Просмотр содержимого документа
«Блокнот программасын іске қосу»
Тақырыбы: «Блокнот программасын іске қосу»
Мақсаты: Блокнот бағдарламасының арналуы. Программаны іске қосу. Көшіру мен кірістіріп қою командалары. Мәтінді пішімдеу. Калькулятор қолданбасында жұмысқа дағдылану.
Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, ой қозғау, ойға шабуыл, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ; Компьютер;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа бетбұрыс, оқушы назарын аудару, сабақ мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар таратамын: жасыл карточка алған оқушылар ауызша, қызыл карточка алған оқушылар жазбаша, ал көк карточка алған оқушылар компьютерде WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасайды.
Жасыл карточка сұрақтары:1
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде қандай қашықтықта отыру керек?
WordPad программасының атқаратын қызметі қандай?
Компьютердің негізгі бөліктеріне нелер жатады?
Қызыл карточка сұрақтары:
Құрал саймандар және пішімдеу батырмаларын қызметіне қарай сәйкестендір.
А) 1) жарты қалың әріп
В) 2) баспаға жіберу
С) 3) құжат құру
Д) 4) оң жаққа туралау
Е) 5) асты сызылған
Ж) 6) құжатты сақтау
З) ) құжатты ашу
Ребус шештіру, кілт сөзден жаңа тақырып «Блокнот» сөзі шығады.
IV. Жаңа сабақ (10 мин). Оқушыларға Блокнот шағын мәтіндік редакторы, онымен жұмыс істеу жолдары, терезенің негізгі элементтері туралы түсінік беремін.
Блокнот - өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жадтың аз көлемі қажет. Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған бағдарлама.
V. Техникалық диктант (5 мин). Техникалық диктант жазғанда оқушыларға алдын-ала дайындалып қойылған карточкаларды таратып, диктантты оқимын. Сөз қалдырып орнына көп нүкте қойылған жерлерге оқушылар өздері диктант бойына қажетті сөздерді жазып, қажетті сөздерді жазады.
IX. Бағалау.
X. Үйге тапсырма. 6.1. Блокнот және калькулятор программасы.