Просмотр содержимого документа
«Кестелерді пішімдеу »
Қысқа мерзімді сабақ жоспары:
Сабақ жоспары № 24
Күні: «28» ақпан 2015 жыл Пәні: информатика
Сыныбы: 6 Пән мұғалімі: Туркменбаева А.А.
Сабақтың тақырыбы:Кестелерді пішімдеу
Мақсаты: Кестенің шекарасын, сызықтың мәнерін, түрін жуандығын, түсін, кестенің ішін құйып бояуды үйрену. тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін анықтау үшін топтық жұмысты ұйымдастыру. АКТ ақпаратын тиімді түрде өңдей, жеткізе білуге, өзін –өзі бағалай білу, топтық-ұжымдық жұмысқа дағдыландыру. Ақпараттық сауаттылықтарын арттыру.
Оқу нәтижелері: Кестенің шекарасын, сызықтың мәнерін, түрін жуандығын, түсін, кестенің ішін құйып бояуды үйренеді. топта жұмыстанады, АКТ ақпаратын тиімді түрде өңдеп, жеткізе алады, өзін –өзі бағалай біледі. Ақпараттық сауаттылығы артады.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс,
СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары
АКТ: интерактивті тақта,
ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау
ОҮБ: (формативті, сумативті). Бағалау парақшасы бойынша өзін –өзі бағалау.
Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.
Түйінді идеялар: Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.
Сабақ кезеңдері:
Кіріспе.
Қызығушылықты ояту. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Тренинг: «Сәлемдесу»
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Жылуымды сыйлайын.
Амандасып өзіңменен,
Қолыңды бір қысайын.
Топтастыру. Кестелермен жұмыс- Макет, Кестелермен жұмыс – Конструктор парақшалары арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.
Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан? (Жолақтың кірістіру бөлімінде)
Экспресс –кесте бұйрығының қызметі қандай? ( кестелердің дайын шаблондарын қосады)
Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжуға болады? ( меңзерді басқару пернелерімен)
Кестенің соңына жаңа жол қосу үшін қандай пернені басу керек? (Таb)
Меңзерді алдындағы ұяшыққа қалай ауыстыруға болады (Shift + tab)
Кестеге бағандармен жолдарды қандай тәсілдермен қосуға болады?
Кестедегі бағандармен жолдарды қандай тәсілдермен жоюға болады?
Кесте құрғаннан кейін мәтіндік процессор жолаққа кестлермен жұмыс істейтін қандай бөлімдерді қосады? (Конструктор және Макет )
Жолдың биіктігін, бағанның енін өзгертудің қандай тәсілдерін білесіңіз?
3.Мағынаны тану. 1 және 2 топтарға оқулықтан «Кестелерді пішімдеу» тақырыбын оқып, постерде қорғау тапсырылады. Оқушылар топта мәтінді жеке оқиды, жұпта, топта талқылайды. Постер жасайды. Екі топ бір-біріне постерлерін түсіндіреді.