Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім мен оқушы немен айналысады) І. Ұйымдастыру (2 минут) 1. 10 сынып оқушыларымен амандасып, түгендеу. 1. 2 топқа бөлу (сынып оқушыларына интерактивтік тақтадан кезекпен 1-9 дейінгі сандарды таңдауға мүмкіндік беріледі, әр санның астында сәйкесінше «Үлгілер» және «Дизайн» деген жазулар болады. Аттары сәйкес келгендер топқа бірігеді). II. Блоб ағашы. Оқушыларға Блоб ағашының суреті таратылып беріледі, олар өздірінің осы тақырып бойынша білімдері қандай жерде екендіктерін бояйды. III. «Ақылды доп» әдісі (10 минут). Топ мүшесінің біреуін топ басшысы етіп сайлаймыз. Ол сұраққа дұрыс жауап беріп отырған оқушыларды белгілеп отырады. Топтағы оқушы жанындағы кез келген оқушыға допты лақытырып, өткен тақырып бойынша сұрақ қояды. Доп алған топ мүшесі сұраққа жауап беріп, келесі топ мүшесіне допты лақтырып, сұрақ қояды. Бірінші топ мүшелерінен соң екінші топ мүшелері жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда топтың кез келген мүшесі жауап беруге болады. Қойылуы мүмкін сұрақтар мен олардың жауаптары: Презентация дегеніміз не? Өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқа да көптеген дүниені ұсыну Презентация ұғымы қандай мағына береді? Слайд деп нені айтады? Көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады. Слайдтарда орналастыратын объектілерге нелер жатады? Тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер, дыбыс үзінділері, сызбалар жатады. Презентацияны өңдеу барысында қандай ұсыныстарды сақтау қажет? Презентацияның мақсаты мен жалпы мазмұнын жан-жақты жоспарлау; Әрбір слайд мазмұнды және есте қалатындай болып құрылуы қажет; Слайдтағы ақпараттар қарапайым және мазмұнды болуы керек; Слайдтарды безендіруде түстерді таңдау қажет; Power Point негізгі мүмкүндіктерін ата. Power Point менюінің құрамын ата. Тақырып жолы, Стандарттық тақта, құрылым, форматтау тақтасы, тапсырмалар аймағы, қалып-күй жолы, сурет салу тақтасы Презентация құрудың тізібегін ата: Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз? Пуск – Бағдарламалар – MS PP Power Point бағдарламасының кеңейтілімі қандай? IV. Жұппен жұмыс «Компьютерде практика» (30 минут). №2 практикалық жұмыс. «Менің Отаным – Қазақстан» атты презентация жасау. Презентация Қазақстанның кез келген 5 аймағы туралы болу керек және 5 слайдтан тұруы міндетті. Керек ақпарат Интернеттен ізделінеді. 1 слайд – облыс атауы, эмблемасы және картасы 2 слайд – облыстың құрылу тарихы 3 слайд – облыс аудандары мен қалалары; 4 слайд – өндірісі; 5 слайд – флорасы мен фаунасы. Жұмыс орындалған соң қатарындағы жұп олардың жұмысын бағалайды. Бағалау (2 минут). Бағалау дискрепторы: 1. Сақталуы: 1 «Менің Отаным - Қазақстан»деген атпен сақталған- 2 2 басқаша сақталған -1 3 Мүлде сақтамаған - 0 2. Интернеттен алынған ақпараттың дұрыстығы: Алынған ақпарат дұрыс -2 Ақпарат толық емес -1 Ақпарат мүлдем дұрыс емес - 0 3. Презентация құру тізбегінің дұрыстығы Дұрыс сақталған – 2 Жартылай сақталған – 1 Мүлдем сақталмаған – 0 4. Презентация жасау ережелері сақталған: Дұрыс сақталған – 2 Жартылай сақталған – 1 Мүлдем сақталмаған – 0 5. Презентацияның берілген тақырыпты сипаттауы: Толық сипаттаған – 2 Жартылай сипаттаған – 1 Мүлдем сипаттамаған – 0 Бағалауы: 8-10 бал (жасыл) 5-7 бал (сары) 5-тен төмен (қызыл) (Тапсырма көршілерімен орнын ауыстырып, бағдаршам арқылы формативті бағаланады) VI. Кері байланыс (1 мин) (бүгінгі күннен әсерім: Маған не қиын болды? Не ұнады? Мұғалімге сұрақ бойынша стикерге жазып қалдырады). |