Елбасы Н. ?. Назарбаев ?аза?станны? ?лемдегі б?секеге ?абілетті 50 елді? ?атарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы ?аза?станны? б?секеге на?тылы ?абілеттілігін ?амтамасыз етуге м?мкіндік беретін аса ма?ызды ??ралдарыны? бірі» деп атап к?рсетті.
А?паратты? – коммуникациялы? технология о?у барысында компьютерді пайдалану?а, модельдеуге, электронды? о?улы?тарды, интерактивті ??ралдарды ?олдану?а, интернетте ж?мыс істеуге, компьютерлік о?ыту ба?дарламаларына негізделеді. А?паратты? ?дістемелік материалдар коммуникациялы? байланыс ??ралдарын пайдалану ар?ылы білім беруді жетілдіруді к?здейді.
Білім беру ?рдісін а?параттандыру – жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану ар?ылы дамыта о?ыту, дара т?л?аны ба?ыттап о?ыту ма?саттарын ж?зеге асыра отырып, о?у – т?рбие ?рдісіні? барлы? де?гейлеріні? тиімділігі мен сапасын жо?арлатуды к?здейді. Соларды? бірі білім беруді а?параттандыру барысында дидактикалы? ж?не о?ыту ??ралы болып компьютер саналады.
Білім берудегі интерактивті технология - м?нда?ы интерактивті с?зі - inter (бірлесу), act (?рекет жасау) ??ымын білдіреді, саба? барысында о?ушыны? топпен ж?мыс жасау?а ?атыспауы м?мкін емес, бірін - бір толы?тыратын, саба? барысында барлы? о?ушыларды? ?атысуын ?йымдастыратын о?ыту барысы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік технологияны ?олдану – заман талабы »
Компьютерлік технологияны қолдану – заман талабы
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Ақпараттық – коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін - бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық құралдарын барлық пәндерді оқытуда пайдалану керек. Компьютерлік технология келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашады, педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Бозой орта мектебі компьютерлік құрал-жабдықтармен, интерактивті тақта құралдарымен қамтамасыз етілді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру , білім сапасын көтеру мақсатында пән мұғалімдеріне сабақтарын жоспарлау барысында компьютерлік технологияны қолдануды басшылыққа алуды міндеттелінді. Мектебімізде өткізіліп жатқан әрбір іс-шара, мерекелік кештер, семинарларда ұстаздар акпараттық құрал-жабдықтарды кеңінен қолданады. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктерді пайдаланады.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану барысында ұстаздар оқушыға өз ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.
Шалқар ауданы
Бозой орта мектебі
Құрманғалиева Т.З
Шалқар ауданы
Бозой орта мектебі
информатика пәні мұғалімі
Құрманғалиева Тойған Зиноллақызы
Сабактын тақырыбы : Компьютермен танысу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды дербес компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдыққа, жаңа құрылғыларымен таныстыру арқылы ғылыми- көзқарасын дамыту.
Тәрбиелілік: компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: баяндау,көрсету,практикум
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер құрылғылары, проектор, слайд, экр
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу. Кезекшінің мәлімдемесін алу, оқушыларды түгендеу.Класс тазалығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Алғашқы электронды есептеуіш машина қалай аталды? Қай жылы жасалды?
1946 жылыАҚШ-тың Пенсильван университетінде -бірінші электронды есептеуіш ЕNIAC- машинасы жасалды. Оның салмағы 50 тонна, 18 000 мың электрондық лампасы бар, секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындаған.
2. Электронды есептеуіш машиналарының буындары.Неше буыны бар?
Даму кезеңдері
Жылы
1 буын
1946-1950 жж
Электронды вакумды шамдар
2 буын
1955-1960 жылдары
Дискретті жартылай өткізгіш
3 буын
1970 ж
Кіші және орта дәрежедегі интеграциялы (бір корпуста 100-1000 транзисторлар)
4 буын
1980ж
Үлкен және өте үлкен микропроцессор
5 буын
1990 ж
Бір мезгілде 1000 операция орындай алатын күрделі микропроцессор
6 буын
2000ж
Нейрон құрылымды оптоэлектрондық процессор
3.Компьютер сөзі қалай аударылады?
Компьютер сөзі – «есептеуіш» деген мағынаны білдіреді. Алғашқыда бұл құрылғы есептеуге арналған.
4. Компьютердің “атасы” деп кімді атаймыз?
Чарлльз Бэббидж- ағылшын ғалым26 желтоқсанда 1791 жылы дүние келген. Оны қазіргі компьютердің атасы дейді.
Чарльз Бэббидж
Үй тапсырмасын қорытындылау. Тест тапсырмалары беріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ
Дисплей - сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан да оны жиі телевизиялық техникадағыдай Монитор деп атайды.
Дисплей – компьютердің “тілі”, ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.
Дисплей электронды – сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сәулені басқаушы электрондық блоктан тұрады компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.
Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA- 320х200 пиксельді монитор деп атайды. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлерде VGA-640х480 немесе SVGA (800х600-ден
Монитор
Сұйық-кристалды.
Электронды- сәулелік түтікше
Жүйелік блок- бұл компьютердің негізгі құралы, бұл құрылғыда барлық ақпарат өңделеді. Оның тік, және жатық түрі болады.
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды.
ІҮ.Машық жұмыс.
Мәтіннің тақырыбы: “Вирусқа қарсы бағдарламалар”
1. Мәтінді пернетақтадан қатесіз теру, тыныс белгілерін дұрыс қолдану;
2. Тақырып жолын ортаға туралау (по центру), қызыл түспен жазу;
3. Тақырыпты 16 кәріппен, қалың түрімен теру;
4. Мәтінді сол жақ бетіне туралау, мәтіннің көк түске өзгерту.
Ү.Бекіту
1.Мәтіндік және графиктік ақпаратты экран бетіне шығаратын құрылғы?
2. Жүйелік блоктың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Ақпараттарды қағаз бетіне шығаруға арналған құрылғы?
4. Процессор- қандай қызмет атқарады?
ҮІ. Бағалау. Тест нәтижесі экранға шығарылады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
12-15 сұрақ дұрыс - 5
10-12 сұрақ дұрыс - 4
7-8 сұрақ дұрыс - 3
Үйге тапсырма: Компьютермен танысу
«Ғасырдың ғажап үш тірегі» апталығы.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Сондықтан кез келген білім беру саласында жаңа технологияны, мультимедиялық электрондық құралдарын барлық пәндерді оқытуда пайдалану керек. Жаңа технология келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашады, педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді жан-жақты дамыған зерек болуы- қазіргі заман талабы. Жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бір жолы – жаңа технология негіздері болып табылады. Оқушылардың шығармашылықпен айналасуына , кластан тыс пәндік сайыстар, кештер өткізудін тигізер септігі мол.
Бозой орта мектебінде политехникалық пән бірлестігінің «Ғасырдың ғажап үш тірегі» атты апталығы өтті. Бұл апталыққа математика, физика, информатика пән мұғалімдері ат салысты. Апталық информатика пәні мұғалімі Т.Құрманғалиева және физика пәні мұғалімі Н.Жумабаеваның «Математика, физика, информатика газеттер бәйгесі» атты қабырға газеттер сайысын ұйымдастыруымен басталды. Бұл сайыс 6-11 кластары қатысты. Оқушылар шығармашылықтарын, қызығушылықтарын, тапқырлығын танытты. Үш пәндерге арналып қызықты деректер, жұмбақтар, мақал мәтелдер құрастырды. Математика пәні мұғалімдері А.Қазбағанбетова және Н.Керімбаева ұйымдастыруымен «Көңілді тапқырлар» ойынын, математика пәндер мұғалімдері оқушыларға математикадан логикалық , викториналық сұрақтар тапсырып, «Құпия жәшігін» ұйымдастырды. Оқушылар өзінің жауаптарын осы жәшікке салып, жеңімпазын анықтады. МФИ пәндер бойынша 7-8 кластар арасында А.Сафина, Т.Құрманғалиева , Б.Көлжанованың «Білімділер сайысы», және қорытынды кешті 10-11 кластар арасында Р.Тлеубергенова және Н.Жумабаеваның «Ғасырдың ғажап үш тірегі» ұйымдастыруымен сайыстарын өткізді. Оқушылар бұл сайыстарда өзінің логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, әзілдерін, сөйлеу мәдениетін көрсете білді. Қорытынды кеш соңында барлық ат салысқан оқушылар «Алғыс хатпен», «Мақтау қағазымен марапатталды.