Оқушымен амандасып, хал жағдайын сұрап, психологиялық жағымды ахуал орнатып, бала зейінін сабаққа аудару. Топ басшысына бағалау парақшасын беремін.Белсенді әдістердің бірі «Кім жылдам?» әдісі арқылы сұрақтар қою. 1.Алгоритм дегеніміз не? 2. Алгоритм сөзі қай тілден шыққан? 3.Алгоритмнің командалары? 4. Алгоритмнің қасиеттерін ата? 5. Алгоритмнің неше түрі бар? Тапсырма. Балаға «Лабиринт» тапсырмасын ұсынып, тапсырманың қалай орындалатындығын түсіндіру, тапсырманы орындау барысында зейінділік, зеректік, икемділік сияқты талаптарды айтып отырамын. Баланың әр дұрыс орындаған тапсырмаларын мақтау, мадақтау арқылы жігерлендіріп отырамын. Бұл тапсырма баланың қабылдау әрекетінің дамуына, зейін көлемінің кеңейуіне игі әсерін тигізеді. Бізге жаңа тақырып « Лабиринттен шығуды табу»деген сөз шықты. Тақырыпты видео арқылы көрсету.Ендеше дәптерімізді ашып, жаңа тақырыпты жазайық. Сабақтың мақсатын айқындай аламыз. (Т) 1-топқа «Топтастыр» әдісі. Жауынқұрттың шығатын жолын тап 2-топқа 2.Тапсырма «Пілге бананға барар жолды көрсет» әдістемесі ұсынылады. Топтар бірін-бірін «Екі жұлдыз бір ұсыныс» арқылы бағалайды. Сергіту жаттығуы Қорбаңдаған аюдың, Тербеледі ағаштар, Құлпынайы көп екен. Алдымнан жел еседі. Теріп, теріп алайық, Кіп кішкентай бөбектер, Қалтамызға салайық. Үлкен болып өседі. (ЖЖ) Компьютерде тәжірибелік жұмыстар жасату. А деңгей Балаға «Межеге жетер жолды көрсет» әдістемесі ұсынылады.Бұнда оқушы берілген суреттегі лабиринт жаттығуы арқылы көрсетілгендердің барар жолы шатасқан. Сызықтардың көмегі арқылы арасынан сызып көрсетуі керек. Бұл баланың көрнекі бейнелі ойлауы мен зейін әрекетінің дамуына көмектеседі. В деңгей Берілген сурет бойынша кірпішешен баққа жету үшін орындаушы қолданатын командалар жүйесін құрыңыз С деңгей Балапан өз анасына түлкіні кезіктірмей ең қысқа жолмен жету жолын анықтаңыз. «Қалыптастырушы» бағалау тапсырмасы Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу,түсіну,қолдану | Бағалау критерийлері | Ақпаратты әр түрлі формада ұсынады | Тапсырма: А деңгейі Айжанға үйге жету командалар жүйесін құрыңыз. В деңгей Берілген лабиринтті тапсырма арқылы орындаушы қолданатын командалар жүйесін құрыңыз. С деңгейі Туристке үйшікке жетер жолды көрсет | | Дескриптор: | - командаларды қолданады. -«Солға бұрылу», «Оңға бұрылу»командасын қолданады - Нәтижеге жету үшін орындайтын командалар жүйесін құрады. | |