kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Техника қауіпсіздік ережесі. Ақпарат және оның түрлері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Техника қауіпсіздік ережесі. Ақпарат және оның түрлері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Техника қауіпсіздік ережесі. Ақпарат және оның түрлері.»

«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК



Күні

Топ

1



«БЕКІТЕМІН»

Колледж директорының ОІЖ

орынбасары__________

«______ » _________________2016 ж.

Пәні: Информатика


Сабақ тақырыбы: Техника қауіпсіздік ережесі. Ақпарат және оның түрлері.


Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Техника қауіпсіздік ережесі жайлы нұсқау бере отырып, компьютермен дұрыс жұмыс жасауды, компьютерді дұрыс қосып, өшіруді үйрету; ақпарат пен аұпараттың түрлерімен білімдерін қалыптастыру; бiлiмдi бекiту, iс-әрекет тәсiлдерi, шешiмдi пайдалана бiлу, қолдану; меңгерiлген түсiнiктердiң қосымша белгiлерiн оқыту;


Дамытушылық: Ақыл-ой iс-әрекетiнiң дамуы: талдау, себебiн анықтау, тергеулiк байланыс, салыстыру, дәлелдеу, нұсқа және ұсыныстарды шығару, бiлiмдi жаңа жағдайларға көшiру. Естi жаттықтыру, ойды жинақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;


Тәрбиелік: Белсендiлiк, қызығушылық, мақсатқа жете бiлушiлiк, байқағыштық, тұрақтылық, сезiмдiлiк, шешiм қабылдағыштық, танымдылық, өз-өзiне баға беруге қабiлеттi, шығармашылық iс-әрекеттiң орындалуын жеткiлiктi қамтамасыз ететiн жеке мiнездiң тәрбиеленуi.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ



Сабақтың түрі:

Теориялық



САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ


Сабаққа қолданылатын әдебиеттер:

Е.Қ.Балапанов, А.Б.Даулетқұлов, Б.Б.Бөрібаев «Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ» (17-21 бб), Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал (65-67 бб)

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:

Компьютер, интербелсенді тақта, проектор, Sin Kaz электрондық оқулық


Сабақты жүргізу кезеңдері:


I. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)

Студенттермен сәлемдесу;

Студенттерді түгендеу;

Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;

Студенттердің назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа тақырыпты баяндау (45 мин.)

Тақырып пен мақсатын хабарлау.

Жаңа тақырыппен таныстыру, конспекті жаздыру.


Техника қауіпсіздік ережесі. Ақпарат және оның түрлері.

ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕ НҰСҚАМАСЫ


І. Жұмысты бастар алдындағы қауіпсіздік талаптары.

1. Жұмыс орнының бұзылуын көрінекілік себептерінің жоқтығына көз жеткізу.

2. Қарау сызығы экранның ортасына тура келетіндей, пернетақта мен монитор экранына берілетін мәліметті еңкейместен пайдаланатындай және қабылдайтындай болып отыру.

3. Дәптерді, оқу құралдарды жұмыс істеуге кедергі келтірмейтіндей етіп орналас-тыру.

4. Іс-әрекетің мақсаты мен ретін ұғып алу үшін мұғалімнің түсіндірмесін зейін қойып тыңдау, сұрақтар туа қалғанда оларды мұғалімге қою.

5. Жұмысты тек қана мұғалімнің нұсқауымен бастау.

ІІ. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары.

1. Тек қана жетекші тапсырған жұмысты орындау.

2. Аппаратураның дұрыстығын бақылау.

3. Аппаратура жұмысын-дағы ақаулықты жөндеуге әрекет-тенбеу.

4. Әдеттегіден тыс дыбыс, түтін, күйік иісі пайда болғанда немесе аппаратура өздігінен сөніп қалғанда тез арада жұмысты тоқтату, аппаратты сөндіріп, мұғалімге хабарлау.

5. Мыналарға қатаң тыйым салынады:

- жалғастырушы кабельдердің біріктіретін құрылғыларын қозғауға;

- экранның бетіне, монитордың немесе клавиатураның үстіне қоюға;

- мұғалімнің нұсқауынсыз аппаратураны қосуға және сөндіруге;

- дискілерді, дәптерлерді, кітаптарды монитордың және пернетақтаның үстіне қоюға;

- компьютер өшіп тұрған кезде пернетақтаны пайдалануға;

- дымқыл киімде немесе дымқыл қолмен жұмыс істеуге;

- жарық нашар түсіп тұрғанда жұмыс істеуге.

6. Бұзылған құрал-жабдықпен, сондай-ақ алып тасталған немесе сақтандырушы құрылғылармен жұмыс істеуге, құрал-жабдықты қандай да бір қайта жасауды қолға алуға болмайды, өйткені бұл электр тоғымен зақымдануға алып келуі мүмкін.

7. Білім алушыларға ЭЕМ орнатылған кабинетте мұғалімсіз қалуға болмайды.

8. Қосулы құрал-жабдық пен ЭЕМ-ді қараусыз қалдыруға болмайды.

9. Компьютерде жұмыс істеу кезінде монитордың сәуле түтігі электрмагниттік сәулеленудің көзі болып табылады, экранға жақын маңайда ол көзге теріс әсерін тигізіп, шаршатады және жұмыс қабілетін төмендетеді, сондықтан жұмыс кезінде мына талаптарды сақтау қажет:

- монитор экранынан 60-70 см (бірақ 50 см-ден кем емес) қашықтықта отыру;

- дұрыс отыру;

- тұрақты түрде көзілдірік киетін білім алушыларға көзілдірікпен ғана жұмыс істеу.

ІІІ. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары.

1. Компьютерді желіден сөндіру.

2. Жұмыс орнын жинастыру, аппаратураны жұмсақ, таза шүберекпен сүртіп шығу.


ақпарат және оның ТҮРЛЕРІ.

Адамның бар өмірі – қалай да болсын – ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты. Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар көргенде, сөйлескенде – ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.

Ақпарат дегеніміз не? - «Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін “informatio” сөзінен шыққан.

Ақпарат, бұл – айналадағы дүние туралы анықталмағанды (белгісіздікті) анықтайтын мәліметтер. Олар: сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.

Мәлімет, бұл – сигнал, хабарлама және тағы басқа арқылы берілген білім. Тұрмыста ақпарат деп адам әр түрлі дерек көздерінен алатын кез келген мәліметтер мен деректерді айтады.

Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:

1. техникалық тұрғыдан алғанда, бұл – дәлдік, сенімділік, сигнал беру жылдамдығы, т.б.;

2. семантикалық, бұл – мәтіннің мағынасын кодтардың көмегімен беру;

3. прагматикалық, бұл – ақпараттың объектінің мінез-құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі. Прагматикалық аспект ақпараттың басқару процесстеріне, адамдардың мінез-құлқына әсерін тигізу қабілетімен сипатталады және ақпарат пайдалылығы немесе құндылығы түсініктерімен сипатталады.

Ақпарат беру, сақтау және өңдеу процесстері ақпараттық процесстер деп аталады.

Ақпаратты өңдеу дегеніміз ақпаратты бір түрден екіншісіне түрлендіру деп түсіну керек. Мысалы: мәтіндегі бір әріпті екіншісіне ауыстыру; биттер тізбегіндегі нөлдерді бірліктерге, ал бірліктерді нөлдерге ауыстыру, екі санды қосу, т.б. Қазіргі заманғы компьютерлер сандық, мәтіндік, сызбалық, дыбыстық және бейнеақпаратпен жұмыс істей алады. Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп, осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті компьютер мультимедиалық деп аталады.

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады. Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі- құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы –адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады. Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу  және сезу арқылы болып бөлінеді.

    Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да бөдуге болады. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде  табысты  көрсетіледі.

Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады («иә» және «жоқ». «+» және «-», «сигнал бар» және «сигнал жоқ»).

Әдетте компьютерлердің әмірлері жекеленген биттермен емес, бірден сегіз битпен жұмыс істейді. Тізбекті сегіз бит – байтты құрайды. Бұдан гөрі үлкенірек ақпарат бірліктері

1 килобайт (Кбайт) – 1024 байт;

1 мегабайт (Мбайт) – 1024 Кбайт;

1 гигобайт (Гбайт) – 1024 Мбайт;

1 террабайт (Тбайт) – 1024 Гбайт

болып табылады. Компьютердегі сандардың барлығы адамдар үйреніп қалғандай он санның емес, 0 мен 1 санының көмегімен ұсынылады.


IІІ. Жаңа тақырыпты бекіту (30 мин)

Кіріспе нұсқаудың материалдарын бекіту. Сұрақтар, тапсырмалар беру. Жұмыс орындарын бөлу.

Sin Kaz электронды оқулық бойынша тест сұрақтарына жауап және тапсырмаларды орындап беру.


ІV. Сабақты қорытындылау (13 мин)

  • Сұрақ-жауап:

1. Жұмысты бастар алдындағы қауіпсіздік талаптары;

2. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары;

3. Жұмыс аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары;

4. Ақпарат дегеніміз не?

5. Ақпараттың қандай түрлері бар? мысалы келтіру.

6. Компьютердің өлшем бірліктері?


  • Жеткен жетістіктерді айту

  • Жіберген кемшіліктерді көрсету

  • Жұмыс орнын жинау

  • Білім алушыларға баға қою.


V. Үй тапсырмасы (1 мин)

Қайталау.




Оқытушы ____________


Әдіскер ____________


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Техника қауіпсіздік ережесі. Ақпарат және оның түрлері.

Автор: Ишмухамедова Асель Сеилхановна

Дата: 21.10.2016

Номер свидетельства: 350974

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "Техника қауіпсіздік ережесі. Ақпарат және оның түрлері"
    ["seo_title"] => string(64) "tiekhnika_k_auipsizdik_ieriezhiesi_ak_parat_zh_nie_onyn_turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "350970"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477033959"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Т?зды?тарды? негізгі т?рлері дайындау технологиясы"
    ["seo_title"] => string(54) "tuzdyktardynnieghizghiturlieridaiyndautiekhnologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "304594"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1457766189"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Файл ж?не оны баптау. "
    ["seo_title"] => string(22) "fail-zh-nie-ony-baptau"
    ["file_id"] => string(6) "131647"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416200973"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Информатика.Ақпарат""
    ["seo_title"] => string(20) "informatika_ak_parat"
    ["file_id"] => string(6) "356502"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478586107"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "план урока информатики"
    ["seo_title"] => string(22) "plan-uroka-informatiki"
    ["file_id"] => string(6) "258071"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448444751"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства