kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?паратты? технологияларды? даму эволюциясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 26.01.2015ж. 7 сынып. Саба?ты? та?ырыбы: А?паратты? технологиялар ж?не оларды? даму эволюциясы Саба?ты? ма?саты: 1. О?ушылар?а а?паратты? технологиялар ж?не оларды? даму эволюциясы туралы толы? т?сінік беру; 2. О?ушыларды? есте са?тау ж?не зейіндік ?абілеттерін дамыту, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру; 3. Жан-жа?ты болу?а, ?з бетімен ж?мыс істеуге т?рбиелеу. Саба?ты? т?рі: аралас саба?. Саба?ты? ?дісі: баяндау, ой-?оз?ау, диалогты?. К?рнекілігі: о?улы?, интербелсенді та?та, де?гейлік тапсырмалар, плакат, слайд. Саба? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і О?ушылармен амандасу. Психологиялы? ахуал О?ушылар ?анекей шатты? ше?берін ??райы?шы. Орнымыздан т?райы?, Ала?анды созайы?, О??а ?арай иіліп, Сол?а ?арай иіліп, Бір отырып,бір т?рып С?л тыны?ып алайы?. Балалар орта?а шы?ып, ?има ?а?аздарды алып, топ?а б?леміз. ІІ. ?й тапсырмасын с?рау. «Сандар с?йлейді» слайдтан сандарды та?дау ар?ылы с?ра?тар?а жауап береді. 1.стандартты программаны? к?мегімен ?андай ж?мыстар ат?ару?а болады? 2.Стандартты программа?а ?андай программалар жатады? 3.Paint, Word Pad редакторларын ?алай іске ?осады? 4.Блокнот, калькулятор ?андай ?ызмет ат?арады? 5.?ызметтік программалар?а ?андай программалар жатады? 6.Тапсырмалар диспетчерін ша?ыру ?шін ?андай пернелер ?ажет? 7.Дискіні тазалау ?шін ?андай ?рекеттер орындалады? 8.Архивтеу дегеніміз не? 9.Ж?йені ?алпына келтіру программасы ?алай іске ?осылады? Смайликтер ар?ылы ба?аланады. ІІІ. Жа?а та?ырып?а дайынды? кезе?і Жа?а та?ырыпты ашу ?шін суреттер, с?ра?тар беріледі А?паратты? технология дегенді ?алай т?сінесі?дер? А?паратты? технологияларды? ??ралдарына ?андай ??ралдар жатады деп ойлайсы?дар? А?паратты? т??керістер дегенді ?алай т?сінесі?дер? IV. Жа?а саба? Жа?а саба?ты слайдпен т?сіндіру 1. А?паратты? технология т?сінігі А?паратты? технология термині а?парат ж?не технология деген екі ??ыммен байланысты. Технология грек тілінен аудар?анда ?нер, шеберлік, біліктілік деген ма?ынаны білдіреді. А?паратты? технология-есептеуіш техника ??ралдарын пайдалана отырып, а?паратты алу, жина?тау, са?тау, ??деу, талдау ж?не ?сыну ?ызметтерін ж?зеге асыратын ?рекеттерді? реті. 2. А?паратты? технология ??ралдары А?паратты? технология ??ралдарына техникалы?, программалы?, а?паратты?, ?йымдастырушы ж?не ?дістемелік ??ралдар жатады. 3. А?паратты? технология жабды?тары А?паратты? технологияларды? жабды?тары ретінде программалы? ?німдерді? ке? тара?ан т?рлері пайдаланылады. Олар?а, м?тіндік редакторлар, электронды? кестелер, графикалы? редакторлар жатады. 4. А?паратты? технологияларды? т?рлері 5. а?паратты? технологияны? т?рлері: ау?ымды,базалы?, на?ты а?паратты? технологиялар. 6. Ау?ымды а?паратты? технология ?о?амны? а?паратты? ресурстарын бір ж?йеге келтіретін ж?не оларды пайдалану м?мкіндігін беретін ?дістерден т?рады 7. Базалы?- на?ты бір ?олдану саласына арнал?ан 8. На?ты – пайдаланушыларды? к?нделікті міндеттерін шешу кезінде м?ліметтерді ??деуді ж?зеге асырады 5.А?паратты? т??керістер: Бірінші а?паратты? т??керіс жазуды? пайда болуымен байланысты. Екінші а?паратты? т??керіс XVI ?асырды? ортасында кітап басып шы?аруды?, баспа станогыны? пайда болуымен байланысты. ?шінші а?паратты? т??керіс ХІХ ?асырды? со?ына ?арай ?ріс алды. Б?л кезде электр ?уаты ?ндірілді. Т?ртінші а?паратты? т??керіс ХХ ?асырды? 70-жылдары басталды. Б?л кезде дербес компьютер, компьютерлік желілер, м?ліметтерді жіберуді? спутниктік ж?йелері, а?паратты? телекоммуникациялар пайда болды. 6.А?паратты? технологияларды? даму кезе?дері: Бірінші кезе? ХІХ ?асырды? екінші жартысымен шектеледі ж?не е? бастысы, ?ыл?алам, ?а?аз сия?ты жабды?тарды пайдаланып, а?паратты пошта, шабарманны? к?мегімен тарататын технологияларды білдіреді. Б?л технологиялар а?паратты ??ру мен оны ?ажетті т?рде ?сыну?а ба?ыттал?ан. Екінші кезен ХІХ ?асырды? со?ы мен ХХ ?асырды? 40-жылдарына дейінгі аралы?ты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сия?ты жабды?тарды, поштамен жеткізуді? жетілдірілген (механикалы?) т?сілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар а?паратты ?сынуды? аса ы??айлы формаларын ?амтамасыз етеді. ?шінші кезе? ХХ ?асырды? ортасы (40-жылдарды? со?ынан 80- жылдар?а дейінгі аралы?). А?паратты ??деуді? акпараттаы? технологиялары дами бастады. Оны? жабды?тарына ?лкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, к?шірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- ?рекетерін т?рлі салаларында а?паратты ??деуге арнал?ан автоматтандырыл?ан бас?ару ж?йелері, базалы? ж?не арнайы программалы-техникалы? кешендер, автоматтандырыл?ан ж?мыс орындары пайда болды. Т?ртінші кезе? (1980 жылдан бастап ХХІ ?асырды? басына дейін) дербес компьютерлерді ж?не оларды? ?р т?рлі программалы? жабды?тамаларын, факсимальді байланыстарды, электронды? пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті ке?інен ?олдану?а ба?ыттал?ан «а?паратты?» кезе? ретінде аны?талды. Пайдаланушыларды? компьютермен немесе бір-бірімен ?арым-?атынас жасауды? интерактивті режимі ж?зеге асырылды. Жа?а а?паратты? технологияны? негізгі буыны-білімді ?сыну мен ??деу. Технологиялар пайдаланушыларды? ?ажеттіліктерін е? жо?ар?ы д?режеде ?ана?аттандыру?а ж?не компьютерлік ортада ж?мыс істеуді? с?йкес интерфейсін ??ру?а ба?ыттал?ан. V. Бекіту 1.О?ушылар?а жа?а та?ырыпты аз?ана уа?ыт о?у?а беремін. 2.Жа?а та?ырып бойынша постер ?ор?ау. І-топ Ассосация ?дісі бойынша ІІ-топ Тірек-сызба бойынша Екі ж?лдыз, бір ?сыныс бойынша о?ушылар бір – біріне ба?а береді 3.Екі топ о?ушыларына де?гейлік тапсырма беріледі,олар ж?птасу ар?ылы біріні?-бірі тапсырмаларын тексеріп, ?здері ба?алайды.я Де?гейліктапсырмалар. І-топ І-де?гей 1.Технология дегеніміз не? 2.А?паратты? технология ??ралдарын ата?дар. 3.А?паратты? технологияны? т?рлерін ата ІІ-де?гей 1.А?паратты? ??ралдар дегенміз не? 2.??делетін м?ліметке не жатады? 3.А?паратты? технология жабды?тарына нелер жатады? ІІІ-де?гей. 1.Бірінші а?паратты? т??керіс немен байланысты болды 2.А?паратты? технологияны? дамуы ?анша кезе?нен т?рады? 3.А?паратты? технологияны? ?андай т?рлерін білесі?? ІІ-топ І-де?гей. 1.А?парат дегеніміз не? 2.А?парат ?андай ма?ына береді? 3.Біз а?паратты ?айдан аламыз ІІ-де?гей 1.Адам а?паратты ?андай сезім м?шелері ар?ылы ?абылдайды? 2. А?паратты ?лшеу бірлігін ата 3. Электр есептеуіш машинасы неше буыннан т?рады? ІІІ-де?гей 1.Технология ?андай ма?ына береді? 2.Технология дегеніміз не, а?паратты? технология т?рлеріне нелер жатады? 3.А?паратты? т??керістер нешеге б?лінеді, пайда болу байланысын жаз VІ. ?орытынды О?ушылар жа?а та?ырып бойынша бір-бір с?йлем айту ар?ылы саба?ты ?орытындылау. VІІ. Ба?алау VІІІ. ?йге тапсырма: §21 о?у?а. •
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?паратты? технологияларды? даму эволюциясы »

Күні: 26.01.2015ж. 7 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ақпараттық технологиялар және олардың даму эволюциясы туралы  толық түсінік беру;

2. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

3. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:  баяндау, ой-қозғау, диалогтық.

Көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта,  деңгейлік тапсырмалар, плакат, слайд.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу.

Психологиялық ахуал

Оқушылар қанекей шаттық шеңберін құрайықшы.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды созайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып,бір тұрып

Сәл тынығып алайық.

Балалар ортаға шығып, қима қағаздарды алып, топқа бөлеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Сандар сөйлейді» слайдтан сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.стандартты программаның көмегімен қандай жұмыстар атқаруға болады?

2.Стандартты программаға қандай программалар жатады?

3.Paint, Word Pad редакторларын қалай іске қосады?

4.Блокнот, калькулятор қандай қызмет атқарады?

5.Қызметтік программаларға қандай программалар жатады?

6.Тапсырмалар диспетчерін шақыру үшін қандай пернелер қажет?

7.Дискіні тазалау үшін қандай әрекеттер орындалады?

8.Архивтеу дегеніміз не?

9.Жүйені қалпына келтіру программасы қалай іске қосылады?

Смайликтер арқылы бағаланады.


ІІІ. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі

Жаңа тақырыпты ашу үшін суреттер, сұрақтар беріледі

Ақпараттық технология дегенді қалай түсінесіңдер?

Ақпараттық технологиялардың құралдарына қандай құралдар жатады деп ойлайсыңдар?

Ақпараттық төңкерістер дегенді қалай түсінесіңдер?

IV. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты слайдпен түсіндіру

  1. Ақпараттық технология түсінігі

Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология-есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті.

  1. Ақпараттық технология құралдары

Ақпараттық технология құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады.

  1. Ақпараттық технология жабдықтары

Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде программалық өнімдердің кең тараған түрлері пайдаланылады. Оларға, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, графикалық редакторлар жатады.

  1. Ақпараттық технологиялардың түрлері

  2. ақпараттық технологияның түрлері: ауқымды,базалық, нақты ақпараттық технологиялар.

  3. Ауқымды ақпараттық технология қоғамның ақпараттық ресурстарын бір жүйеге келтіретін және оларды пайдалану мүмкіндігін беретін әдістерден тұрады

  4. Базалық- нақты бір қолдану саласына арналған

  5. Нақты – пайдаланушылардың күнделікті міндеттерін шешу кезінде мәліметтерді өңдеуді жүзеге асырады

5.Ақпараттық төңкерістер:

Бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты.

Екінші ақпараттық төңкеріс XVI ғасырдың ортасында кітап басып шығарудың, баспа станогының пайда болуымен байланысты.

Үшінші ақпараттық төңкеріс  ХІХ ғасырдың соңына қарай өріс алды. Бұл кезде электр қуаты өндірілді.

Төртінші ақпараттық төңкеріс ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды. Бұл кезде дербес компьютер, компьютерлік желілер, мәліметтерді жіберудің спутниктік жүйелері, ақпараттық телекоммуникациялар пайда болды.

6.Ақпараттық технологиялардың  даму кезеңдері:

Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған.

 Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді.

Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды.

Төртінші кезең  (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.

Технологиялар  пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің сәйкес интерфейсін құруға бағытталған.

V. Бекіту

1.Оқушыларға жаңа тақырыпты азғана уақыт оқуға беремін.

2.Жаңа тақырып бойынша постер қорғау.

І-топ Ассосация әдісі бойынша

ІІ-топ Тірек-сызба бойынша

Екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша оқушылар бір – біріне баға береді

3.Екі топ оқушыларына деңгейлік тапсырма беріледі,олар жұптасу арқылы бірінің-бірі тапсырмаларын тексеріп, өздері бағалайды.я

Деңгейліктапсырмалар.

І-топ

І-деңгей

1.Технология дегеніміз не?

2.Ақпараттық технология құралдарын атаңдар.

3.Ақпараттық технологияның түрлерін ата

ІІ-деңгей

1.Ақпараттық құралдар дегенміз не?

2.Өңделетін мәліметке не жатады?

3.Ақпараттық технология жабдықтарына нелер жатады?

ІІІ-деңгей.

1.Бірінші ақпараттық төңкеріс немен байланысты болды

2.Ақпараттық технологияның дамуы қанша кезеңнен тұрады?

3.Ақпараттық технологияның қандай түрлерін білесің?



ІІ-топ

І-деңгей.

1.Ақпарат дегеніміз не?

2.Ақпарат қандай мағына береді?

3.Біз ақпаратты қайдан аламыз

ІІ-деңгей

1.Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

2. Ақпаратты өлшеу бірлігін ата

3. Электр есептеуіш машинасы неше буыннан тұрады?

ІІІ-деңгей

1.Технология қандай мағына береді?

2.Технология дегеніміз не, ақпараттық технология түрлеріне нелер жатады?

3.Ақпараттық төңкерістер нешеге бөлінеді, пайда болу байланысын жаз

VІ. Қорытынды

Оқушылар жаңа тақырып бойынша бір-бір сөйлем айту арқылы сабақты қорытындылау.

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма:  §21  оқуға.











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
А?паратты? технологияларды? даму эволюциясы

Автор: Алшекеева Назира Саткурлысовна

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167532


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства