Просмотр содержимого документа
«Алгоритм т?рлері. Тарма?тал?ан алгоритм»
Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритм.
Мақсаты: Оқушыларға тармақталған алгоритмді және оның блок-схемасының жұмыс істеу принципін бүгінгі сабақта меңгертемін.
Міндеттері:
Атқарушы «Бота» арқылы шарт қоя отырып, тармақталған алгоритм туралы түсіндіру.
Себеп-салдар байланысын орнату негізінде оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлауын, олардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын, оқушылардың қабілеттерін кеңістіктегі ой-қиялы мен шығармашылығы арқылы дамыту.
Топта бірін-бірі тыңдауға, топтық ережелерді сақтай отырып жұмыс жасауға, техника қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту технологиясы: интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: галереяда ой шарлау, болжау
Сабақтың құрал-жабдықтары:
Құралдар: интерактивті тақта, оның құралдары, ДК, CD-диск.
Көрнекіліктер: флипчарт, бейнеролик, электрондық құрал, ғаламтор желісі.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар атқарушы «Бота» арқылы тармақталған алгоритмді және оның блок-схемасының жұмыс істеу принципін бүгінгі сабақта меңгереді.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі /3 мин./
Оқушылармен амандасып, оқу құралдарын түгелдеу.
«Атом молекулалары» әдісімен топқа бөлу.
Оқушыларға бағалау парағын үлестіру.
Итермелеу сатысы
ІІ. Үй тапсырмасы. /10 мин./
Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті ... деп аталады.
a) компьютер; b) алгоритм;* c) ақпарат; d) информатика.
... – бұл алгоритмде жазылған командаларды орындай алатын адам немесе техникалық құрал.
a) блок; b) алгоритм; c) атқарушы; * d) команда.
Алгоритмнің графикалық түрде жазылу түрі...
a) блок-схема;* b) схема; c) кесте; d) блок.
Алгоритмнің негізгі түрлері:
a) сызықтық, циклдік, құрылымдық; b) тармақталған, циклдік;
c) циклдік, құрылымдық; d) сызықтық, тармақталған, циклдік.*
Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм ... деп аталады.
a) сызықтық;* b) тармақталған; c) тізбектік; d) құрылымдық.
Үйге берілген шығармашылық тапсырманы, яғни «Ханой мұнарасы» ойынын ғаламтор желісін пайдаланып орындату. Ойынды екі топ неше уақытта, неше жүріспен аяқтағанын айтып қорыту.
Шығармашылық тапсырма
Көне заманғы Басқатырғыш. Ерте заманда алыс өлкеде, қазіргі уақыттағы Вьетнам елі орналасқан жердегі Ханой қаласында монахтар өмір сүрген. Олар «Ханой мұнарасы» атты ойын ойлап тапқан. Оларда бір толық пирамида, ал қалған екеуінде тек екі бос өзекше болды. Ойын шарты бойынша сақиналарды бір өзекшеден екінші өзекшеге бір өзекшені (аралық) пайдалана отырып, ауыстырып салу талап етіледі. Пирамидадағы сақиналар саны көбейген сайын, ойын қиындай түседі. Ойын шарты өте қарапайым:
1. Бір әрекетте тек бір сақинаны ауыстырып салу керек.
2. Кез келген сақинаны үлкен сақинаға немесе бос өзекшеге салуға болады.
3. Алдымен 3 сақинаны, сосын 4 сақинаны салыңдар.
Конструкциялау сатысы
ІІІ. Жаңа сабақ. (10 мин.)
Тақырыпты айтып өту.
Мақсатын жариялау.
Мағынаны ажырату.
Мәтінмен жұмыс /§3.4 оқу/
Галереяда ой шарлау.
Топта жасалған іс-әрекетті көпшілікке ұсыну.
Жазудың толық түрі
Басы
Егержаңбыр басылсаонда
Қолшатырды жабу
Басқаша
Қолшатырды жаппау
Соңы
Жазудың толық емес түрі
Басы
Егержауын басылсаонда
Қолшатырды жабу
Соңы
Тапсырма: /компьютермен жұмыс/(10 мин.)
Алма мен тікенекті жеу блок схемасын интерактивті тақтадан шатасқан блоктарды орналастыру арқылы түсіндіру.
Атқарушы «Бота» арқылы шарт қоя отырып, тармақталған алгоритмнің 5 үлгі бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІV. Сабақты қорыту. /5 мин./
Нұсқалау сатысы /Болжау әдісі/
Ormie торайдың бейнеролигін оқушыларға ұсыну. Оның іс-әрекетін блок-сұлба арқылы, шарт қойып көрсетпелі түрде қорыту.
Басы
Егердұрыс жоспарласаонда
Күлшені жейді
Басқаша
Күлшені жемейді
Соңы
Басы
Егердұрыс жоспарласаонда
Күлшені жейді
Соңы
V. Үй тапсырмасы. /2 мин./
§3.4, оқу, 41 беттегі шығармашылық тапсырманы орындау.
VI. Оқушы әрекетін және сабақ барысын бағалау /3 мин./
Бағалау дескрипторы. /барлығы: 20 ұпай/
20-17 ұпай - «5» баға 16-13 ұпай - «4» баға 12-9 ұпай - «3» баға
Аты-жөні:
1 ұпай
2 ұпай
3 ұпай
4 ұпай
5 ұпай
Ұпай
Үй жұмысы
тақырыпты оқымаған, сол себепті берілген сұрақтарға жауап бере алмады.
тақырыпты оқымаған, сол себепті берілген сұрақтарға жауап бере алмады.
тақырыпты оқыған, бірақ нақты жауап бере алмады.
тақырыпты оқыған, бірақ толық меңгермеген.
тақырыпты оқыған, барлық сұраққа толық жауап берді.
Тақырыпты меңгеруі
мәтінді түсінбеген, тақырыпты аша алмады.
мәтінді баяндауда дәлсіздіктер кездесті.
мәтінді түсінген, мазмұндауда жоспардан ауытқу бар.
тақырыпты аша білді, өзіндік ой- пікірін орынды қолданды, бірақ нақтылық болмады.
мәтінді толық түсінген, қорғау жұмыстарына қатысты
Тапсырманы компьютермен орындай алуы
тақырыпты меңгермеген, сол себепті тапсырманы орындай алмады.
тақырыпты меңгермеген, бірақ тапсырманы орындауға тырысып, топта жұмыс жасады.
тақырыпты толық меңгермеген, сол себепті тапсырманы орындауда қиыншылықтар болды.
тақырыпты толық түсінген, бірақ тапсырмалардың барлығын орындай алмады.
тақырыпты толық түсінген, тапсырмалардың барлығын орындады.
Техника қауіпсіздік ережесінің сақталуы
қауіпсіздік ережесін білмеді.
қауіпсіздік ережесін меңгерген, бірақ сақтай білмеді.
қауіпсіздік ережесін біледі, бірақ кейбір ережелерді сақтамады.
қауіпсіздік ережесін біледі, бірақ жауапкершілігі төмендеу.
қауіпсіздік ережесін біледі және жауапкершілікпен қарады.