конспект урока на тему "Меншіктеу операторы. Сандық функциялар Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру"
Конспект урока на тему "Меншіктеу операторы. Сандық функциялар Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру"
Сыныбы: 9 А Күні:_____________________ Тексерген:____________________________
Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Сандық функциялар Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Программа құрылымы, шамаларды сипаттау және операторлар бөлімі, сонымен қатар Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік беру. Сызықтық алгоритмге программа құру.
Білімділік: . Паскаль тілінің программа құрылымын қарастыру, енгізу шығару операторларын оқып үйрену, стандартты функцияларды қолданып, арифметикалық өрнектерді жазу дағдыларын шыңдау.
Дамытушылық: Материалды оқып үйренуде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз ойын білдіре алу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойын жүзеге асыру, нәтижеге жету іскерлігін ояту, оқып үйренген білімін қолдана білуге талаптандыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Көрнекі –түсіндірмелі, практикалық.
Оқыту құралдары: ДК. Паскаль жүйесі. Оқыту программалары. Жаңа сабақ бойынша презентация.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«конспект урока на тему "Меншіктеу операторы. Сандық функциялар Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру"»
Сыныбы: 9 А Күні:_____________________ Тексерген:____________________________
Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Сандық функциялар Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру.
Сабақтың мақсаты: Программа құрылымы, шамаларды сипаттау және операторлар бөлімі, сонымен қатар Паскаль тілінің қарапайым операторлары туралы түсінік беру. Сызықтық алгоритмге программа құру.
Білімділік: . Паскаль тілінің программа құрылымын қарастыру, енгізу шығару операторларын оқып үйрену, стандартты функцияларды қолданып, арифметикалық өрнектерді жазу дағдыларын шыңдау.
Дамытушылық: Материалды оқып үйренуде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз ойын білдіре алу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойын жүзеге асыру, нәтижеге жету іскерлігін ояту, оқып үйренген білімін қолдана білуге талаптандыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Көрнекі –түсіндірмелі, практикалық .
Оқыту құралдары: ДК. Паскаль жүйесі. Оқыту программалары. Жаңа сабақ бойынша презентация.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін қадағалау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:.Паскаль программалау тілінің алфавиті. Тілдің қарапайым объектілері. Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Өрнектер және олардың жазылуы.
ІІІ. Өткен материал бойынша оқушылардың білімін тексеру
Мәліметтердің типі дегеніміз не?
Мәліметтердің типі қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
Мәліметтердің қандай типтері бар?
Атаулардың типтері қалай сипатталады?
Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?
Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер паскаль тілінде қалай жазылады?
IV. Мақсат қою кезеңі Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары.
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жаңа сабақты түсіндіру
Паскаль тілінің программасы блоктардан құрылады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді (операцияларды, амалдарды) атқару бөлімі.
Мәліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші негізгі бөлімнің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі (глобальді) блок болып саналады. Ал блок ішіндегі блок – жергілікті (локальді) блок деп аталады.
Программа тақырыбы блок
Программа құрылымының диаграммасы
Паскаль тіліндегі кез келген программаның тақырыбы, одан кейін сипаттау бөлімі және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
Белгілерді сипаттау. Белгі программаның бір жолын, яғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.
Оператор тек бір белгімен ғана белгіленеді. Бір белгі бірнеше операторды белгілей алмайды.
Белгіні сипаттау пішімі (жазылуы):
Label 1-сан, , k-сан, 1-атау, 2-атау, n-атау;
Мысалы: label 15, 5, 11, san, k5, n, belgi 1;
Осы белгілерге сәйкес программа ішіндегі белгілі бір жолға оның бірін қою үшін – сол жол алдына белгі аты болып анықталған ( 5, san сияқты) бір сан немсе сөз жазылуы тиіс, сонан соң қос нүкте қойылып оператор жазылады. Мысалы:
12:
немесе
k5:
Программаның орындалу барысында кез келген жерге goto k5; тәрізді көшу операторын орналастырып, осы жолдан кейін командалардың атқарылу ретін бұзып, бірден k5 қатарына ауысуға болады.
Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтыларды өз мәнімен (мысалы, 5, 14, 13.5 т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.
Мысалы: const pi=3.14; e=2.7; a= ‘ bol’; max=1000;
Айнымалыларды сипаттау. Программада пайдаланылатын айнымалы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде сипаттау бөлігінде көрсетілуі көрсетілуі қажет.
Пішімі (жазылуы): var айнымалы атауларының
тізімі тип
Мысалы: var af, m, n: integer;
h, sg: real;
d, ch: char:
kd, b: Boolean;
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалыларға сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.
Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі: : = ; мұндағы - айнымалы идентификаторы, : = - меншіктеу белгісі, - арифметикалық өрнек немесе сан.
Бұл оператор екі міндет атқарады:
Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектердің сандық мәнін есептейді.
Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән сол айнымалыға сәйкес компьютнр жады ұяшығында орналасады.
Көшу операторы. Көшу немесе шартсыз көшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін LABEL бөлімінде сипатталған белгі атауы жазылады. Көшу операторының форматы:
GOTO ;
мұндағы - LABEL бөлімінде сипатталған белгінің біреуі.
Мәліметтерді енгізу операторыREAD (ағылшынша оқу). Оператордың жалпы түрі:
READ(a1, a2,…an);
READLN(a1, a2,…an);
READLN;
Шығару операторы. Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы қолданылады:
WRITE(a1, a2,…an);
WRITELN(a1, a2,…an);
1-мысал. Екі санның қосындысын табу программасын құру керек.
Program kosindi;
Var a,b,x: integer;
Begin
Write (‘a,b-сандарын енгіз’);
Readln(a,b);
X:=a+b;
Writeln(‘x=’ ,x);
End.
2-мысал. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Program bolindi;
Var a,b,x: integer;
Begin
Write (‘a,b-сандарын енгіз’);
Readln(a,b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’ ,x);
End.
VI. Жаңа материал бойынша түсінгенін тексеру
Компьютермен хұмыс
Тақтаға жазылған 1-2 мысалды және кітаптың 70-72 беттеріндегі программасы құрылған дайын мысалдарды компьютерде Паскаль программасында теріп, тексеріп, нәтижесін көру.
VII. Сабақты бекіту сұрақтары:
Оператор дегеніміз не?
Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?
Көшу операторы не үшін қажет?
Меншіктеу операторының форматы.
Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?