Сабақ №18 | Күні: 21.01.2017 | Пәні: Информатика Сыныбы: 5 | Мұғалімі: Бүркітова А.Е |
Сабақтың тақырыбы: | Практикалық жұмыс Сурет үзіндісімен іс-әрекетті орындау |
Мақсаты : | Редактордың барлық мүмкіндіктерін тәжірибелік жұмыстарда еркін пайдалануды үйрену |
Күтілетін нәтижелер: | Қарапайым графикалық редакторды іске қоса алады, Қарапайым графикалық редакторда суреттерді ашады, сақтай алады Қарапайым графикалық редакторды суретер салып, түрлендіреді, мүмкіндіктерді қолданады |
Керекті жабдықтар: | ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар, интерактивті тақта, My test бағдарламасы. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс - әрекеттері | Оқушылардың іс - әрекеттері |
Кіріспе | Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сергіту сәті Топқа бөлу | Кезекші сабақта жоқ оқушыларды айтады. |
Тұсаукесер | 8 мин. | Бос орынды толтыру керек Қызметтерін айтады Түстер палитрасы Құрал саймандар тақтасы Тақырып жолы Жұмыс алаңы | Бос орынды толтыру керек Қызметтерін айтады |
Негізгі бөлім | 10 мин | - ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндісін таңдау қызметін атқарады. - белгілеу құралы бұл суреттің тіктөртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады. - өшіргіш құралы, бұл суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал. - құю (заливка) құралы, бұл кескіннің немесе тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды. - түс таңдау, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез – келген нүктесінің түсіне өзгертеді. - масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді. - карандаш құралы, бұл кез – келген сызықты әртүрлі жуандықта сызуға арналған. - кисть құралы, бұл ерікті сызықтарды салуға арналған. Оның қажетті түрін таңдап алуға болады. - бүріккіш құралы, бұл эффектісіне жетуге мүмкіндік береді. - жазу құралы, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады. - сызық құралы, бұл түзу сызық салуға арналған. - қисық құралы, бұл тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді. - тіктөртбұрыш құралы, бұл тіктөртбұрыш салуға арналған. - көпбұрыш құралы, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады. - эллипс құралы, бұл шеңбер немесе эллипс салуға болады. - бұрыштары дөңгеленген тіктөртбұрыш немесе квадрат салуға арналған. | |
Практика-лық жұмыс. | 10 мин | Практикалық жұмыс: І тапсырма. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, үйшіктің суретін салыңыз. 1І - тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тап, суретін сал 1 топ. Жаңбыр жауса нөсерлеп, Әрі-сәрі болмаймын. Алып жүрсең қолыңа, Су болудан қорғаймын . (Қолшатыр) 2- топ Қақаған қыста, Өседі тыста. Өзгертпей өңін, Сақтауға ұста. (Шырша) 3- топ Күндіз кірер «інге», Жұрт қалады білмей. Шығады тек түнде, Болам дейді күндей. (Ай) | 4 тапсырма . әр тапсырмаға 1 ұпай беріледі. Практикалық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірлерімен бірлесе отырып жұмыс істеді. |
Сергіту сәті. | 2 мин. | Көз жаттығуын орындайық.(презентация көрсетіледі) Көзге арналған жаттығулар.ppt Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау. Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау. Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау. Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру. Көзімізді жиі жыпылықтатып ашып жұму. | Жаттығуды орындарында отырып орындау. |
Қорытын-ды. | 9 мин | Тест Paint сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады? А) Жобалау Ә) Оқу, кітап Б) Сурет, сурет салу В) Музыка, ән салу Барлық растрлық кескіндер неден тұрады? А) Кішкене тіктөртбұрыштардан Ә) Нүктелерден Б) Сызықтардан В) Символдардан Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады? А) .bmp Ә) .jpg Б) .png В) .gif Paint программасын қалай іске қосамыз? А) Бастау → Барлық программалар →Стандарттық → Paint Ә) Бастау → Стандарттық →Paint Б) Менің құжаттарым → Менің суреттерім → Paint В) Жұмыс үстелі → Қоржын →Paint Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек? А) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау Ә) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау Б) тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту В) Esc пернесін басу Палитраның неше түсі бар? А) 256 Ә) 2 Б) 30 В) қанша керек болса да Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады? А) Түстер тобы → Түстерді өзгерту Ә) Сурет → Түстерді қайтару Б) Саймандар → Түспен толтыру В) Файл → Құру Палитрада жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады? А) Сары, сүр, қан қызыл Ә) көгілдір, қызыл, қара Б) ақ, қызғылт сары, ақшыл көк В) жасыл, қызыл, көк RGB (0, 0, 250) кодына қандай түс сәйкес келеді? А) қызыл Ә) жасыл Б) көк В) қара | Тест тапсырмасын My test бағдарламасында орындайды. . |
VI. Бағалау. | 2 мин. | Бағалау критерийі экраннан көрсеттім. Сабақтың әр кезеңіне өздерін бағалаған бойына «+» белгілеп барлығын қосып, 3 санына бөледі. Қорытынды жасау бағанына жазады. Фамилиясы, аты жазып тапсырады. Семантикалық карта. Өзін - өзі бағалау. Бағалар Тапсырма түрлері | 3 | 2 | 1 | | Терезе элементтері | | | | | Құрал-саймандар | | | | | Практикалық жұмыс 1 2 | | | | | Тест | | | | | Қорытынды жасау | | | | | | Оқушылар тапсырма орындаған соң өзін-өзі бағалап отырды. 18-21 «5» 14-17 «4» 10-13 «3» |
VII.Үй жұмысы. | 2 мин. | Paint графикалық редакторын қайталау | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады. |