Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?») | Мектеп: «№2 мектеп-гимназиясы» КММ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Пұсұрманова А.Н |
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | §7. Мәтінді теру және өңдеу |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру; 3.1.2.2 компьютелік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану; 3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылармәтіндерді теру, өңдеу ережесін меңгереді. Пернелер қызметімен танысады. Көпшілік оқушылармәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теру, өңдеу, сақтау, ашу командаларын біледі. Компютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсінеді. Кейбір оқушыларпрактика барысында мәтіндерді теруді, сақтауды, мәтіндермен жұмыс жасауды үйренеді. |
Бағалау критерийі | Мәтіндерді теру, өңдеу ережесімен танысады. (диск.11-12-слайдтар). . Пернелер қызметін мәтін теру барысында қолдана алады. Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теру, өңдеу, сақтау, ашу командаларын біледі. Практика барысында қолдана алады. |
Тілдік мақсаттар | Лексика мен терминология: мәтін – текст – text. т.б. Диалог және жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер. Мәтіндер теруде пернелер қызметін қолданады. |
Құндылықтарға баулу | Іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтастыққа баулу. |
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, ағылшын тілі |
Алдыңғы білім | Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру. Терезе деген не? Терезенің қандай түрлері бар? |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы Білу | Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін«Өзіме тілек» әдісі (түрлі түсті стикерлерге оқушы өзіне тілек жазып, ұшақ жасап, басқа оқушыға ұшыру арқылы сол оқушы тілегін тілейді). «Түстер бойынша» топқа бөлу (ұшып келген ұшақтың түстері бойынша топтастыру) І топ – жасыл түсті стикер; ІІ топ – сары түсті стикер; ІІІтоп – қызыл түсті стикер. Оқушыларға бағалау критерийлері таныстырылып өтеді. Өзара топ мүшелеріне бағалау парағы таратылады. «Қар кесегі» әдісі бойынша сұрақтарды талқылайды, үш топ сұрақтарға жауап береді. /топтық жұмыс/ WordPadмәтіндік редакторы дегеніміз не? Программаны қалай іске қосамыз? Құжат қалай сақталады? Топтар бірін-бірі өзара бағалайды. | Оқулық (28-32 беттер) |
Сабақтың ортасы Түсіну Қолдану Сергіту жаттығуы Венн диаграммасы Талдау | Екі топқа «Кластер құрастыру» /топтық жұмыс/ І топ. Неліктен Word Pad мәтіндік редактор деп аталған? ІІ топ. Неліктен құжатқа арнайы атау беріп сақтаймыз? Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды. Оқушылар дискідегі тапсырмаларды орындайды. /жеке жұмыс/ Оқушылар өздерінің практикалық тапсырмаларын ауа райы арқылы қорытындылайды. Оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликтен көзге және білекке арналған жаттығуларын қайталайды. Блокнот программасы мен Word Pad программасын салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықта /жұптық жұмыс/. Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. | Диск. 13-слайд Суреттер |
Сабақтың соңы Жинақтау Бағалау Кері байланыс | Білгеніңді жинақтап,терезе атауларын жаз /жеке жұмыс/, оқулықтағы тапсырманы орындау. Оқушылар өздерін «Бағдаршам»әдісі арқылы бағалайды. Қалай ойлайсың, не үшін мәтінді өңдеу керек? «5 неліктен» әдісі арқылы сұрақтарға жауап жазу /жеке жұмыс/. Неліктен Неліктен Неліктен Неліктен Неліктен Оқушылар бірін бірі бағалайды. Кері байланыс «Блоб» ағашы арқылы жүргізіледі. Оқушы сабақты қай деңгейде түсінгенін маркермен бояйды. Үйге тапсырма: Оқулық (28-32 беттер) §7. Мәтінді теру және өңдеу. Оқулықтағы «Үйде орындайық» тапсырмасын орындау. | |