Апта 12
Күні: 02.12.2016
Пәні
Информатика
Мұғалім аты-жөні
Сулейменова М.В
6 «а» - сынып
Оқу-ісінің меңгерушісі
________
Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритм.
Сілтеме:
- 6-сынып оқулығы;
- Стендтер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:
Оқушыларға тармақталу алгоритмдер туралы түсінік қалыптастыру
Дамытушылық мәні:
Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні:
Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
Нәтиже:
- Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды
- Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
- Алгоритм туралы ұғымдарды біледі
- Алгоритм түрлерін біледі.
- Алгоритм құру жолдарын біледі.
Түйінді идеялар:
- Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелері
- Алгоритм ұғымдары
- Тармақталған алгоритм
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері:
АКТ, Ой қозғау әдісі, лездеме, ақпараттық диктант, тест.
Пәнаралық байланыс:
математика
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
- Сәлемдесу.
- Ұйымдастыру.
- Сабақ барысымен таныстыру.
- Бағалау парағын таныстыру.
- Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру
- Сәлемдесу
- Өздерін ретке келтіру
- Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
Қызығушылықты ояту (7 мин.)
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
- Өткенді қайталау
- Ребус шешу. Жауабы: Тармақталған алгоритм.
Мағынаны тану
(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)
6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Ақпараттың түрлері» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.
Оқушылар зейін қойып тыңдайды
Сабақтың негізгі бөлімі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
- Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыс беру.
- Қызықты ақпарат көрсету «Атқарушы Робот»
1.Оқушылар тақырып бойынша дискідегі практикалық жұмысты компьютерде орындайды.
2. Оқушылар бейне материалдан қызықты ақпарат көреді және ол туралы түсініктерін айтады.
Ой толғаныс (4 мин.)
Электрондық кітапханадан тест жұмысы тапсырма беріледі.
Оқушылар тест жұмысын орындайды.
Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2. Интерактивті тақтада тапсырма беріледі.
2. Әр оқушы жеке – жеке шығып тапсырмаға жауап береді.
Бағалау (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқушыға берілген бағалау парағынан әр оқушының жинаған балына байланысты баға қойылады.
Оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма (1 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үйге 37-40 беттердегі §3.4. №2 тапсырма алгоритм құрып келу.
Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.
Рефлексия (2 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.