Просмотр содержимого документа
«Болашақ информатик»
Сабақтың тақырыбы: “Болашақ информатик”
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдылық қасиеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру, информатика пәнін басқа сабақтармен байланыстыру.
Сабақтың типі: жарыс сабақ
Сабақтың түрі: білім – сайысы
Көрнекіліктері: Интербелсенді тақта, плакат, ДК.
Сабақтың барысы:Құрметті көрермен қауым! Оқушылар! Ұстаздар! Бүгінгі “Болашақ информатик” атты сайысымызға қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысқа қатысатын, өз өнерлерін, білімдерін сынасқалы тұрған оқушыларды ортаға шақырып, ойыншыларымызды бүгінгі сайыстың шартымен таныстырамын. Сайысқа үш топ қатысады. Топ құрамында 3 адамнан тұрады. Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. “Өзім туралы” топтардың таныстыруы.
2. “Болашақ компьютер” атты шығармашылық тақырып.
3. Сұрақ-жауап. “Бәйге”
Мәліметті енгізу пернесі? (Enter).
Принтердің неше түрі бар? (3 түрі бар).
Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға? (Провайдер).
Билл Гейтс алғашқы программасын неше жасында құрды? ( 13 жаста).
Интернет желісі қай жылы пайда болды? (1969 жылы).
Интерфейс деген не?
(Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тәсілін айтамыз).
“Көбеюге” және басқа программаларға “жұғуға” қабілетті шағын компьютерлік программа қалай аталады? (Вирус)
LAPTOP қандай компьтер? (Тізбелік)
“Компьютердің атасы” деп кімді атаған? (Чарлз Бэббидж)
ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5)
Ұпай аз топ ойыннан шығарылады.
4. “Қатені тап”
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.
Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарды сақтаймын
Жауабы: 8 қате жіберілген
1. Монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет.
2. Әріптер пернетақта арқылы теріледі.
3. Сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылыды.
4. Компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады.
5. Мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады.
6. Ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек.
7. Құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады.
8. Плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы.
2. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меніңше, сурет салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторы шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын. Оған қоса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық .bmp форматында сақтаймын.
Жауабы: 3 қате жіберілген
1. Word графикалық редактор емес.
2. Word-та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес.
Бұл құралдың жасы 2000-5000 жылдар шамасы. Бұл құралды гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан» деп, жапондықтар «серобян» деп атаған.
Жәшіктің ішінде қандай құрал бар? Жауабы: Есепшот
6. Сөздің тұздығын тап.
Берілген 5 сөйлем бойынша белгілі мақал-мәтелдерді табу.
Мысалы: Егер жұмысты асықпай істесең, тез бітіресің.
Жауабы: “Асықпаған арбамен қоянға жетеді”.
1. Егер бірнеше істі бір уақытта істесең ештеңе шықпайды.
“Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді”
2. Егер бар нәрсеңе қанағат тұтпасаң, барыңнан айырыласың.
“Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыпты”
3. Егер жұмыс істемесең аш қаласың.
“Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”
4. Адам болу қиын мамандықтың бірі.
Адам бола білу – ең қиын мамандық.
5. Адам тірлік істеймін десе, қолынан келмейтін іс жоқ.
Адамның қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ.
7. «Бұл кім?» сайысы
Оқушыларға және қатысып отырған көрермендерге ғалымдардың суреттері ұсынылады. Суретте кім бейнеленгенін айтып беру керек.
Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалды. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған.
(Сергей Алексеевич Лебедев)
2. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын “Аналитикалық машина” жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды.
(Чарлз Бэббидж)
3. ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты.л кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады.
(Герман Холлерит)
4. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы.
(Ада Лавлейс)
5. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
(Блез Паскаль)
6. Қазіргі таңда бұл адам атақты “Microsoft” компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған.
(Билл Гейтс)
Қорытындылау: Әр бөлімнен кейін ұпайлар беріліп отырады, қай топ көп ұпайға ие болса сол топ “Болашақ информатик” жарыс сабағында ойынының жүлдегерлері болып есептеледі.