Просмотр содержимого документа
«Таблица (Кестелер. Кестелерді ??ру)»
Бекітемін:
Күні:
Пәні: информатика
Класы: 6
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кесте құрудың әдістерін, безендірулерін үйрету. Практикалық жүзінде қолдана білу. Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға, біріктіруге және бөліктерге бөлуге үйрету Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау Сабақтың көрнекілігі: ДК, үлестірме парақшалары, бағалау парағы Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, география
Сабақтың құрлымы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Өтілген материалды қайталау
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіруге даярлау Ү. Жаңа материалды түсіндіру
ҮІ. Жаңа материалды бекіту
ҮІІ. Сергіту сәті
ҮІІІ. Практикалық жұмыс ІХ. Қорытындылау Х. Бағалау ХІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі. 1. Оқушылармен амандасу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып тазалығына көңіл бөлу; 4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау Сабағымызды бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін қайталап өтейікші. Әрқайсымыз бір ережеден айтайық. Жауап жоспарының үлгісі: 1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды; 2. Тағайындалған орынға отыру керек; 3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға болмайды; 4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен; 5. ДК ақау байқалса, жұмысты дереу тоқтату керек; 6. Көз бен экранның арақашықтығы 60-70 см болу керек, т.с.с. - Жарайсыңдар! ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сәйкестендіру» тесті
№
Сұрақ
Белгі
Жауап
1
Құжат бетінің өлшемдерін таңдап алу үшін
Кірістіру-Беттің нөмері
2
Қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық
Файл – беттің параметрлері-Қағаз өлшемдері
3
Құжат бетінің параметрін қою үшін
Түрі - колонтитул
4
Колонтитулды жасау үшін
Кірістіру – бөлу-жаңа бет-ОК
5
Бетке қосымша бөлуді орналастыру үшін
Файл- Беттің параметрі-бағдарлау
ІІІ. Өтілген материалды қайталау.
1. Microsoft Word - бұл . . . А) Графикалық редактор Ә) Мәтіндік редактор Б) Кестелер редакторы 2. Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз? А) Файл – Сохранить как Ә) Файл – Сохранить Б) Правка – Сохранить как 3. Меңзер дегеніміз не? А) компьютердің миы Ә) микросхемалар жиынтығы Б) экранда жыпылықтап тұратын символ
4. Мәтіннің түсін өзгерту батырмасы
А)
Ә)
Б)
1
2
3
4
Ә
А
Б
Б
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіруге даярлау.
«Сөзжұмбақ» шешу (кесте сөзі шығады) Ү. Жаңа сабақ. (Жаңа материалды түсіндіру және қабылдау кезеңі) Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз. Бүгінгі күн жадын және сабағымыздың тақырыбын жазамыз. Бұл сабақта кесте құру әдістерін, сондай-ақ кесте безендіруді үйренулеріміз керек. Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде дайындау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың. Сонымен кесте дегеніміз – жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Кесте жолдар мен бағандардың қандай да б ір санынан тұруы мүмкін. Жолдар мен бағандар қиылысып ұяшық құрайды. Мәтіндік редакторында кестелерді 3 түрлі әдіспен құруға болады. 1-әдіс: Бос кестені орналастыру үшін меңзерді қажет жерге апарып Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құра аламыз. Экранда Кестені қою (Вставка таблицы) диалогтік терезесі пайда болады. Онда өзімізге қажет бағандар мен жолдар санын қоя аламыз. Мысалы: 5 баған, 2 жолдан тұратын кестені салайық. 2-әдіс: Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құра аламыз. Мұнда ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып таңдаймыз. Мысалы: 6 баған, 3 жолдан тұратын кестені салайық. 3-әдіс: Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка – Таблица – Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кестені қарындашты пайдаланып, қолдан сыза аламыз. Мысалы: 5 баған, 4 жолдан тұратын кестені салайық. Міне, біздер кесте салуды үйрендік. Енді, кестеміздің бірнеше ұяшығын бір ұяшыққа біріктіруді және бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлуді үйренейік. Бірінші жағдайда ұяшықтарды белгілеп алып, Кесте – Ұяшықтарды біріктіру (Таблица – Объединить ячейки) командасын орындаймыз немесе Кесте және шекара (Таблицы и границы) тақтасындағы батырманы шертеміз. Ал, екінші жағдайда Кесте – Ұяшықтарды бөлу (Таблица – Разбить ячейки) командасын орындаймыз немесе батырмасын шертеміз. Осы кезде Ұяшықтарды бөлу диалогтік терезесі ашылады. Онда бағандар мен жолдар саны мәндерін енгіземіз де, Ок батырмасын шертеміз. Мысалы: 1. Соңғы кестеміздің бірінші жолындағы ұяшықтарды біріктірейік. 2. Осы жолды 4 баған, 2 жолға бөлейік. Кестеге элементтер (жол, баған, ұяшық) қосу үшін кез келген ұяшыққа тышқан нұсқағышын апарып, оң жақ батырмасын шертіп, динамикалық мәзірді шақырамыз. Онда бағанның сол жағы, бағанның оң жағы, бір жол жоғары, бір жол төмен ұяшықтар пункттерінен керегін таңдаймыз. Кесте элементтерін өшіру үшін оларды белгілеп, Макет – Өшіру командасын орындап, кесте, баған, жол, ұяшық пункттерінен керегін таңдаймыз немесе пернелер көмегімен немесе пернелер көмегімен орындалады. VІ. Жаңа материалды бекіту
Электронды оқулықпен жұмыс
VІІ. Сергіту сәті.
Көзге, қолға арналған жаттығулар.
ҮІІІ. Практикалық жұмыс.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау. I.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс 1) Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз; 2)Тапсырма: 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
Р/с
Оқушының аты жөні
Туған күні, айы, жылы
Класы
1
2
3
II.Екпінді оқушылармен жұмыс 1) Қою – Кесте – Кесте қосу батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз; 2) Тапсырма: Мектептегі кластарды жазу және оқушылар саны нешеу?
Р/с
Кластары
Оқушылар саны
1
2
III.Дарынды оқушылармен жұмыс 1) Кестені қолдан сызып шығу: Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка-Таблица-Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз; 2) Тапсырма: Қазақстандық ақындар жайлы мағлұмат беру..
№
Ақындар
Өмір сүрген жылдары
Жазған өлеңдері
1
2
Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер. Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріңдер. Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс орындадыңдар. ІХ. Қорытындылау.
«Сиқырлы ұяшық» сұрақтар.
1 Кестені даярлау үшін Кесте – Кесте қосу 2 Ұяшықтарды біріктіру үшін Кесте – Ұяшықтарды біріктіру 3 Кесте қай қатарда орналасқан? Меню қатарында 4 Ұяшық дегеніміз не? Бағандар мен жолдардың қиылысы 5 Кесте құрудың неше әдісі бар? 3 әдісі 6 Ұяшықтарды бөлу үшін Кесте – Ұяшықтарды бөлу 7 Кесте дегеніміз Жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат Х.Оқушылардың білімін бағалау . Жетондар арқылы бағалау. Қызыл – өте жақсы, көк- жақсы, сары – қанағаттанарлық. ХІ. Үйге тапсырма. 1. Тақырыпты оқып, мазмұндау 2. Шығармашылық тапсырма: «Менің жанұям» тақырыбында кесте құрып келу. Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға рақмет!
Тест
1. Microsoft Word - бұл . . . А) Графикалық редактор Ә) Мәтіндік редактор Б) Кестелер редакторы 2. Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз? А) Файл – Сохранить как Ә) Файл – Сохранить Б) Правка – Сохранить как 3. Меңзер дегеніміз не? А) компьютердің миы Ә) микросхемалар жиынтығы Б) экранда жыпылықтап тұратын символ
4. Мәтіннің түсін өзгерту батырмасы
А)
Ә)
Б)
Тест
1. Microsoft Word - бұл . . . А) Графикалық редактор Ә) Мәтіндік редактор Б) Кестелер редакторы 2. Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз? А) Файл – Сохранить как Ә) Файл – Сохранить Б) Правка – Сохранить как 3. Меңзер дегеніміз не? А) компьютердің миы Ә) микросхемалар жиынтығы Б) экранда жыпылықтап тұратын символ
4. Мәтіннің түсін өзгерту батырмасы
А)
Ә)
Б)
Тапсырма:
1) Қою – Кесте – Кесте қосу (Вставка – Таблица – Вставить таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз; 2)Тапсырма: 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
Р/с
Оқушының аты жөні
Туған күні, айы, жылы
Класы
1
2
3
Тапсырма:
1) Қою – Кесте – Кесте қосу батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз; 2) Тапсырма: Мектептегі кластарды жазу және оқушылар саны нешеу?
Р/с
Кластары
Оқушылар саны
1
2
Тапсырма:
1) Кестені қолдан сызып шығу: Қою – Кесте – Кесте салу (Вставка-Таблица-Нарисовать таблицу) командасын орындау арқылы кесте құрыңыз; 2) Тапсырма: Қазақстандық ақындар жайлы мағлұмат беру..