Күні:
Cынып: 8 а
Тақырыбы: Диаграммаларды құру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Excel-дегі графикалық мүмкіндіктермен, яғни диаграммалармен, графиктермен және графикалық мүмкіндіктермен жұмыс жасауды үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға Excel-мен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың Excel кестелік процессоры жайлы білімдерін тереңдету, ой-өрістерін дамыту, көру және есте сақтауды дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдіс- тәсіл: топтық, жұптық,сұрақ-жауап, «сұрақ ұста» стратегиясы,
Көрнекілік: интербелсенді тақта, компьютер, оқулық, карточкалар, тұсаукесер.
Пән аралық байланыс: математика, бейнелеу
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
-Сәлемдесу!
-Түгендеу!
Ортаға шығып шаттық шеңберін құрамыз. Оқушылар жанындағы оқушының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.
MS Excel программасының ең басты элементтері бойынша.
1-нші топ: Ұяшық
2-нші топ: Кесте
3-нші топ: Диаграмма
Топ басшысын сайлау.
Сабаққа кіріспес бұрын техника қауіпсіздік ережесін еске түсірелік.
Бағалау парақшасын тарату
Күн:
Сынып:
Топтың аты:
№ | «Сұрақ ұста»стратегиясы бойынша | Тәжірибелік тапсырма | Сөзжұмбақ шешу | Қорытынды баға |
| | | | |
2.Үй тапсырмасын сұрау
Біз алдыңғы сабақтарда MS Excel ортасының мүмкіндіктерімен танысып, практикалық жұмыс жасағамбыз.
«Сұрақ ұста» стратегиясы арқылы оқушылар сұрақтарды таңдап алады.
1. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі қандай?
2. Excel программасын қалай іске қосуға болады? (көрсету)
3. Ұяшық дегеніміз не?
4. Электрондық кестедегі кітап деген не? Жаңа кітап қалай құрылады?
5. Excel терезесінің негізгі элементтерін ата?
6. Стандартты саймандар тақтасының командалары?
7. Бағаналар, қатарлар қалай белгіленеді?
8. Кестені жиектеу әрекеті қалай орындалады?
9. Кесте ішіндегі фондық түстер деп нені айтуға болады?
10. Парақты немесе жұмыс кітабын толық қорғау үшін қандай команданы орындау қажет?
11. Электрондық кестеге формулалар қандай белгімен басталады?
12.Функция мастерін шақыру үшін қандай қадамдар жасаймыз?
13.Ұяшықтар ауқымын таңдау қалай жүзеге асады?
14. Excel программасында жасалынған жұмысты сақтау үшін қандай іс-әрекеттер жасаймыз?
15. Excel программасындағы беттің атын қалай өзгертеміз?
Біз білеміз, MS Excel кестелік процессорында деректермен әртүрлі амалдарды орындау мүмкіндіктері өте көп. Соның бірі MS Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма шеңберін пайдаланып, кестедегі мәліметті графиктік түрде ұсыну болып табылады. Бүгінгі сабағымызда сол график түрлерімен тереңірек танысамыз. Дәптерге тақырыптың атын жазғызу.
3.Жаңа сабақты түсіндіру
Exсel-дің жақсы бір қасиеті сандық қатарлар мен бағаналар сандарын графиктер мен диаграммаларға айналдыра алады. Диаграмма дегеніміз не? Диаграммалар деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы.Диаграмма өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Демек диаграмма деректерді графикалық түрде көруге арналған.Диаграмма салу үшін алдымен диаграмма салуға қажетті мәліметтер жиынын анықтап алып, оны электронды кестеге енгізу қажет, Белгілеу әрекеті арқылы диаграммаға қажетті өлшемдерін белгілеп Мастер диаграмм батырмасы арқылы немесе жоғарғы мәзірден Вставка- Диаграмма қатарын таңдау қажет. Диаграмма түрлері:
Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі бар:
1) Горизанталь осі
2) Вертикаль осі
Тақырып диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға
көмектеседі. Ұяшықтармен диаграмма салынатын ауқымды көрсету үшін қажет.
Диаграммамен графикті диаграмма шебері арқылы құрған жөн.
Excel-де диаграммаларды екі түрлі жолмен: ағымдағы жұмыс бетіне кірістіру және диаграмма бетін қосу арқылы орындауға болады.
Диаграмма тұрғызудың қадамдары:
1-ші қадамы – диаграмма типін тандау. Диаграмманың 14 типі бар.
2-ші қадамы – диаграммадағы мәліметтер аралығын енгізу
3-ші қадамы – диаграмманың тақырыбын, мәнін енгізу
4-ші қадамы – диаграмманы қайда орналастыру керек екендігін таңдап аламыз.
Сергіту сәті
4. Бекіту
Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
А деңгейі
Жылдар | 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
серверлер саны (млн) | 16 | 30 | 43 | 72 | 110 | 147 | 172 | 233 | 316 | 395 | 433 |
1.Үлгідегідей кестені толтыр.
2.А1:L2 ұяшықтарын белгілеп, диаграмма мәзіріне барып. Диаграмманың линейчатая түрін таңдап кесте бойынша кесте диаграмма тұрғызыңыз.
В деңгейі
Тауар аты | бағасы |
Жүйелік плата | 80 |
Процессор | 70 |
Оперативті жад | 15 |
Қатқыл диск | 100 |
Монитор | 200 |
Диск жетек 3,5 | 12 |
Дискжетек CD-ROM | 30 |
Корап | 25 |
Пернетақта | 10 |
Тінтуір | 5 |
1.Үлгідегідей кестені толтыр.
2.А1:В11 ұяшықтарын белгілеп, диаграмма мәзірінен диаграмманың кольцевая түрін таңдап кесте бойынша диаграмма тұрғыз.
С деңгейі
A | B | C | D | E | F | G | H | I | J | |
1 | x | -4 | -3 | -2 | -1 | 0 | 1 | 2 | 3 | 4 |
| y=x^2*x | | | | | | | | | |
| y=2×x | | | | | | | | | |
1. Үлгідегідей кестені толтыр.
2. Берілген мәндердің кубтық функциясын және сызықтық функциясын тап.
3. Тапқан мәндеріңді кестеге жазыңдар.
4. С1:L4 ұяшықтарын белгілеп, диаграмма мәзірінен диаграмманың график с маркерами түрін таңдап кесте бойынша диаграмма тұрғызыңдар.
А деңгейі-“3”
В деңгейі-“4”
С деңгейі-“5”
5. Қорытындылау
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1. Ол деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
4. Ол активті ұяшықтың ішіндегісін көрсетеді. (формула жолы)
5. Диаграмма осі. (вертикаль)
6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)
7-“5”
6-5-“4”
5-“3”
5-тен төмен-“2”
6. Рефлексия
Мен қай баспалдақтамын?
Бүгінгі сабақта жұмыс жасау кезінде қандай нәтижеге жеттін деп ойлайсың? Сәйкес баспалдаққа есіміңді жаз.
Егер бәрі түсінікті болса 4-5 баспалдаққа
Егер қиындықтар кездескен болса 2- 3 баспалдаққа
Егер бәрі түсініксіз болса 1 баспалдаққа
Мен баспалдақтамын өйткені...
7.Бағалау
Оқушылардың бағалау парағын жинап, журналға қою
8.Үй тапсырмасы
§30-31 оқу