Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютерлік жүйелер мен желілер | Мектеп: №47 ЖОББМ |
Күні:05.10.2018 | Машықкердің аты-жөні: Аманкелдиева М.А. |
Сынып:6«б» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Операциялық жүйелер |
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.1 операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту |
Сабақтың мақсаттары | -Операциялық жүйелер және оның интерфейсі туралы біледі. -Операциялық жүйелер қызметін түсіндіреді, нысандарын ажыратады. -Операциялық жүйелер нысандарымен жұмыс жасайды, өмірде қолданады. |
Бағалау критерийі | - Берілген сұрақтарға мүдірмей жауап беру - Топ ішінде белсенділік танытып, сабаққа қатысып отыру. - Берілген тапсырмаларды толықтай орындау. |
Тілдік мақсаттар | Лексика:Windows, MsDOS сөздерімен танысады Терминология: Операциялық жүйе-Опепрационная Система –Operating sуstem, Интерфейс-Интерфейс- Interface, Жұмыс үстелі-Рабочий стол- Desktop, Менің Компьютерім- Мой компьютер-My computer |
Құндылықтарға баулу | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Осы Тақырыпқа байланысты терминдерді үштілде айта алады. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы–компьютермен жұмыс Кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, топтық, Жеке жұмыстарды орындау кезінде бірі –біріне көмек беру |
Пәнаралық байланыс | Ағылшын тілі, орыс тілі,қазақ тілі. Терминдердің үштілде айтылуын нақтылау |
Алдыңғы білім | Компьютердің негізгі құрылғыларының байланысы туралы біледі. Өз компьютерлерінің негізгі құрылғылары және олардың қызметі туралы айта алады |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 3 мин | 1.Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушыларды түгендеу. (Ұ,Ж) Психологиялық дайындық. «Сағат тілі» әдісі. Бұл әдісте балалар сағаттың суретін салады да, онда «12», «3», «6», «9» сандарын еңгізеді де, оларға өз сыныбындағы адамдардың атын еңгізеді. Сол еңгізген адамдармен әр түрлі бағытта амандасады. «12»-қолмен амандасу «3»-құшақтасып амандасу «6»- Иықпен амандасу «9»- көзбен амандасу | |
8 мин | Үй тапсырмасын тексеру «Таза тақта»әдісі. Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар жазып тақтаны толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады. Қ/б шапалақ әдісі | Тақта, бор |
| Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға суретті көрсетіп «Бұл не?» деген сұрақ тастаймын.Оқушылар болжам жауаптар береді. Жаңа тақырыпты жариялаймын, оқушыларды сабақ мақсаттарымен таныстырамын. | |
Сабақтыңортасы 2 мин | Оқушыларды стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлу 1-топ: Тоқсары түсті 2-топ: Ашық қызыл түсті 3-топ: Жасыл түсті Стикерді таңдаған кездео қушыларға мынадай критерия қойылады: өздеріңізге ұнаған түсті таңдау | |
Білу, түсіну 20 мин | Постер-мазмұнды сызба тәсілі (белсенді оқыту) арқылы жаңа сабақты меңгеруді ұсынамын. Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. 1-топқа: «Операциялық жүйенің негізгі атқаратын қызметі» -қызыл маркер 2-топқа: « Операциялық жүйенің интерфейс түрлері, операциялық жүйенің басқару элементтері» кесте арқылы көрсетеді-көк маркер 3-топқа: «Графикалық интерфейсті операциялық жүйенің нысандары, Пиктограмма, түсінік беріп өту» -жасыл маркер. Бұл топқа саралау әдісі бойына дереккөз ретінде интернет желісін қолдану ұсынылады. Болған соң әр топ сағат тілінің бағытымен ауыса отырып, өз топтарының маркер түсімен қателіктерін түзетеді және толықтырулар енгізеді. Қорғайды. Қ/Б: Өзара бағалау. Топтар бір-бірінің жұмысын плакаттарға смайликтер жапсыру арқылы бағалайды Сергіту сәті | стикерлер,плакаттар маркерлер, оқулық
Бейнематериал |
Сабақты қортындылау | Вilimland сайтындағы тапсырмаларды орындату | https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/operacziyalyq-zhuje-uhymy |
Үйге тапсырма: | Операциялық жүйелердің негізгі міндеті, мүмкіндіктері жайында оқып,жазып келу. | |
Сабақты бағалау | | |
Әдіскер: Сентаева А.Б.