Просмотр содержимого документа
«Қоғамдағы ақпараттық үрдістер»
Сабақ жоспары
Пәні Информатика және ЕТН Курс ІІ «» Сабақ реті
Сабақ тақырыбы: Қоғамдағы ақпараттық үрдістер
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Қоғамдағы ақпараттық үрдістертақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету, икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқул.
Сабақтың әдіс – тәсілі: теориялық
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру
Оқушыларды бағалау
І. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындықтарын тексеру
Оқушыларды түгендеу
Сабақ мақсатын айту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Жаңа сабақ : ЭСТ көмейінде электрондық зеңбірек, ал түбінде люминоформен қапталған экран тұрған шыны құтыдағы электрондық вакуумдық аспап болып табылады.
Қыза отырып, электрондық зеңбірек экранға қарай үлкен жылдамдықпен қозғалатын электрондар ағынын ұшырып шығарады. Электрондар ағыны (электрондық сәулелер) люминоформен қапталған экранның белгілі бір нүктесіне бағыттайтын тоғыстырушы және ауытқытушы шарғылар арқылы өтеді. Электрондардың соққысының әрекетінен люминофор экран алдында отырған пайдаланушы көретін жарықты шығарады.
Үйірілу процесінде (экран бойынша орын ауыстыру) сәуле экран люминофорының элементарлық бөлігіне әрекет етеді де кескін пайда болады. Сәуленің қарқындылығы үнемі өзгереді де нәтижесінде экранның тиісті бөлігінің жарықтылығы өзгереді. Сәулелену өте тез жоғалатындықтан электрондық сәуле экран бойынша қайта-қайта және қайта-қайта жарықтылықты жаңарта отырып жүгіруі тиіс. Осы процесс кескінді жаңарту (немесе регенерация) деп аталады.
Мониторлардың көпшілігінде регенерацияның жиілігі, сонымен қатар тік үйірудің жиілігі деп аталады, көптеген режімде шамамен 85 Гц-ке тең, яғни кескін экранда секундына 85 рет жаңарады. Регенерация жиілігінің төмендеуі көзді өте қажытатын кескіннің жыпылықтауын тудырады. Олай болса, регенерация жиілігі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым пайдаланушы өзін жайлы сезінеді.
Монитор қамтамасыз ететін регенерация жиілігінің бейнеадаптер бапталған жиілікке сәйкес болуы өте маңызды болып табылады. Егерде мұндай сәйкестік болмаса, онда экранда кескін мүлдем пайда болмайды, ал монитор істен шығуы мүмкін.
Мониторлар экраны екі типті бола алады: дөңес және жазық. Типтік дисплейдің экраны дөңес. Мұндай құрастырылым ЭСТ-нің көпшілігіне тән (оның ішінде телекөріністік киноскоптарда да).
Әдетте экран тігінен де, көлденеңінен де майысқан болып келеді. Кейбір модельдерде (Sony FD Trinitron и Mitsubishi DiamondTron NF) экран бетініңтек көлденең қимасыбойынша шамалы қисықтығы барTrinitronқұрастырылымы пайдаланылады. Экранның тік қимасы бойынша қисықтығы нөлге тең. Мүндай экранда шағылысулар аз болады да кескіннің сапасы жақсарады. Бұл құрастырылымның кемшілігі - өндірістің жоғары өзіндік құны, ал, олай болса, бағасы да аса жоғары болады.
IV. Сабақты бекіту.
1. Электрондық вакуумдық аспап дегеніміз не?
2. Кескінді жаңарту (немесе регенерация) мағынасын қалай түсінесіңдер?
3. Регенерация секундына қанша рет жаңарады ?
4. Мониторлар экраны неше типті бола алады ?
V. Үйге тапсырма: жазған конспектіні оқып келу
VII. Оқушыларды бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.
VІІ.Пайдаланылған әдебиеттер
Жаңа информациялық техологиялар: Информатикадан 30 сабақ