Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
№77 Асанбай Асқаров атындағы мектеп-лицей
(7-сыныптар арасында)
Информатика пән мұғалімі:
Джамашева Нұргүл
Шымкент 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Интеллектуалды сайыс»
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыра отыра оқушылардың ой-өрісін, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға ықпал ету.
Сайыстың міндеттері:
А) білімділік: оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, білімдерін жан
жақты дамытуға ықпал ету;
Ә) дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,
шығармашылықтарын арттыру, ой-өрісін дамытуға ықпал ету;
Б) тәрбиелік: Оқушыларды зеректілікке, шапшаңдылыққа, нәтиже
алуға және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Қашықтықтан басқару
Сайыста қолданатын әдістер:
ой шақыру, көрнекілік, интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап, жұмбақ, есептер, логикалық түрлі сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, математика, қазақ тілі, физика.
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: Интерактивті тақтаның қосымша ACTIVote, ACTIVtablet құралдарын қолдану,
слайдтар, плакат, сұрақ-жауап, дыбысты ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Интеллектуалды сайыс» әлеміне аттануға шақырамын. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдылық қасиеттерін дамыту, адамгершілікке, әдептілікке, шығармашылыққа баулу өз ойларын еркін жеткізуге дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақты сайыс түрінде өткізгенді ұйғардым.
Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге арналады.
Сайысымызға 7-сыныптардан құралған 8 оқушы «Информатика пәнінің алғырлары» сайысуға келіп отыр. Себебі, оқушының алған білімін ойын элементтері арқылы тексеремін. Ал оқушылар сіздерге сәттілік тілеймін !
Сайысқа түсетін оқушылармен танысайық.
1. Әшімбай Жанар 7Ә
2. Жұбатов Бексұлтан 7Ә
3. Бекет Әсет 7Б
4.Сабыралы Жамалхан 7Б
5. Абдирахман Нұржан 7Б
6. Айтбекова Балжан 7Б
7. Сармолдаева Мадина 7А
8. Шора Тәңірберген 7А
(Әр оқушы өзін таныстырып өтеді)
Ойын кезеңдері
1. «Ойлан тап»
2. «Суреттер сөйлейді»
3. «ACTIVote-та тест»
4. «Жеті керемет»
І. Ойлан тап кезеңі
Қарап тұрмай «Ойлан тапқа» еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Ойлан тапта , жүйріктерді көріңіз.
1-ші кезең. Шарты: (“Ойлан тапта” әр бір оқушыға 3 сұрақтан беріледі, әр сұрақ 10 ұпаймен есептелінеді. Бұл кезеңде сайыстан ешкім шықпайды.
1- ұяшық. 1 Информатика пәні қандай ғылым? (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
2. Интерфейс дегеніміз не? (адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас)
3. Ақпараттың өлшем бірлігі. (бит, байт)
2- ұяшық. 1. Байт дегеніміз не? (8 биттен тұратын код)
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі... (интерфейс)
3.Қолданбалы бағдарламалар неше топқа бөлінеді? (2)
3- ұяшық. 1. Файлдың типі неше символдан тұрады? (3)
2. Принтердің қандай түрлері бар? (лазерлік, сиябүріккіш, матрицалық, )
3. Windows қандай жүйе? (операциялық)
4- ұяшық. 1.Ақпарат ұғымы қандай сөзден шыққан (латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымды білдіретін informatio сөзінен шыққан)
2. Сигнал дегеніміз не? (оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. )
3. Монитор дегеніміз не? (ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғысы.)
5- ұяшық. 1. Ақпарат нешеге бөлінеді? (2-ге)
2. Кодттау дегеніміз не? (Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды)
3. “Компьютер” сөзі не мағына береді? (есептеуіш)
6- ұяшық. 1. ASCII коды қандай код? (- американдық апарат алмасудың стандартты коды.)
2. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (монитор, процессор, клавитаура)
3.Себет (корзина) ол... (жойылған объектілерді уақытша сақтауға арналған қапшық)
7- ұяшық. 1. ЭЕМ неше буыннан тұрады? (5 буыннан)
2. Компьютердің атасы кім? (Чарлз Бэббидж)
3. Символдық пернелер қандай пернелер? (әріп, сан енгізетін пернелер)
8- ұяшық. 1. Дискілердің түрлері? (иілгіш, қатты, компакт )
2. Компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар жүйесі ... (операциялық жүйе)
3. Файл дегеніміз не? (аты бар бірқатар байттар тізбегі.)
2-ші кезең. « Суреттер сөйлейді»Шарты: («Суреттер сөйлейді» кезеңінде ойыншыларға экранда көрсетілген 4 пәнді таңдау ұсынылады.Әр тақырып 10,20,30 санды ұяшықтарға бөлінген.Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.) Ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығарылады.
Шарт түсінікті болса ойынымызды жалғастырамыз.
Қазақ тілі
10. Піл көтере алмағанды не көтере алады? (Тіл)
20.Бейне сұрақ. Буынды не құрайды ? (дауысты дыбыстар)
30. Мына кесте бойынша тұрақты тіркесі тауып, мағынасын аш. (Бармағын тістеді - өкінді)
Информатика
10. PAINT графикалық редакторының терезесінде жоғарыда бос тұрған ұяшық белгісі қалай аталады? (меню жолы)
20. Іс жүзінде компьютердің бар жұмысын орындайтын микросхема қалай аталады? (микропроцессор)
30. Бейне сұрақ.Деректерге қарағанда, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, бұл санау құралын жапондықтар қалай атаған?(Серобян)
Математика
10. Теңдік тура болатындай амалдарды қолдан: (2+2+2):2+2=5
20. Мамасы баласына дүкенннен нан, сүт, тұқымды сатып алуды бұйырып, қағаздың ішіне ақшаны есептеп жазып , орап кетті. Баласы дүкенннен керекті заттарды сатып алып есептесуге келгенде мамасының берген 98 теңгесі жетпей қалды неге? (Өйткені мамасы 86 теңге қалдырып кеткен еді.)
30. Бейне сұрақ. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Aл 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)
Қазақстан тарихы
10.Ертедегі адамдар үңгірлерде тұрды. Үңгірлердің аузына от жағып қойды. Мұның себебі неде деп ойлайсың? (Себебі адамдар жыртқыш аңдардың оттан қорқатынын біліп, олардан солай қорғанған.)
20. Бейне сұрақ. Х-ХІІ ғасырларда сәулетті ірі діни құрылыстар салына бастады. Оны кімдер салдыртты және не үшін деп ойлайсың? (хан, сұлтандар, ислам дінінің аясын кеңейту мақсатында)
30.Ерте заманда орман маймылдарын адамдар қолға түсіруге қызыққан. Бірақ, ақылды маймылдар тірідей қолға түсе қоймаған. Маймылдан айласын асырған адамдар оның сараңдығын ескере отырып, асқабақ, пышақ, күріш арқылы оны
тірідей ұстап алған.
Сұрақ. Адамдар маймылды ұстау үшін асқабақты, пышақты және күрішті қалай тиімді пайдаланған? (Асқабақтың ішін қол сиятындай етіп ойып, ішіне күрішті салып өздері аңдып отырады. Сол кезде сараң маймыл қолын асқабақтың ішіне салып уыстап күрішті ала бергенде қолы кептеліп қалады. Осы кезде адамдар оны ұстап алып қолға түсіре білген екен.)
3 кезең «ACTIVote-та тест. Экранда көрсетілген тест сұрақтарын интерактивті тақтаның қосымша құрылғысын пайдалан отырып, жауап беру , әр дұрыс жауап 10 ұпай, ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығарылады.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
1. Қазіргі кезде кең таралған операциялық жүйе
А) MS-DOS
Б) Windows+
В) Filka
2. Қосу/өшіру батырмасы
А) Enter
Б) Power+
В) Іnsert
3. Объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы
А) жұмыс үстелі +
Б) жұмыс аймағы
В) жұмыс ортасы
4. Windows- тің негізгі экраны
А) Объект
Б) дисплей+
В) жұмыс үстелі
5. Компакт-дискілердің сиымдылығы:
А) 700 Мбайт+
Б) 720 Кбайт
В) 800 Мбайт
6. Курсордың оң жағындағы символдарды өшiру пернесi?
A) Del +
Б) BackSpace
В) Insert
7. Американдық ақпарат алмасудың стандартты коды
А) ASCII коды +
Б) Морзе әліппесі
В) екілік кодтау
8. Декодтау дегеніміз ....
А) ақпаратты кодтау
Б) ақпаратты кері кодтау +
В) құпиялау
9. Операциялық жүйелерге мыналарды жазуға болады
А)MS DOS 6.2, Windows ХР, UNIX +
Б)Qbasic , Kobol, PL/1
В)Excel 7.0, Access, FoxPro
10. Тышқан манипуляторының қызметі
А)енгізу +
Б)шығару
В)ақпаратты оқу;
4-ші кезең. Жеті керемет.
Ең қызығы жарыстың 7 керемет келді,
Мықтылары қалыпты, жеңсін енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Алға – алға арқала,
Шапшаңдыққа таң қалма
Ойын деген арпалыс
Жеңілемін деп ойлама!
Сайыстың төртінші кезеңі «Жеті керемет»Шарты: Сайыскерлерге 7 санынан құралған 7 кереметті таңдау ұсынылады. Әр дұрыс жауап 50 ұпаймен белгіленеді.Сайысты ұпайы ойыншы бастайды.
1. Мына 7 әріптерден сөз құрастыр. Ақпарат
2. Құттықтаймыз!!! Сіз жеті керемттің “7” ұпайын иемдендіңіз
3. Кемпірқосақтың түсі неге 7 түрлі? Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда, кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан сынған және тамшы бетінен шағылған, толқын ұзындығы әртүрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Оның айқындылығы мен
жарықтылығы жауын тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады.
- Қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін.
- Түстер бір-бірімен қосақталып тұр,тек жетінші түстің сыңары жоқ. Яғни, біреуі кем қосақ.Соны білген халық оны ”кем бір қосақ”деп атаған. Кейіннен айтыла келе, сингормонизмге түсіп, “кемпірқосақ” болып кеткен екен.
4. Тапқыр болсаң шешіп көр «ребус». Жеті саны
5. “Жеті” атаңды ата....
1 Немере
2 Шөбере
3 Шөпшек
4 Немене
5 Жүрежат
6 Туажат
7 Жұрағат
8 Жегжат
әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
6. Ер жігіттің жеті қазынасына не жатады? (жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік.)
7. 7 санына байланысты жер бетінде жеті нәрсе жоқ деген ел аузынан таралған пікірлер бар: құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, көлде көпір жоқ, тамда белбеу жоқ, аспанда тіреу жоқ, тауда саты жоқ, таста қалай ойлайсыз не жоқ? (Тамыр)
Олар жайлы төреші
Көрермендер өздерің
Ақ қарасын айырып
Куә болдың өздерің
Білім сайысының соңында біліммен, ұтымды жауабымен, шапшаңдылығымен жеңіп шыққан оқушы мадақталады. Белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталады. Бағалау парағы әділ қазыларға берілген.
№ | Оқушылардың аты-жөні | І-тур Ойлан тап 10 ұпай | ІІ-тур Суреттер сөйлейді 10,20,30 ұпай | III-тур ACTIVОТЕ-та тест 10 ұпай | IV-тур Жеті керемет 50 ұпай | Қорытынды |
1 | Әшімбай Жанар | | | | | |
2 | Жұбатов Бексұлтан | | | | | |
3 | Бекет Әсет | | | | | |
4 | Сабыралы Жамалхан | | | | | |
5 | Абдирахман Нұржан | | | | | |
6 | Айтбекова Балжан | | | | | |
7 | Сармолдаева Мадина | | | | | |
8 | Шора Тәңірберген | | | | | |
Информатика пәні мұғалімі: Джамашева Н.Ш