kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Массив элементтерімен жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока в 9 классе по теме "Массивы" В разработке есть практические задания для работы на компьютере.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«массив элементтерімен жұмыс»

Ақтөбе қаласы

М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі

Отаров Д.Т.

информатика мұғалімі

9 класс

Сабақтың тақырыбы: Жиым элементтерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Pascal программасында жиым элементтерімен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін түсіндіру және қарапайым программа құруды үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларға Pascal программасында бірөлшемді, екіөлшемді жиым элементтерін өңдеуді және оның программасын құрудың әдіс-тәсілдерін меңгерту;

Дамытушылық: оқушыларға жиым элементтерін өңдеу тәсілдері арқылы практикалық жұмыстар орындау дағдыларын қалыптастыру, өзбетінше ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жаңа ақпараттық технология жүйесі арқылы болжауда және нәтижеге жетуде табандылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекіліктері: сөзжұмбақ, слайдтар, электрондық оқулық, тест жұмыстары.

Пәнаралық байланыс: математика;

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту;

Сабақтың түрі: теориялық – практикалық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «БиС» , СТО технологиясының элементтері, Биоинтернет картасы.

Сабақтың әр бөліміне байланысты оқушының сабаққа қатысу білімі бойынша оқушы сайтына «+» белгісі қойылып отырады.

А Ә Б В Г Д

1



2



3



4



5



1



2



3



4



5



1



2



3



4



5













Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: (1-минут)

А) Оқушылармен амандасу.

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

Б) Оқу – құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5.4. Айнымалы типтер. Жиымдар.

5.5. Көпөлшемді жиымдар. (4-минут)

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту: Үй тапсырмасын пысықтау үшін мына сөзжұмбақты шешейік. Сөзжұмбақ. (5-минут)

1. Айнымалыны сипаттау бөлімінде көрсетілген мәндердің белгілі бір аралығын қабылдайтын болса, оны қандай типтегі айнымалы дейміз?

2. Кестедегі элементтер саны оның несін көрсетеді?

3. Шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама нені білдіреді?

4. Кестедегі бағаналар мен жолдар саны нені білдіреді?

5. Қабылдайтын мәндерінің реттелген тізімі арқылы берілетін тип?

6. Паскаль тілінде мәліметтерді басқаша не дейміз??

7. Мәліметтердің орналасуын ұзындықтары бірдей бірнеше қатарларға біріктіру тәсілі?

8. Шектеулі типте қолданылатын шамалардың бірі?

9. Жиымның әрбір элементін кесте ішінде орналасуын көрсететін айнымалы?

10. Сызықтық кестелерді Паскаль тілінде басқаша қалай атаймыз?

11. Кесте жолдарында берілген мәліметтер?

12. Жиымның басқаша атауы?

13. Мәліметтердің бір жолда тізбектеліп орналасуы?

14. Кестеге енгізілетін типтің әрбір мәні?


ш

е

К

т

е

у

л

і



к

Ө

л

е

м

і


т

и

П

і




Ө

л

ш

е

м

і


с

а

н

а

Л

а

т

ы

н





Ш

а

м

а




к

Е

с

т

е

л

і

к


с

и

М

в

о

л

д

ы

қ



и

н

Д

е

к

с




б

І

р

ө

л

ш

е

м

д

і


Ж

а

з

б

а


м

а

с

с

И

в






с

Ы

з

ы

қ

т

ы

қ


э

л

е

М

е

н

т




1-слайд

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру: Жиым элементтерімен жұмыс. (20-минут)

  1. Жиым – дегеніміз не?

  2. Жиымдардың негізгі параметрлеріне нелер жатады? (оның типі, өлшемі және көлемі жатады.)

Типі - сандық, символдық және логикалық. Өлшемі – бірөлшемді, екіөлшемді, т.с.с. Көлемі - жиымның элементтер санына байланысты. Жиым (Массив) бір, екі және одан да көп өлшемді болады және оның өлшемі элементтінің реттік номерін көрсететін индекстер саны арқылы анықталады. (оқушылардан сұрау)

Енді жиым элементтерімен жұмысты қарастырамыз: яғни, элементтерді компьютерге енгізіп оларды өңдейміз. Ол үшін жиымдарды сипаттап алу керек.


Жиымдарды қалай сипаттаймыз? (оқушылардан сұрау)

Жиымдардың берілу және сипатталу түрлері:



Жиым түрі:

Жиымның сипатталуы

1 тәсіл:

2 тәсіл

Бірөлшемді:

Type t=array[1..n] of тип;

Var a:t;

Var a: array[1..n] of тип;

Екіөлшемді:

Type р=array[1..n,1..m] of тип;

Var в:р;

Var в:array[1..n,1..m] of тип;

Үшөлшемді:

Type р=array[1..n,1..m,1..k] of тип; Var с:р;

Var с:array[1..n,1..m,1..k] of

тип

2-слайд

Жоғарыда айтылғандай әрбір жиымға оперативтік зердеде алдын ала оның элементтерінің саны және типі ескеріліп қатар орналасқан ұяшықтар бөлінеді. Бұл жұмыс программа жазуға дайындық жүргізу кезеңдерінде мұқият ұйымдастырылуы керек.

Мысалы: VAR А: ARRAY [1..30] OF INTEGER

B: ARRAY [1..20] OF CHAR

C: ARRAY [-9..21] OF REAL

D:ARRAY[1..7,1..10] OF REAL

K:ARRAY[1..4,1..3] OF CHAR

Мұндағы, А жиымы 30 элементтен, типі бүтін; В жиымы 20 элементтен, типі символдық; С жиымы 32 элементтен, типі нақты сан; D жиымы 70 элементтен (7 жол, 10 баған), типі нақты сан; К жиымы 12 элементтен (4 жол, 3 баған), типі символдық шама. Әр жиымға осы сипаттау бойынша оперативтік зердеден орын бөліп береді.

Жиымды сипаттап болғаннан кейін, операторлар бөлімінде жиым элементтеріне жай айнымалылармен орындалатын әртүрлі амалдар қолдануға болады. Оларды әртүрлі өрнектерде операндалар орнына For, While, Repeat операторларының параметрлерінде логикалық амалдарды салыстыру элементі ретінде пайдалануға болады. Программалық мәтінде жиымның әр элементі жиымның аты мен индексі арқылы жазылады. Бір ескеретіні «индекс» және «индекс типі» түсініктерін араластыруға болмайды. «Индекс типі» түсінігі тек жиымды сипаттайтын бөлімінде қолданылады. Ал «индекс» түсінігі операторлар бөлімінде жиым элементтерін белгілегенде қолданылады. Компьютер зердесіне енгізілген жиым элементеріне әртүрлі амалдар немесе әрекеттер орындауға болады. Яғни, жиым элементтерін сұрыптау: элементтер орнын ауыстыру, элементтердің қосындысын және арифметикалық ортасын, ең кіші не ең үлкен элементін іздеу, қосымша жиымдарды пайдалану,т.с.с.

Енді осы жоғарыдағы айтылған жиым элементтерін өңдеу тәсілдерін қарастырайық:

  1. Жиымның екі элементінің орнын ауыстыру:

c:=a[i]; a[i]:= a[j]; a[j]:=c;

  1. Бірөлшемді жиым элементтерінің қосындысын табу:

s:=0;

for i:=1 to 10 do

s:=s+a[i];

  1. Бірөлшемді жиым элементтерінің ішінен оң элементтердің санын табу (сұрыптау тәсілі):

k:=0;

for i:=1 to 10 do

if a[i]0 then k:=k+1;

  1. Бірөлшемді жиымның үлкен элементін және оның индекісін табу:

max:=a[1];

n:=1;

for i:=2 to 10 do

if a[i]max then begin max:=a[i]; n:=i; end.


  1. Бірөлшемді жиымның ең үлкен, ең кіші элементін және оның индекісін табу.

program maxmin;

uses crt;

var a: array[1..5] of integer; i, max, nmax, min, nmin:integer;

begin

clrscr;

for i:=1 to 5 do

begin writeln ('элементті енгіз');

readln (a[i]);

end;

for i:=1 to 5 do writeln (a[i]:7);

nmax:=1;

max:=a[1];

nmin:=1;

min:=a[1];

for i:=1 to 5 do

if a[i]max then begin max:=a[i]; nmax:=i; end;

if a[i]

end;

writeln ('Ең үлкен элемент=', max);

writeln ('Ең үлкен элемент индексі=', nmax);

writeln ('Ең кіші элемент=', min);

writeln ('Ең кіші элемент индексі=', nmin);

repeat until keypressed; end.

Сұрыптау тәсілі: жиым элементтерін өсу немесе кему мәні бойынша реттеу.

Сұрыптау «пузырька» тәсілі: 1-ші немесе соңғы элементтен бастап пар-парымен тексеріп, егер алдыңғысы соңғысынан үлкен болса орындарын ауыстырамыз.

for i:=1 to n-1 do

for j:=i+1 to n do

if f[j]

begin

a:=f[i];

f[i]:=f[j];

f[j]:=a;

end;

Сұрыптау тәсілімен таңдау: Ең кіші элемент табылып, сосын 1-ші және ең кіші элемент орындарын ауыстырамыз, содан соң 2-ші элементтен бастап соңғыға дейін іздестіріледі және де 2-ші элемент кіші элементпен орын ауыстырады, т.с.с.

Мысал 1: Жиым элементтерін солға қарай бір позиция жылжыту.

uses crt;

const n=10;

var a: array[1..n] of integer;i, c:integer;

begin

for i:=1 to n do

begin

a[i]:=random(50); write (a[i]:5);

end;

c:=a[1];

for i:=1 to n-1 do a[i]:=a[i+1];

a[n]:=c; writeln;

for i:=1 to n do write(a[i]:5);

repeat until keypressed; end.

Мысал 2: Бүтін сандардан тұратын A[1..10] жиымының ең кіші және оның индекс номерін табу керек. (-5, 3, 9, -1, 7, -4, 0, 12, -24, 34)

program Kishielement;

type mas=array[1..10] of integer;

var a:mas;

r,k,i:integer;

Begin

for i:=1 to 10 do

begin

write ('a[',i,']='); read (a[i]); end;

k:=a[1];i:=1; r:=1;

for i:=2 to 10 do

if ka[i] then

begin

k:=a[i]; r:=i;

end;

writeln ('Kishi element=',k,'':5,'indeks nomeri=',r);

readln;

end.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Өзіндік жұмыс (Әр оқушыға бір есептен компьютерде орындау). (10-минут)

1- есеп: Бірөлшемді A[1..7] жиымын енгізіп, ең үлкен элементті табу программасын құрыңдар.

2- есеп: Х жиымы элементтері ретінде бес бүтін сан енгізіп, сол сандарды экранның бір жолына үтір арқылы бөліп шығаратын және жиым элементтерінің арифметикалық ортасын табу программасын құрыңдар. Жиым элементтері (-15, 7, -3, 21, 9)

3- есеп: Нақты сандардан тұратын бірөлшемді аi (i=1,2,3,4,5) жиымы берілген. Жиым элементтерін кері орналастыр және вi=1/ аi формуласы арқылы вi жаңа жиымын құрыңдар. Жиым элементтері (-15, 7, -3, 21, 9)

4- есеп: Нақты сандардан тұратын 3х3 матрицасы берілген. Осы матрица элементтерін экранға шығарып, матрицаның әрбір элементін 5-ке көбейтіп, алынған екінші матрица элементтерін экранға шығарыңдар.

5- есеп: Мына нақты сандардан тұратын С жиымының ең үлкен элементін тауып, оның реттік номерін анықтайтын программа құрыңдар. С(2.1, -5, -3.5, 12, -5.4)

6- есеп: Тақтадағы сынып журналының қандай номерлі оқушының бестік бағасы көп екенін анықтайтын программа құрыңдар.

7- есеп: Мына нақты сандардан тұратын К жиымының теріс элементтерінің қосындысын табатын программа құрыңдар. С(2.1, -5, -3.5, 12, -5.4)

Үй тапсыпмасы:

Не білеміз:

Не білдік:

Нені білгім келеді:















V. Қорытынды: (3-минут)



1. Жиым элементтерін өңдеу деген не?

2. Екі элементтің орнын ауыстыру қалай жүзеге асады?

3. Жиымның ең кіші (ең үлкен) элементін табу алгоритмі қалай ұйымдастырылады?

4. Сұрыптау тәсілі қалай ұйымдастырылады?

5. Бір өлшемді жиымның теріс элементтер санын және қосындысын анықтау үшін алгоритмді қалай құрамыз және қандай командалар пайдаланамыз?



VI. Бағалау: Сабақтың әр бөліміне байланысты қойылған «+» белгісін санайды. Бағалау критерийі:

«+» белгісінің саны:

Баға:

16-дан жоғары

5

10-15

4

5-9

3



(2-минут)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
массив элементтерімен жұмыс

Автор: Далбаева Тамара Киргизовнв

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 372120

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(151) "ашы? саба? "Жиымдар.Оны? т?рлері. Бір ?лшемді, екі ?лшемді  жиым элементтерімен ж?мыс." "
    ["seo_title"] => string(96) "ashyk-sabak-zhiymdar-onyn-turlieri-bir-olshiemdi-ieki-olshiemdi-zhiym-eliemienttierimien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "211677"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431671206"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) ""Жиымдар.Оны? т?рлері. Бір ?лшемді, екі ?лшемді  жиым элементтерімен ж?мыс." "
    ["seo_title"] => string(84) "zhiymdar-onyn-turlieri-bir-olshiemdi-ieki-olshiemdi-zhiym-eliemienttierimien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "211719"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431677554"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) ""Массив элементтерін т?рлендіру" "
    ["seo_title"] => string(34) "massiv-eliemienttierin-turliendiru"
    ["file_id"] => string(6) "156763"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1421485812"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Жиымдар. Бір ?лшемді жиым (массив) элементтерімен ж?мыс"
    ["seo_title"] => string(62) "zhiymdar-bir-olshiemdi-zhiym-massiv-eliemienttierimien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "296982"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456129593"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "VISUAL BASIC  БОЙЫНША ЛАБАРАТОРИЯЛЫ? Ж?МЫСТАР"
    ["seo_title"] => string(43) "visualbasicboiynshalabaratoriialykzhumystar"
    ["file_id"] => string(6) "311085"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459153494"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства