Просмотр содержимого документа
«Меншіктеу операторы»
Пәні: Информатика
Сыныбы: 7 «а»
Пән мұғалімі: Новрузбайқызы Жансая
Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларды Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. 2. Дамытушылық – Оқушылардың меншіктеу операторы мен сандық функцияларды қолдану дағдысын қалыптастыру
3. Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ – жауап, практикалық, бағдарлама құру және оны қорғау
Программалық-дидактикалық жабдықталуы: дербес компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, Windows ОЖ, презентация, оқулықтар, Pascal ABC
Дерек көздері: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, WWW.epm.kz; Информатика оқыту әдістемесі 7 сынып, С.Т.Мұхамбетжанова, А.Е.Сағымбаева. Алматы «Атамұра» 2015ж.
Оқушыларды жеребе арқылы топқа бөлу. І топ «Ту», ІІ топ «Әнұран», ІІІ топ «Елтаңба»
Енгізу операторын қалай белгілейміз?
Нақты санды қалай белгілейміз?
Шығару операторын қалай белгілейміз?
Өрнек дегеніміз не?
Тізім дегеніміз не?
Программаны перне тақтадан теріп алғаннан кейін оны
орындау үшін және нәтижесін көру үшін қандай пернелерді басамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ
Меншіктеу операторы – берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады
Меншіктеу операторының жазылу форматы:
:=;
Меншіктеу операторының жазылу құрылымы:
‹айнымалы›:= ‹өрнек›;
Мұндағы ‹айнымалы› - айнымалы идентификаторы, := меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген сан мәнін қабылдайды; ‹өрнек› - арифметикалық өрнек немесе сан.
Мысалы, Меншіктеу операторлары нәтижесі
r:=5; 5
r:=r+1; 6
r:=8; 8
Меншіктеу операторының жазылу құрылымы мен түсініктемесі
Оператор
Түсініктеме
Х:= 10
Х айнымалысына 10 мәні меншіктеледі
Х:=2*а+6
Х айнымалысына 2*а+6 өрнегінің мәні меншіктеледі
А:= ‘Информатика’;
А мәтіндік айнымалыға ‘Информатика’ мәтіндік тұрақтысы меншіктеледі
S:=S+1;
S айнымалысына S-тің алдыңғы мәні 1-ге арттырылып меншіктеледі
Меншіктеу операторы тек арифметикалық өрнектер үшін ғана емес, логикалық және символдық өрнектер үшін де қолданылады. Мысалы К:= А AND B. Мұндағы А-ақиқат, ал В-жалған болса, онда К жалған мән қабылдайды. К ақиқат мән қабылдау үшін А және В мәндері ақиқат болуы қажет, өйткені AND сөзі ЖӘНЕ деген ұғымды білдіреді.
ІV. Топтық жұмыс
Әрбір топқа 1 есеп беріледі. Сол есепке топ болып программа құрып, қорғау керек.
І топ «Ту»: Жүрілген жол және оған кеткен уақыт берілген. Жылдамдықты табыңдар.
Program jyldamdyk;
Var s,t,u: real;
Begin
Readln(s,t);
u:=s/t;
Writeln (‘u=’,u);
End.
ІІ топ «Әнұран»: Екі қабырғасы берілген. Тіктөртбұрышың ауданын табыңдар.
Program audan;
Var a,b,s: real;
Begin
Readln(a,b);
s:=a*b;
Writeln (‘s=’,s);
End.
ІІІ топ «Елтаңба»: Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Program perimetr;
Var a,b,c,P: real;
Begin
Readln(a,b,c);
P:=a+b+c;
Writeln (‘P=’,P);
End.
V. Практикалық жұмыс
Pascal ABS программалау тілінде есептер шығару.
VI. Сабақты бекіту сұрақтары:
Меншіктеу операторы дегенді қалай түсінесіңдер?
Меншіктеу операторының жазылу пішімі қандай?
Айнымалыға символдық шаманы меншіктегенде символ қандай белгілер арқылы жазылады?
VIІ. Оқушыларды бағалау.
VIІІ. Үй тапсырмасы: Меншіктеу операторы, оқу; Үшбұрыштың ауданын табу программасын құрып келу.