгінгі тақырып бойынша білімдерін тексереді. Тест 10 «5» 9-7 «4» 6-4 «3» 3-1 «2» | Әр оқушы ұялы телефондар арқылы тест тапсырады. |
| Бағалау критерийі | Суреттердің сырын аша алуың - 1 балл Графикалық органайзер бойынша логикалық байланс 2 балл Мәтінді толық игеруі - 1 балл Оқу барысында талқылауға қатысуы - 1 балл Рөлдер бойынша тақырыпты аша түсуі - 2 балл Өз көзқарасын айту және соған дәлелдер ұсына білу – 2 балл Кем дегенде өмірмен байланысты екі дәлелдер келтіру – 2 балл 16-14 «5» 13-9 «4» 8-4 «3» 3-1 «2» |
| Кері байланыс | Шульманның «Үш көмекшісі»
| | Бүгінгі сабақта басың арқылы нені меңгердің? | | | Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың? | | | Бүгінгі сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің? | |
| Үйге тапсырма Беру | Ғұламалардың нақыл сөздері , еңбектері туралы жинақтау. № 5 тапсырма. Ғұламалардың еңбектері және қысқаша мазмұнына сипаттама беру. |