| Берілген уақыт | Пәні: Информатика | Мерзімі: | Сыныбы: 8 «А» |
| Сабақтың тақырыбы: | Компьютерлік графикажәне оның түрлері |
| Сабақтың реті: | 24-сабақ |
| Жалпы сабақтың мақсаты: | Компьютерлік графикамен танысу арқылы графиканың түрлері туралы өз ойларын ортаға сала отырып білімдерін жетілдіреді. |
| Оқу нәтижелері: | Компьютерлік графика туралы толық біледі; Компьютерлік графикада жұмыс істеу қабілеті артады; Компьютерлік графика түрлерін ажырата біледі; Өз ойларын еркін жеткізе білуге, оқушылар есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды; -Ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді. |
| Түйінді идеялар: | Оқушылар «Компьютерлік графика» туралы білімдерін шыңдайды. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Топ арасында формативтік бағалау нәтижесінде ынталандыру жүргізіледі; |
| Сабақтың типі: | Жаңа білімді зерделеу мен алғашқы есте сақтау және іс-әрекеттер тәсілдері |
| Сабақтың түрі Сабақтың типі | Дәстүрлі сабақ Аралас сабақ |
| Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | ООЖТ, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісі, Шаттық шеңбері, күту ағашы, ой қозғау, құндылықтар спекторы, алты басты айдаhар, бірлік, көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар, көңіл-күй қоржыны әдістері. |
| Жұмыс түрлері: | Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс |
| Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: | Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер. |
| І Қызығушылығын оятукезеңі: |
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
| 3 мин | 1-әрекет . Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. «Қарама-қарсы» сап арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру. | Оқушылар бір-бірінің қолын алып, тілек айту арқылы сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастырады. |
| 1 мин | 2-әрекет. «Күту ағашы» әдісі бойынша бүгінгі сабақтан күтетіндерін анықтау. | Оқушылар тақтадағы күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі. |
| 1 мин | 3-әрекетКомпьютерлік графиканың түстер тобы арқылы оқушылар топтарға бөлінеді. RGB түстік моделі. CMYK түстік моделі HSB түстік моделі. | Оқушылар таңдаған түстері арқылы 3 топқа бөлінеді. |
| 5 мин | 4-әрекет.Жеке, жұппен, топпен жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша оқушылар. Топтарына берілген атаулардың мағынасын ашады | Әр оқушы жеке ойланады, жұбымен және топпен талқылайды. Өз ойларын А4 параққ түсіріп дайындайды. Ұжымға жариялайды. |
| 5-әрекет.Ұжымдық жұмыс: Ой қозғау әдісі бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын болжау. | «Түстер» болмаса, «Графика туралы» - деп жауап берулері мүмкін. |
| | ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: |
| 15 мин | 6-әрекет.Топтық жұмыс:Ой тастау. Болжау әдісі. Компьютерлік графика туралы не білесіңдер? постер жасайды. Тыңдап отырған үштік әдіс Енді компьютерлік графика дегенімізге анықтама беріңдер? | Жеке, жұптық, топтық жұмыс: жұпта, топта талқылап, түсінгендерін постерге түсіреді, жариялайды. |
| 3 мин | 7-әрекет: Жеке жүмыс «Алты басты айдахар» әдісі бойынша Жаңа тақырыпты меңгергендерін, түсінгендерін анықтау. | Оқушылар өздері жеке – жеке бояйды қаншалықты меңгергенін. |
| 2 мин | 8-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Ойсергек «Сергіту сәті» бейнебаяндағы қимылдарға қарап жаттығу жасауларын ұсыну. | Оқушылар «Сергіту сәті» бейнебаяндағы қимылдарға қарап жаттығу жасап сергейді. |
| 1 мин | 9-әрекет: Жеке жұмыс: Үй тапсырмасын беру: Компьютерлік графика және оның түрлері туралы қосымша ақпарат әкелуді тапсыру. | Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, сұрақтары болса қояды. |
| | ІІІ Ой толғаныс кезеңі: |
| 7 мин | 10-әрекет. Топтық жұмыс: «Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар»әдісі арқылы пікірталас ұйымдастыру. Белсенді бір топтың мүшелеріне сұрақ қоюды тапсыру, ал қалған топ сол сауалдарға жауап берулеріне мүмкіндік беру. | Белсенді бір топтың мүшелері екі топқа сауалдар қойып жауап алады, қорытындысын шығарады. Сабақта қандай тапсырма қиын болды? Сабақта нені білдім,қандай жаңа нәрсе үйрендім? Компьютерлік графиканың анықтамасы қандай? Бір – бірінен айырмашылығы қандай? Растрлық графика бағдарламаларын ата? Векторлық графиканың бағдарламаларын ата? Бүгінгі сабақтан не алдыңыз? Сабақ сіздерге қандай ой тастады? – оқушылар осы сұрақтарға жауап береді. |
| 4 мин | 11-әрекет. Кім шапшаң. Оқушыларға техникаға байланысты А М К Ж П Р деген әріптер беріледі. | Дарынды оқушылар тез айтады, орта деңгейлі оқушылар кідіріп қалады. . |
| 1 мин | 12-әрекет. «Көңіл-күй қоржыны» әдісі арқылы оқушылардың көңіл күйлерін білу. | Оқушылар алдарында тұрған смайлдар арқылы өздерінің сабақтан кейінгі көңіл-күйлерін білдіреді |
| 2 мин | 13-әрекет. «Күту ағашы» әдісі арқылы кері байланыс орнату. Стикер тарату. | Оқушылар бүгінгі сабақтан күткендерін стикерге жазып «Күту ағашына» іледі. |
| | Мұғалімі | Малыбаева Гульмира Адильбаевна |