Просмотр содержимого документа
«Компьютер және денсаулық»
Компьютер және денсаулық
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады.
Зияны туралы
Компьютердің зияны туралы мақалалар өте көп. Әсіресе, ондағы ойындар бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіруде.
Компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
Көздің көру қабілетін төмендетеді;
Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
Жүйкеге салмақ түсіреді;
Шаршағыштық, әлсіздік басады.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді.
Монитор мен клавиатураның зияны
Компьютерден шығатын электромагниттік сәуленің адам ағзасына зиянды екендігі жөнінде көптен бері айтылып келеді. Алайда бұл барлық компьютерлерге тән емес. Қазіргі компьютерлерге қарағанда ертеректе шыққандары қауіпті. Олардың арасындағы айырмашылық өте үлкен. Кейінгі жылдары шығарылған компьютерлер өз құрылысына қарай үш түрге бөлініп келді: «ақ», «сары», «қызыл» болып. «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа ердерінде шығарылғаны. Олар сапалы да қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Азия елдерінде (Гонконг, Тайвань) жасалынғаны. Сапасы өте жоғары емес. «Қызыл» құрылысты компьютерлер өзіміздің шеберлердің құрастырғандары. Зиянды сәулені
Қорғану
Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 60 см болуы қажет.
Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізілуі тиіс. Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзіліс қажет. Ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.
Компьютерді дұрыс пайдалану
1. Монитор экраны көзден 60-70 см қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қояды.
7. Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмау керек. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 10-15 минут үзіліс жасап тұрады.
8. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға бағыттайды.
9. Егерде компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған соң 15 минут демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут дем алады.
10. Компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.