Жаңа сабақ түсіндіру. Компьютерлік желі-бұл компьютердің және арнайы құрылғылардың ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін біріктірілуі. Сыныпта компьютер жергілікті желіге біріктіріледі. Аймақтық немесе корпоративтік желі бір аудан, қала немесе мекемелер компьютерін бір желіге біріктіреді. Егер компьютерлерді, жергілікті желілерді өзара байланыстырсақ, дүниежүзілік желі пайда болады. Ең танымал және белгілі дүниежүзілік желі-ғаламтор. Компьютердің қандай желіге қосылғанын анықтау үшін Пуск=Басқару панелі=Желі және Ғаламтор бұйрығын орындаймыз. Браузер программасы қолданушыға желімен алмасудың кез келген түрін қамтамасыз етеді. Браузерлер Ғаламтор желісінің бастапқы даму кезеңінде пайда болған. Браузерлер суреттерді көрсете бастағанға дейін мәтіндік үлгіде жасалынды. Қазіргі кезде кеңінен танымал болған браузерлер: Internet Explorer Mozilla Firefox Opera Google Ghrome Safari
Әрқайсысы көптеген қызметтер атқарады. Тұтынушының негізгі қажеттіліктерін кез келген браузер қанағаттандыра алады, олар тек маңызды емес қызметтермен ерекшеленеді. Қандай браузер қолдансақ та қарапайым ережелерді сақтау керек: Қауіпті сілтемелерге ауыспаңдар; Қауіпті файлдарды көшірмеңдер; Таңдалған браузерлерді үнемі жаңартып отырыңдар; Антивирустың жұмысын бақылап отырыңдар. Windows операциялық жүйесін орнатқанда онымен бірге Internet Explorer браузері орнатылады.
Ғаламтор
Қызметтер (сервистер)- Internet желісі серверлері көрсететін қызмет түрлері. World Wide Web- әлемдік тор –графика, дыбыс, видеоны қамтитын гипермәтіндік құжаттарды іздеу және қарастыру қызметі. E-mail- электрондық почта – электрондық мәліметтер беру қызметі. Блок (немесе ғаламтор күнделік) – құрушы қосатын жазбалардан тұратын webсайт. Ол мәтін, бейнелер немесе мультимедиа болуы мүмкін. Блок жүргізетін адамдарды блогерлер деп айтады. Электрондық почта- байланыстың жылдам тәсілі, бірақ ол хатты безендіруді немқұрайлы қарау деген сөз емес. Сендер ұстануға тиісті қарапайым ережелер бар: Қысқа хабарламаларды назар аударып, ықылас білдірмей-ақ қалдыруға болады, бірақ ресми хаттарды міндетті түрде адрес иесіне салем жолдап, оның аты-жөнін көрсетіп бастаған жөн; Сөйлемдерді, есімдерді, атауларды міндетті түрде бас әріппен бастаңдар; Тыныс белгілерін қойыңдар, хаттың бір бөлігін екіншісінен ажырату үшін бос жолдарды пайдаланыңдар; Сауатты, қисынды жазуға тырысыңдар.
ІV. Практикалық жұмыс. Пуск=Басқару панелі=Желі=және Ғаламтор бұйрықтарын орындаңдар. Интернет істеп тұр ма? Істеп тұрса барлық орындаған бұйрықтарды жауып, браузерді іске қосыңдар. Қосылған браузерден «Жеті керемет туралы » мәлімет және суреттерімен іздеп табу. www.mail.kz порталын ашамыз. Логин мен пароль (латын әріптерінен )құрып электронды почтадан өз әлемімізді құрамыз. VI. Сабақты бекіту сұрақтары: Компьютерлік желі дегеніміз не? Браузер сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді? Қандай браузерлерді білесіңдер? Алғашқы байланыс сеансы қай жылдары болды? WWW қандай қызмет атқарады? Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығу(анимация) VII. Сабақты қорытындылау. 1.Егер мен робот болсам 2.Егер мен хаккер болсам |