Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, кітап,буклет.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Сыртқы жад
Сыртқы жад ДК-дің сыртқы құрылғыларына жатады. Ол ақпараттарды ұзақ уақыт сақтауға арналған. Атап айтқанда, сыртқы жадта компьютердің барлық программалық жасақтары сақталады.
Сыртқы жады мынадай құрылғыларда орналасады: қатқыл диск ТҚМД, ТИМД иілгіш магниттік дискілер, магниттік таспалар, компакт дискілерде жинақтаушылар болып табылады. ТҚМД, ТИМД сақтайтын ақпарат көлемі іздеу уақыты ақпаратты жазуы оқу тұрғысынан бір – бірінен ерекшеленді.
Ішкі жад деректері мен бағдарламалары ұяшықта рда байттар мен байттардың тобы сияқты орналасады. Олармен қатынасу ұяшықтардың адрестері бойынша іске асырылады.
Сыртқы жадта деректер (порция) үлестерге бөлініп жазылады. Үлестерді файлдар деп атайды. Мұндай құрылым файлдық деп аталады. Файлдармен орындалатын күрделі операцияларды ОЖ-нің бөлігі болып табылатын файлдық жүйе жасайды. Файлдық жүйенің міндеті - файлдарды сақтауды ұйымдастыру және оларға жылдам шығуды қамтамасыз ету.
Файлды үш түрлі вариантта орналастыруға болады: бір деңгейлік,кестелік,көпдеңгейлік және кестелік.
Бір деңгейлік сызба кезінде файлдар бірінен кейін бірі сызықты орналасады.
Кестелік сақтау кезінде олардың қиылысуында орналасқан қатар мен бағана нөмірі файлдың координаты болып табылады.
Көп деңгейлік жүйеде файлды іздеу «толық аты» деп аталатын файлдың аты бойынша жүргізіледі.
Файлдың толық аты дегеніміз осы файлдың өз аты және берілген жүйеде оның тұрған жері көрсетілген жазба.
Жүйелік шина.
Процессор мен жадты ақпараттық кеңарна немесе ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы сегіз, он алты немесе отыз екі сымнан тұратын жинақ болып табылады. Осыған орай оларды сегіз, он алты немесе отыз екі разрядты шина деп атайды.
Жүйелік шинаға деректер шинасы мен адрестер шинасынан басқа машинаның барлық блоктарына нұсқаулар беруге арналған командалар шинасы мен электроқоректендіру жүйесіне ДК блоктарын қосуға арналған қоректендіру шинасы кіреді.
Жүйелік шина ақпарат берудің үш бағытын қамтамасыз етеді:
микропроцессор мен негізгі жад арасында;
микропроцессор мен сыртқы құрылғылардың енгізу шығару порттары арасында;
негізгі жад пен сыртқы құрылғылардың енгізу шығару порттары арасында.
Барлық блоктар, анығырақ айтқанда, олардың енгізу шығару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей немесе контроллер(адаптер) арқылы қосылады.
Cабақты қорыту:
Cыртқы жадта ақпараттар қалай сақталады?
Жүйелік шина қандай түрлері бар
Жүйелік шина ақпарат берудің қандай бағыттарын қамтамасыз етеді?