kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аламтор ж?не ?леуметтік желілерді? пайдасы мен зияны.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: ?аламтор ж?не ?леуметтік желілерді? пайдасы мен зияны.

Ма?саты:
Б?кіл?лемдік ?рмек – интернетке байланысты о?ушыларды? білімдерін ны?айту, тияна?тау; п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру. О?ушыларды? интернет туралы толы? ой ?алыптастыру, о?ушыларды? тап?ырлы?, ізденімпазды? ?асиеттерін ?алыптастыру, шы?армашылы??а баулу, о?ушыларды? ой - ?рісін, тіл байлы?ын, есте са?тау ?абілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника ?ауіпсіздігін са?тау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: Пікір – сайыс

Саба?ты? ?дісі: с?ра? - жауап /ситуация ту?ызу, шешу жолын айту, на?ты д?лелдер келтіру/

Саба?ты? к?рнекілігі: та?ырып?а байланысты дидактикалы? материалдар, мультимедиа ??ралдары (к?шіру)

Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і
М??алім с?зі:
?айырлы к?н, ??рметті ?стаздар мен о?ушылар! Б?гінгі та?да ?аламтор жас?спірімдерді? айырылмас серігіне айналды. Оны? пайдасына, ?рине, с?з жо?. М?селен, керек деген м?ліметтерді? барлы?ын ?аламтор беттерінен о?ай табасын. Дегенмен, пайдасымен ?атар зияны да жо? емес. М?ны жас?спірімдерді? ?здері де ?те жа?сы біледі. Со?ан ?арамастан ?аламтор?а ??ілуден еш жалы?ар емес. Неліктен?
М?селен,жас?спірімдерді?  алтын уа?ыттары ?аламторда отырумен ?теді. Б?дан олар?а  келер пайда бар ма? Адамдар ?здерін ?аламторсыз елестете алмайды. ?азіргі та?да жастарды? айы?пас дертіне айнал?ан б?л м?селеден ??тылар жол бар ма?

 К?птеген т?тынушылар компьютерді? бірсыпыра ?те пайдалы м?мкіндіктері бар екендігіне к?здерін жеткізді. Ол м?тін теру, ?р т?рлі есептер шы?ару, к?лемді м?ліметтер са?таумен ?атар к??іл к?теру ма?саттарында да ?олданыла береді. ?ажетті ??рыл?ылармен ж?не солар?а с?йкес программалармен жабды?тал?ан компьютер музыкалы? орталы??а айналып, с?йікті саздары?ызды ты?дай отырып дем алуы?ызды ?амтамасыз ете алады. Егер ?ызы?ты кино к?ргі?із келсе де, компьютер негізінде ша?ын кинотеатр жасап алу?а болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті ?зі?із т?сіріп цифрлы к?йге т?рлендірген бейнежазбаларды да к?ру ма?сатында пайдалана аласыз. Ж?мыс істеп т?р?ан компьютер ?з айналасында тол?ын ?зынды?ы 1, 5 м болатын электромагниттік ?ріс ??райды, сол ?ріс аясына т?скен адам зиянды с?уле ?серіне ?шырайды. Осындай с?улелерді? та?ы да бас?а шы?ар к?здері болып ?ялы телефондар, микротол?ынды пештер, теледидар ж?не радио?абылда?ыштар саналады. Осындай ??ралдарды компьютер т?р?ан ж?мыс б?лмесіне орналастырып, оларды пайдалану д?рыс емес, ?йткені барлы?ыны? да адам?а тигізетін ?сері ?осыла отырып, жалпы зияны артады. Ал оларды? денсаулы??а тигізетін зиянды ?сері радиация т?різді бірте - бірте ?осыла келе к?бейіп отырады. Компьютер алдында ?за? отыр?анда, к?бінесе оны? адамны? нерв ж?йесіне ?сер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте - бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамны? ашуланша? болуы бай?алады, басы айналады, ?рі ауыра бастайды

 

 

 


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аламтор ж?не ?леуметтік желілерді? пайдасы мен зияны. »


Тақырыбы: Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны.


Мақсаты:
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пікір – сайыс

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары (көшіру)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі таңда ғаламтор жасөспірімдердің айырылмас серігіне айналды. Оның пайдасына, әрине, сөз жоқ. Мәселен, керек деген мәліметтердің барлығын ғаламтор беттерінен оңай табасын. Дегенмен, пайдасымен қатар зияны да жоқ емес. Мұны жасөспірімдердің өздері де өте жақсы біледі. Соған қарамастан ғаламторға үңілуден еш жалығар емес. Неліктен?
Мәселен,жасөспірімдердің алтын уақыттары ғаламторда отырумен өтеді. Бұдан оларға келер пайда бар ма? Адамдар өздерін ғаламторсыз елестете алмайды. Қазіргі таңда жастардың айықпас дертіне айналған бұл мәселеден құтылар жол бар ма?
Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді. Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсаттарында да қолданыла береді. Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады. Егер қызықты кино көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер, тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейнежазбаларды да көру мақсатында пайдалана аласыз. Жұмыс істеп тұрған компьютер өз айналасында толқын ұзындығы 1, 5 м болатын электромагниттік өріс құрайды, сол өріс аясына түскен адам зиянды сәуле әсеріне ұшырайды. Осындай сәулелердің тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар, микротолқынды пештер, теледидар және радиоқабылдағыштар саналады. Осындай құралдарды компьютер тұрған жұмыс бөлмесіне орналастырып, оларды пайдалану дұрыс емес, өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін зиянды әсері радиация тәрізді бірте - бірте қосыла келе көбейіп отырады. Компьютер алдында ұзақ отырғанда, көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады. Ауру бірден басталмайды. Бірте - бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады, басы айналады, әрі ауыра бастайды. Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды, жүрегі сыздап, жиі - жиі салқын тиіп, тәбеті де нашарлайды. Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, оқушылар арасында кеңінен қанат жайып кеткен агент төңірегінде болмақ.







ІІ. Пікірталас шарттары:

1/ Компьютер мен ғаламтордың пайда болуы жайлы.(1 - жақтаушы, 2 - даттаушы) 3 - минуттан 6 минут.
2/ Ғаламтор досымыз ба, әлде жауымыз ба? ( 2 - жақтаушы, 2 - даттаушы) 3 - минуттан 6 минут.
3/ Спикерлердің қорытынды сөзі. (3 - жақтаушы, 3 - даттаушы) 5 минуттан 10 минут.
4/ Қорытынды сөз. (мұғалім)
5/ Көрермендер пікірі, тілегі.



















Сөз кезегін бүгінгі сайыскерлерімізге береміз. Ендігі кезекте топ мүшелерімен таныстырып өтелік:
«Жақтаушы» тобының спикерлері: (5-6 оқушы)
«Даттаушы» тобының спикерлері: (5-6 оқушы)






1.«Жақтаушы» тобының спикері ---------------------
Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен Ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес. . Бұл заттың күшімен көптеген тығырықтардан шығуға болады. Мәселен, керек деген ақпараттарың жайында көзді ашып жұмғанша жауап аласың. Сонымен қатар, дүниенің кез-келген нүктесінен адамдардың бір-бірімен оңай хабарласуы.
Кез келген адам күніне 6 - 7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып - ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор» деген ұғыммен алмастырылды». Қазіргі кезде Ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық - талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.
Бұл күнде Ғаламтор тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2.«Даттаушы»тобының спикері - Дария:
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Ғаламтор пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда Ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Жаңа сен бір сөзіңде «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады деп айтып кеттің. Мүмкін дұрыс та шығар. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, «ақылды машинаның алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін нашар сезініп, шаршап - шалдығады екен. Дәрігер мамандардың айтуынша, олардың денсаулығына зор нұқсан келеді. Дәрігерлер «адамзаттың басына түскен дерт пен қауіп - қатердің түп - төркіні компьютерде жатыр» деген тоқтамға келген.Рас, бүгінде жас та, кәрі де монитордан көз алмайды.
Біріншіден, компьютерден зардап шегетін адам ағзасының бір мүшесі – көз. Себебі, әрқилы түске еніп, жалт - жұлт жанатын монитор көзге үлкен күш салады. Екіншіден бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы.
Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

Компьютер зияны

















Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.Компьютер зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:

  • Көздің көру қабілетін төмендетеді;

  • Омыртқалардың қисаюына әкеледі;

  • Жүйкеге салмақ түсіреді;

  • Шаршағыштық, әлсіздік басады.

Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.

Мұғалім: Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата - аналар тәулік бойы балаларының тыныс - тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Ғаламтор өмірімізге енбей тұрып-ақ, көптеген зиялы адамдар кітап беттерімен жұмыс жасап, іздену мен еңбектену нәтижесінде де көптеген жаңалықтар ашты емес пе? Онда біз жасөспірім, неге ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп келеміз. Шын мәнінде ерінбей, өз ізденісіміздің нәтижесінде, көптеген жетістіктерге, ғаламтордың көмегінсіз-ақ қол жеткізе аламыз емес пе. Олай болса, еңбектенуден еш жалықпайық... Ал ғана пайдаланайық.

















Теректі ауданының кешкі мектебі









Сыныптан тыс шара



Тақырыбы:

Ғаламтор және әлеуметтік желілердің

пайдасы мен зияны (пікірталас)

























Өткізген: информатика пәнінің мұғалімі

Габдуллина А.А.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аламтор ж?не ?леуметтік желілерді? пайдасы мен зияны.

Автор: Габдуллина Асель Амангельдиевна

Дата: 01.04.2015

Номер свидетельства: 195139


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства