5. Айналық жиекжолақтарды пайдалану керек болатын жағдайлар:
А) Парақтың екі жақ бетіне басып шығару
В) Парақтың бір жақ бетіне ғана басып шығару
С) Құжатты тарауларға бөлу
Д) Құжатты екі тең бөлікке бөлу
6. F7 пернетақтасының қызметі:
А) Қаріптің кеглін өзгертеді
В) Емле қателерін тексереді
С) Жоларалық интервалды баптайды
Д) Бетті жаңартады
7. Құжатты Алдын ала қарау және басып шығару бұйрықтары қайда орналасқан?
А) Office батырмасының мәзірінде
В) Жолақтың Басты тіркеме парағында
С) ) Office - Басып шығару батырмасының мәзірінде
Д) Жолақтың Түр тіркеме парағында
8. Тез басып шығару және Басып шығару бұйрықтарының айырмашылығын көрсетіңдер:
А) Тез басып шығару үнсіз келісім бойынша қолданылатын принтерге бірден жібереді, ал Басып шығару, басып шығару параметрлерін баптаудың сұхбаттық терезесін шығарады
В) Басып шығару үнсіз келісім бойынша қолданылатын принтерге бірден жібереді, ал Тез басып шығару, , басып шығару параметрлерін баптаудың сұхбаттық терезесін шығарады
С) Екі бұйрық та Басып шығару сұхбаттық терезесін шығарады, тек Басып шығару бұйрығын шақырғанда алдын ала қарауды пайдалануға болмайды
В) Жиекжолақтарды, теру бағытын, мөлшерлерді, қарау масштабын баптауға, құжатты басып шығару үшін жөнелтуге
С) Жиекжолақтарды, теру бағытын, мөлшерлерді, қарау масштабын баптауға, құжатты басып шығару үшін жөнелтуге, құжатты түзетіп шығуға
Д) Құжатты тек қарап шығуға
10. Басып шығару беттерінің диапазонын тағайындау үшін қолданылатын белгілер:
А) Нүктелі үтір және дефис
В) Үтір
С) Дефис
Д) Үтір және дефис
Жаңа сабақты түсіндіру.
Кесте - қатар мен бағаналарда реттелген ақпарат. Кестелер мәтіндер мен бейнелер орналасатын жолдардан, бағандардан және ұяшықтардан тұрады. Әдетте кестелер деректерді реттеу және бейнелеп көрсету үшін пайдаланылады. Мысалы:
Кесте құрудың әдістері:
1-әдіс
Кесте құру батырмасы Кірістіру тіркеме парағында орналасқан. Осы батырманы басқанда төмен қарай жайылатын терезе ашылып, тышқанмен жаңадан құрылатын кесте ұяшықтарының қажетті санын бояйды
2-әдіс
Кесте құрудың екінші жолы: Кірістіру- Кесте-Кестені кірістіру бұйрығын орындауға болады. Пайда болған терезеге кестенің бағандарымен жолдарының санын енгізіп, ОК батырмасын басамыз
3-әдіс
Кестенің суретін сызу үшін Кесте тіркеме парағында Карындаш батырмасының көмегімен салуға болады. Қарындашпен кесте сызып, қатесін өшіргішпен өшіруге болады. Карындаш пен өшіргіш Коструктор - Шекаралар сызу парағында орналасқан
Ұяшық – бұл жол мен бағанның қиылысы нәтижесінде пайда болатын объект
Деректерді енгізу және кестелердің бойымен жылжу
Кестелерді толтырғанда ұяшықтар бойымен тінтуірдің немесе меңзерді басқару пернелерінің көмегімен жылжиды. Ұяшықтан -ұяшыққа ауысу үшін Tab пернесі қолданылады. Бұл перне меңзерді кестенің келесі ұяшығына ауыстырады. Егер осы пернені меңзер кестенің соңғы ұяшығында орналасқан кезде басатын болсақ, кестеге жаңа жол қосылады. Меңзерді алдындағы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Tab пернесін басады
Экспресс-кестелер бұйрығы кестелердің дайын шаблондарын қосады. Бұл кестелер әрленіп қойған, тек мазмұнын өзгерту ғана жетіспейді.
IV.Деңгейлік тапсырмалар
А Деңгейі
Өздеріңнің апталық сабақ кестелеріңді кесте түрінде басып шығыңдар. Жолдарға сабақтардың нөмірін, ал бағандарға дүйсенбіден сенбіге дейінгі апта күндерін орналастырыңдар.
Кестені “Сабақ кестесі” деген атпен сақтаңдар
В Деңгейі
Электрондық оқулықтан тапсырмалар орындау
Сергіту сәті (Көңілді күн)
С Деңгейі
Үлі бойынша кесте сыз
a
b
c
aνb
aνc
b^c
(aνb)^(aνc)
(aνb)^(aνc)ν(b^c)
+
+
+
+
+
+
+
+
+
-
+
+
+
-
+
+
-
+
+
+
+
+
+
+
+
+
-
+
+
-
+
+
-
-
-
-
-
-
-
-
-
+
-
-
-
-
-
-
+
-
-
+
+
-
+
+
-
+
+
+
+
-
-
+
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Үйге тапсырма Оқулықтан § 22 оқу.
В деңгейі достарың туралы анықтамалық мәлімет жазу