| Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілер. Ғаламтор. |
| Сілтеме: | |
| Сабақтың мақсаты: Оқушыларға компьютерлік желілер және ғаламтор туралы түсінік беру. |
| Нәтиже: | Ғаламтор желісін қосуды үйренеді; Сыныптың локалдық жүйесіне қосылуды тексереді; Ғаламтордан ақпарат іздеуді үйренеді; Браузердердің қызметін үйренеді. |
| Түйінді идеялар: | Оқушылар компьютерлік желіні, модем, браузердің қызметін, ғаламтор желісін қолдануды үйренеді. |
| Сабақтың түрі: | Жаңа сабақ |
| Әдіс-тәсілдері: | АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту |
| Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Сәлемдесу. Ұйымдастыру. Топқа бөлу. Сабақ барысымен таныстыру. Бағалау парағын таныстыру. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру | |
| Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.) (сұрақ-жауап: «Ұяшықтағы сұрақтар» әдісі) |
| |
| Қызығушылықты ояту (2 мин.) |
| 6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Компьютерлік интернет желісі» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған. | Оқушылар зейін қойып тыңдайды |
| Мағынаны тану (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) |
| Сабақтың негізгі бөлімі (14 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Сыныпты түстер арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «Компьютерлік желілер. Ғаламтор» тақырыбын оқыту. | Оқушылар белсене қатысады. Түстер арқылы үш топқа бөлініп отырады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы «Компьютерлік желілер. Ғаламтор» тақырыбын бөліп алып оқиды. Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді. |
| Сергіту сәті. Ойсергек | Оқушылар қасындағы оқушының суретін салады. |
| Ой толғаныс (10 мин.) |
| Электронды оқулық іске қосып, тапсырмалар орындау | Оқушылар компьютерге отырып, электронды оқулық іске қосып, тапсырмалар орындайды |
| Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) | Сұрақтарға жауап береді. |
| Бағалау (2 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. |
| Үйге тапсырма (1 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Үйге 214-226 беттердегі §31. «Компьютерлік желілер. Ғаламтор» тақырыбын оқып келу. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. |
| Рефлексия (2 мин.) |
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушылар бүгінгі сабақта қатысқаны бойынша Блоб ағашын бояйды. | Оқушылар блоб ағашында тұрған оқушыларды көріп, өзі қай оқушының қасында тұрғанын бояйды. |