kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дербес компьютердің құрылысы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Есептеуіш техниканың даму барысында қазіргі заман талабына сай дербес компьютердің құрылғыларын терең түсіндіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дербес компьютердің құрылысы.»

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:   Есептеуіш техниканың даму барысында қазіргі заман талабына сай дербес компьютердің құрылғыларын терең түсіндіру.

2.Дамытушылық: Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып оқушылардың сауаттылықтарын, ойлау қабілетін,
пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік: Тәрбиеленген жеке тұлғаның бойына алған білімін, тәрбиесін қоғамда дұрыс пайдалана білуге үйрету және ой-өрісін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. 
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кесте, оқулық.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, кітап, дәптер, қаламдарын алуын қадағалап, сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

2.1. Есептеуіш техниканың даму тарихы

Күн бейнесі”

Күн бейнесіндегі әр шуағында көрсетілген суреттерге қарай отырып, есептеуіш техниканың даму тарихын оқушылардан сұрау.

 “Сызбаны сөйлет” Сызбадағы ЭЕМ буындарын атап шығу.

 ІІІ. Жаңа сабақ

Алдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ-нің даму тарихын қысқаша қарастырып шықтық. Бүгінгі күні дербес компьтерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған.
Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар.

Кез-келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Негізгі құрылғылары: Жүйелік блок, монитор, пернетақта, маустан тұрады. Қосымша құрылғыларына: баспа құрылғысы (принтер), сканер, модем, колонкалар, терте (джойстик) т.б. жатады.

    Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша (аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар
мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды. Компьютердің кез-келген жұмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады.

 Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микро процессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор (Pentium) «пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған
компьютерді де «Пентиум» деп атайды. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді.

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақаталады,
яғни компьютерді өшіргенше.

Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылығы ТЖҚ – бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады.

Жедел (оперативті) жадтайтын құрылығы ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.

Процессор мен ЖЖҚ – ЭЕМ-ның негізгі құрылғылары.

Монитор.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі
түсті теледидеодан аумайды,

   Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі
түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажетті ақпаратты беріп отырады. Үстел үстіне қойылатын дербес компьютерлердің көпшілігінде электронды-сәулелік түтікшеден (ЭСТ) тұратын мониторлар қолданылады. Бұндай мониторларда экрандағы кескін электрондардың ағындарынан пайда болады. Бұл электронды ағындарды монитордың ішінде орналасқан электронды зеңбірек өте жоғары жылдамдықпен экранға қарай бағыттайды. Экранның ішкі қабаты люминофор қабығымен қоршалады. Осы қабық электрондардың әсерінен жарқырап, қажетті кескінді экранда бейнелейді.

Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады.

Алғашқы түрлі түсті мониторлар 1982 жылы жасалды, оны CGA-320х200 пиксельді монитор деп атады. Ал 1984 жылы EGA-640х350 пиксельді монитор шықты. Қазіргі компьютерлер VGA(640х480) немесе SVGA(800х600-ден 1248-1024-ке дейін), SX6A(1280х1024), UX6A (1600х1200) мониторларымен жабдықталған.

Соңғы кездері сұйық кристалды(СК) мониторлар  танымал болып келеді. Бұрын мұндай жіңішке мониторлар тек
портативті және қалтаға салып жүретін компьютерлерде орнатылатын болса, қазір үстел үстіне қойылататын компьютерлер де осындай мониторлармен жабдықтала бастады.

 Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ
жоғарғы бұрышында  жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады.

функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әрпімен белгілеген.
Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді. Әр түрлі жағдайларда олар әр түрлі міндеттер атқарады.

нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері.
Курсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде
бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;

цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер осы пернені бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал егер оны тағы бір мәрте басса, онда бұл пернелер курсорды экранда жылжыту бағытын басқарады.  

Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызды осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға «Enter» (енгізу пернесі), «Delete»(жою пернесі), «Backspace» (артқа қарай өшіру), «Caps lock» (үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады.

Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру үшін  Alt+Shift (кейде Ctrl+Shift) пернелерін қатар басады

Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш)
батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті  немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Соңғы кезге дейін ішінде темір шар орналасқан механикалық тышқандар қолданылып келген болатын. Бұл тышқандардың ішінде орналасқан темір шар өзара перпендикуляр орналасқан екі шағын білікті айналдырып, компьютерге «оңға-солға» және «жоғары-төмен» деген  жылжыту сигналдарын береді. Бұл тышқандарды арасында тазалап отыру қажет болды. Қазір олардың орнына оптикалық тышқандар жиі қолданылады. Оптикалық тышқанның бұрынғы механикалық тышқаннан айырмашылығы - тышқанды жылжытатын ауыр шариктер мен ролик біліктерінің болмауы. Бұл тышқандардың ортасында орналасқан арнайы жарық сәулелері кілемшенің бетіне шағылысып, экрандағы тышқанның курсорын жылжытатын
арнайы командаларға ауысады.  

Сабақты қорытындылау:

Семантикалық карта бойынша оқушылардың сұраққа жауап беру арқылы қорытындылау.

  1. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар.

  2. Компьютер жадының қандай түрлерін білесіңдер?

  3. Монитордың түрлерін атаңдар.

  4. Пернетақтаның қандай блоктары бар?

  5. Маустың түрлерін атаңдар.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 2.2-Тақырып. Дербес компьютердің құрылысын оқып, меңгеріп келу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Дербес компьютердің құрылысы.

Автор: Бақытжанова Еркегүл Бақытжанқызы

Дата: 14.03.2017

Номер свидетельства: 400057

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "практикалы? саба? "Дербес компьютер. Компьютерді? ??рылысы""
    ["seo_title"] => string(55) "praktikalyksabakdierbieskompiutierkompiutierdinkurylysy"
    ["file_id"] => string(6) "284705"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454007155"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Дербес компьютер. Компьютерді? ??рылысы"
    ["seo_title"] => string(39) "dierbieskompiutierkompiutierdinkurylysy"
    ["file_id"] => string(6) "287756"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454520654"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Дербес компьютер. Дербес компьютерді? ??рылысы "
    ["seo_title"] => string(55) "dierbies-komp-iutier-dierbies-komp-iutierdin-k-u-rylysy"
    ["file_id"] => string(6) "195315"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427894717"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Аналы? та?шаны? ішкі ж?не  сырт?ы интерфейсі "
    ["seo_title"] => string(51) "analyk-tak-shanyn-ishki-zh-nie-syrtk-y-intierfieisi"
    ["file_id"] => string(6) "228080"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441100737"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жад."
    ["seo_title"] => string(48) "komp_iutierdin_apparattyk_k_amtamasyz_ietui_zhad"
    ["file_id"] => string(6) "379108"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484371619"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства