Баяндама. "?дебиеттану ?ылымыны? рухани дамуы - халы? ?ркениетіні? к?кжиегі
Баяндама. "?дебиеттану ?ылымыны? рухани дамуы - халы? ?ркениетіні? к?кжиегі
?дебиеттану ?ылымыны? рухани дамуы –
?ай халы?ты? болмасын белгілі бір тарихи кезе?де ?нері мен ?дебиеті, я?ни б?кіл м?дени болмысы ?згеше бір биікке к?теріліп, кейінгі ?рлеу мен даму?а жол ашары с?зсіз. Ендеше, бізді? ?аза? хал?ыны? тарихында да сондай кезе?дерді? бар екендігі шынды?. ?аза? хал?ыны? руханиятты? дамуында осындай тола?ай ?згерістер мен ерекше серпілістерді? к?зге айры?ша шалынар с?ті - XIX ?асырды? ая?ы мен XX ?асырды? басы.
?ос ?асырды? то?ысар т?сында "?ылымды іздеп, д?ниені к?здеп" екі жа??а ??ілген ?лы Абай халы?ты ?ркениетті? ?ріне алып шы?ар амалды тапты. Ол ?ылым мен білім, ?нер ?йрену жолы еді. Замананы? т?рпатын, ?лт т?рмысыны? кемшілікті т?старын Абайдай к?ре білген ?лы а?ындай таны?ан жан кемде-кем. Абай жасампазды?ыны? м??гілігі мен ?неріні? ?рістілігі осында жатса керек. XIX ?асырды? со?ы мен XX ?асырды? басында?ы Абай феномені - ?аза? ?лтыны? ?ркениеттік болмысында?ы орны айтып болмас ?лы ??былыс.
?рине, Абай ?лылы?ын, шы?армасыны? т?л?а ретіндегі болмысын тап басып тану?а біраз уа?ыт ?ажет болды. Ал Абайтануды ал?аш ж?зеге асыр?андар - ХХ ?асырды? басында?ы ?ы ?аза? зиялылары. Олар ?здері міндет етіп ал?ан ?лт ?шін ат?арылар ?лан?айыр істерді? бастау к?зі ?лы Абайды тану мен танытуда деп біліп, е? алдымен, сол ?лы ?стазды? ?лылы? ?асиетін арда?тау?а ?мтылды. Абайды ?здері ?ана ?адір т?тып ?оймай, оны? ?лт абызы ретіндегі кеме?герлік т?л?асын к?пке танытуды ма?сат т?тты.
?аза? с?з ?неріні? «патшасы» Абай ар?ылы ?аза? ?дебиетіні? ?ткені мен б?гіні жайлы с?з ?оз?ап, ?ле? с?зді? ?адір-?асиеті жайлы тол?аулы ой ?оз?а?ан ал?аш?ы ма?ала Ахмет Байт?рсынов ?аламнан шы?ты. Абай туралы «?аза?» газетіні? 1913 жыл?ы 39-41-сандарында газет редакторы Ахмет Байт?рсыновты? «?аза?ты? бас а?ыны» атты к?лемді ма?аласы жарияланды. Ахмет Байт?рсынов: «Одан ас?ан б?рын?ы-со??ы заманда ?аза? баласында біз білетін а?ын бол?ан жо?» деген ты? да т?йінді т?жырым жасайды.
Абайды к?ллі ?аза? даласына, ел-ж?рт?а таныстыруда, оны? шы?армаларын жариялап, ?негелі де ?ибратты с?здерін ?аза? о?ырмандарына жеткізуде «?аза?» газетіні? ж?не оны шы?арушыларды? е?бегі орасан зор.
?дебиет тарихы ж?ріп ?ткен жол б?гінгі ?рпа?ты? ?лтты? ой-санасыны?
жа??ыруына ?сер етеді. ?дебиетті? т?рбиелік м?ні, ?мір тануда?ы ?ызметі – б?рі де сын е?бектер мен зерттеулерде ашылады. Б?рын біз ?дебиет тарихын т?тас алып, оны? ?за? д?уірлердегі дамуыны? за?дылы?ы деген м?селені к?теретіндей жа?дайда болмады?. Тарихи дамуды? ке?ес идеологиясына жа?ын жа?ын ?ана ?арастырды?. М?дени м?рамыз т?гелге жуы? жабы? жатты. Оны? жабылуы да ?аза?ты? ?лтжанды зиялыларыны? ой-пікірін таптау, жо??а шы?ару, тіпті ?здерін де аяусыз жазалаумен ?атар ж?ргізілді.
Жа?а кітаптарды о?у ?деби процесті? беталысын а??ару?а, жа?алы?тарын сезінуге к?мектеседі. Белинскийді?: “Шын к?ркем шы?арманы бір о?у жеткіліксіз. Оны ?айталап о?у керек. ?айталап о?ы?ан сайын оны? ??пиясына кіресі?, сырын т?сінесі?” деген с?зі бар. Мысалды алыстан іздемей-а? ?ояйы?. Абайды талай о?ыды? ?ой. Соны ?айта о?ыса?, ?мірі о?ыма?ан сия?ты жа?а бір ??пиясына кез боласы?, жа?а ?ырынан ашылады. ?уезов те солай.
?лы ?абит ?сиет еткен: “?дебиеті мен ?нері ?лы болмай т?рып, халы?ты? ?лы болмайтынын ?мытпайы?шы” деген с?зін неге ?мытамыз?.
Алдабергенова Айжан Бериковна – Ма??ыстау облысы,
?ара?ия ауданы, М?найшы селосы,
№7 орта мектебіні? м??алімі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Баяндама. "?дебиеттану ?ылымыны? рухани дамуы - халы? ?ркениетіні? к?кжиегі »
Әдебиеттану ғылымының рухани дамуы – халық өркениетінің кемел көкжиегі
Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі өрлеу мен дамуға жол ашары сөзсіз. Ендеше, біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар екендігі шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті - XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы.
Қос ғасырдың тоғысар тұсында "Ғылымды іздеп, дүниені көздеп" екі жаққа үңілген ұлы Абай халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Абай феномені - қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс.
Әрине, Абай ұлылығын, шығармасының тұлға ретіндегі болмысын тап басып тануға біраз уақыт қажет болды. Ал Абайтануды алғаш жүзеге асырғандар - ХХ ғасырдың басындағы ғы қазақ зиялылары. Олар өздері міндет етіп алған ұлт үшін атқарылар ұланғайыр істердің бастау көзі ұлы Абайды тану мен танытуда деп біліп, ең алдымен, сол ұлы ұстаздың ұлылық қасиетін ардақтауға ұмтылды. Абайды өздері ғана қадір тұтып қоймай, оның ұлт абызы ретіндегі кемеңгерлік тұлғасын көпке танытуды мақсат тұтты.
Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала Ахмет Байтұрсынов қаламнан шықты. Абай туралы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 39-41-сандарында газет редакторы Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты көлемді мақаласы жарияланды. Ахмет Байтұрсынов: «Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген тың да түйінді тұжырым жасайды.
Абайды күллі қазақ даласына, ел-жұртқа таныстыруда, оның шығармаларын жариялап, өнегелі де ғибратты сөздерін қазақ оқырмандарына жеткізуде «Қазақ» газетінің және оны шығарушылардың еңбегі орасан зор.
Әдебиет тарихы жүріп өткен жол бүгінгі ұрпақтың ұлттық ой-санасының
жаңғыруына әсер етеді. Әдебиеттің тәрбиелік мәні, өмір танудағы қызметі – бәрі де сын еңбектер мен зерттеулерде ашылады. Бұрын біз әдебиет тарихын тұтас алып, оның ұзақ дәуірлердегі дамуының заңдылығы деген мәселені көтеретіндей жағдайда болмадық. Тарихи дамудың кеңес идеологиясына жақын жағын ғана қарастырдық. Мәдени мұрамыз түгелге жуық жабық жатты. Оның жабылуы да қазақтың ұлтжанды зиялыларының ой-пікірін таптау, жоққа шығару, тіпті өздерін де аяусыз жазалаумен қатар жүргізілді.
Жаңа кітаптарды оқу әдеби процестің беталысын аңғаруға, жаңалықтарын сезінуге көмектеседі. Белинскийдің: “Шын көркем шығарманы бір оқу жеткіліксіз. Оны қайталап оқу керек. Қайталап оқыған сайын оның құпиясына кіресің, сырын түсінесің” деген сөзі бар. Мысалды алыстан іздемей-ақ қояйық. Абайды талай оқыдық қой. Соны қайта оқысаң, өмірі оқымаған сияқты жаңа бір құпиясына кез боласың, жаңа қырынан ашылады. Әуезов те солай.
Ұлы Ғабит өсиет еткен: “Әдебиеті мен өнері ұлы болмай тұрып, халықтың ұлы болмайтынын ұмытпайықшы” деген сөзін неге ұмытамыз? ..