Жаңа тақырып. Растрлық бейнелер пиксель деп аталатын ұсақ элементтерден құралған нақыш суреттер болып табылады. Растрлық сурет әрбір көзі белгілі бір түспен боялған торкөз парақтарына ұқсас болып табылады. Нәтижесінде белгілі бір бейнелер пайда болады. Сондықтан растрлық графика принципі өте қарапайым. Растрлық графикадан басқа векторлық графикада бар. Векторлық графикада бейнелер қарапайым графикалық кескіндемелерден құрастырылады. Геометриялық кескіндемелер ретінде түзу сызық, эллипс, тік бұрыш, сонымен бірге қисық сызықтар таңдалады. Қарапайым векторлық обьектілерден түрлі суреттер салынады. Оларға кейбір атрибуттар, мысалы, сызықтың қалыңдығы, толтыру түсі меншіктеледі. Суреттер кескіндемелер жиынтығын сипаттайтын координаталар, векторлар және басқа да сандар түрінде сақталады. Векторлық бейнелерді алу үшін Adobe Illustrator, Macromedia Freehand, CorelDraw, Inkscape, Xara Designer, Adobe Fireworks, SKI және басқа да иллюстративтік графикалық программалар қолданылады. Векторлық графиканы редакциялау үшін Inkscape тегін программасын қолданамыз. Программада кез- келген күрделі векторлық бейнелерді құрып, редакциялауға болады. Inkscape графикалық редакторының интерфейсі логотиптер, плакаттар, веб- графикалар, сызбалар мен кескіндерді құруға негізделген құралдар жиынтығынан тұрады. Терезенің сол жақ бөлігіндегі белгі- Inkscape редакторының суреттерді салу мен редакциялауға арналған құралдары болып табылады. Терезенің жоғарғы бөлігінде Құралдар параметрлері (Параметры инструментов), яғни әрбір құралдың өзіндік параметрлері бар тақта орналасқан. Оң жағында негізгі командалардың батырмалары көрсетілген. Командалар тақтасы (Панель команд) орналасқан. Жұмыс жасау барысында Қалып- күй жолы(Строка состояния) (терезенің төменгі бөлігінде) пайдалы кеңестерді көрсетеді. Inkscape программасында көптеген әрекеттер пернетақтадан беріледі. 1-тапсырманы Inkscape графикалық редакторында бірге орындайық. Қағаз форматына сәйкес жұмыс парағының өлшемін орнатыңдар және парақ бағдарын таңдаңдар. Орындалу реті: Файл- Құжаттар қасиеті (Свойства документа) (Shift+Ctrl+D) менюін таңдаңдар. Формат менюінен Холст өлшемі (Размер холста) таңдалады, мысалы, А4 немесе Letter. Қажет болған жағдайда өлшем бірліктерін қоя отырып, парақтың ені мен биіктігін көрсетіп, басқа өлшемдер беруге болады. Холст бағдарын таңдау: портрет немесе альбом (үнсіз келісім бойынша портреттік бағдар). Жаңа файлды құру үшін келесі әрекеттерді орындаймыз: Файл- Құру (Файл- Создать) (Ctrl+N). Құрылған файлды сақтау үшін Файл- Сақтау... (Сохранить как...) (Ctrl+S) командасын орындай отырып, файлдың атауын енгіземіз. Inkscape редакторында ыңғайлы жұмыс жасау үшін масштабты өзгертеміз. Ол үшін келесі команданы орындаймыз: Үлкейту құралы (Инструмент Увеличивать) немесе Құжаттың бейнеленуін кішірейту (Уменьшать отображение докементов(Ғ3)). 2-тапсырманы Inkscape графикалық редакторында орындандар. Қалам құралы (Инструмента Перо)- Жиектеме салу (Рисовать произвольные контуры) (Ғ6) командалары арқылы сынық және түзу сызықтың кез- келген бөлігін сызыңдар. Суреттерді салу қадамдары: кез- келген сызық (произвольная линия), еркін таңдалған нүктеге меңзерді орнатыңдар. Тінтуірдің сол жақ батырмасын жібермей басу арқылы жұмыс алаңымен меңзерді жылжытыңдар. Тінтуір батырмасын жіберіңдер; түзу сызықтың (прямая линия) бастапқы нүктесіне меңзерді орналастырып, тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңдар. Соңғы нүктеге меңзерді орналастырыңдар. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңдар; сынық сызық (ломаное линии), бастапқыда түзу сызық сызыңдар. Бастапқы сызықтың соңғы нүктесі бойынша тінтуір батырмасын басыңдар, бұл екінші сызықтың бастапқы нүктесі болып табылады. Екінші сызықты сызыңдар. 3-тапсырманы Inkscape графикалық редакторында орыңдаңдар. Қалам- Түзу сызық- Безье қисығын салу (Shift+ F6) командаларын орындап, қисық және түзу сызықтар сызыңдар. Безье қисық сызығы- түзу немесе қисық сызықтарды жалғауға және нүктелерден суреттерді салуға мүмкіндік беретін қисық. Суреттерді салу қадамдары: Сынық сызықтар (Ломаная линия), беттің бірнеше нүктесіне тінтуір батырмасын басыңдар. Программада қатар қойылған екі нүктенің арасына кесінді өздігінен сызылады. Фигуралар (Фигуры), түзу және тегіс түйіндерді тінтуір арқылы шертіп орын ауыстырған кезде Безье тегіс түйінің құрайды. Фигура екі басқару түйіндерінен тұрады, олар бір сызық бойында жатқанмен, бағыттары әртүрлі. Кез- келген нүктеге меңзерді орналастырыңдар. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңдар. Меңзерді қажетті нүктеге орналастырыңдар. Тінтуірдің сол жақ батырмасын жібермей баса отырып, сызықтың бағыттарын және иілуін реттеңдер. Суретті жалғастыру үшін келесі нүктені таңдап, алдыңғы әрекеттерді қайталаңдар. Сурет салуды аяқтау үшін Enter батырмасын басыңдар. Сызық сызу әрекетін болдырмау үшін Esc батырмасына басыңдар. Аяқталмай қалған сызықтың тек соңғы сегментін сызуды болдырмау үшін Backspace батырмасына басу жеткілікті. 4-тапсырма.Inkscape графикалық редакторында орындаңдар. Тік төртбұрыш құралы- Тік төртбұрыштар мен шаршыны салу(Ғ4) командасының көмегімен тіктөртбұрышты сызыңдар. а) ә) б) Бекіту сұрақтары. «Kahoot.com» сайтынан сұрақтар. Растрлық сурет неден тұрады? Векторлық графика қандай обьектілерден тұрады? Обьектілерге қандай атрибуттар меншіктеледі? Векторлық сурет қалай сақталады? Векторлық бейнелерді құру үшін қандай программа қолданылады? Inkscape редакторында файлдардың стандартты пішімін көрсетіңдер. Үйге тапсырма. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері» тақырыбына сурет салыңдар. |